Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 тамызда № 11894 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Министр |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
____________ В. Школьник
2015 жылғы "___"__________
|
|
Қазақстан Республикасы |
Орманның өсу жағдайларына байланысты мемлекеттік орман қорының учаскелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Республиканың әкімшілік облыстарының шегінде орман шаруашылығы аудандары бойынша мемлекеттік орман иеленушілердің тізбесіне сәйкес бөлінеді.
1) пiсiп-жетiлген және қураған сүрекдiңдерде жүргізiлетін басты мақсатта пайдалану;
2) аралық мақсатта пайдалану (орманды күтiп-баптау мақсатында кесу, iрiктеп санитариялық мақсатта кесу және құндылығы аз орман екпелерiн, сондай-ақ қорғаныштық, су қорғау және басқа да функцияларынан айырыла бастаған екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты кесу, балауса талдар iшiндегi бiрлi-жарым ағаштарды кесу);
3) өзге де мақсаттарда кесу (жаппай санитариялық мақсатта кесу; су тораптарын, өткiзгiш құбырларды, жолдарды салуға байланысты; орман соқпақтарын және өртке қарсы жыраларды тазарту; өтiмдi қоқырсуды жинау; өзге де мақсаттарда кесу).
1) ағашты сүйретiп шығару жолы – ағаштарды, сыпталған ағаштарды немесе сортименттерді құлату орнынан ағаш тиеу бекетіне немесе ағаш тасу жолына дейін апару;
2) алқаағаш – ағаш және оған ілеспе басқа орман өсiмдiктерiнен (сүрекдiң, аласа ағаштар, өскін және топырақтың тiрi жамылғысы) тұратын белгiлi бiр шекарадағы бiртектi орман учаскесi;
3) аралас алқаағаш – екi және одан да көп ағаш тұқымдысынан тұратын алқаағаш;
4) алаңша – сүйретiп шығаратын кеспеағаш соқпағы арқылы ағаштар, сыпталған ағаштар немесе сортименттер көлiк құралдарымен сүйретiп әкетілетiн кеспеағаштың немесе мөлдектiң бiр бөлiгі;
5) ағаштың табиғи құлауы – сүрекдiңнiң жасы ұлғаюымен немесе басқа себептермен табиғи сиреуi салдарынан ағаштардың жансыздану процесі;
6) ағашты сүйретiп шығару жолы – кесiлген ағаштарды, сыпталған ағаштарды, бөрене немесе шабылған сортименттерді сүйретiп шығару жүзеге асырылатын, өскiндердiң, топырақтың және түбiрiнде қалған ағаштардың сақталуын қамтамасыз ететiн кеспеағашта ең қысқа жол;
7) әртүрлi жастағы алқаағаш – сүрекдiң жас айырмасы екі және одан көп жас сыныбындағы әртүрлі жастағы ұрпақтардың ағаштарынан тұратын алқаағаш;
8) балауса ағаш – сүрекдiңнiң өскiн пайда болғаннан бастап сырықталғанға дейiнгi алғашқы жас кезеңi;
9) басты ағаш тұқымдысы – белгiлi бiр орман өсіру және экономикалық жағдайларда орман шаруашылығын жүргiзу мақсаттарына неғұрлым толық сай келетiн ағаш тұқымдысы;
10) бiртiндеп ұзақ мерзiмдi кесу – толысу жасына жетпеген ағаштардың толымдығы кемiнде 0,4 болатын әртүрлi жастағы сүрекдiңдерде жүргiзiлетiн басты мақсатқа пайдалану үшін кесу;
11) бонитет – орман өнiмдiлiгiнiң көрсеткiшi. Өсiп-өну жағдайларына байланысты болады және басты тұқымды ағаштарының орташа биiктiгi мен орташа жасы бойынша айқындалады;
12) бiр жастағы алқаағаш – ағаштар жасындағы айырма екі жас сыныбына дейiнгi бiр жас ұрпағының алқаағашы;
13) бiртiндеп кесу – толысқан сүрекдiң бiр немесе екi жас сыныбы кезiнде бiрнеше кезекпен кесiлетiн басты мақсатта пайдалану үшiн кесу;
14) басым ағаш тұқымдысы – телiм шеқарасында алқаағаш құрамы қорының үлкен бөлiгiн құрайтын ағаш тұқымдысы;
15) биотоп – құрамы, құрылымы, шығу тегі және қоршаған ортаға әсерінің өлшемдері ұқсас сыртқы факторлардың (орман өрттері, климаттық жағдайлар) нәтижесінде қалыптасқан сүрекдің топтары;
16) вегетативтiк (бұтақшалы) алқаағаш – вегетативтік текті ағаштардан (томардан, тамыр атпаларынан және сұлатпа сабақтардан шыққан бұтақшалар) қалыптасқан алқаағаш;
17) екiншi дәрежелi ағаш тұқымдысы – басты ағаш тұқымдысымен салыстырғанда шаруашылық және экономикалық жағынан құндылығы төмен ағаш тұқымы;
18) ерiктi-iрiктеп кесу – басты мақсатта пайдалану үшiн кесу, онда бiрiншi кезекте сүректi уақтылы пайдалану және орманның қорғаныштық қасиеттерiн сақтау үшiн ұзақ тұрған, қураған, өсуi шабан толысқан ағаштар кесiледi;
19) жоғарғы қойма – кеспеағашта немесе оған тiкелей жақын маңда орналасқан, дайындалған сүрек кеспеағаштан тасып әкелiнетiн, сыпталған ағаштарға немесе сортименттерге арналған тиеу алаңы;
20) жаппай кеспеағаш кесу – басты мақсатта пайдалану үшiн кесу, мұнда кеспеағаштағы бүкiл сүрекдiң бiр кезекте кесiледi;
21) жайылма ормандар – уақытша су басып қалатын өзен жазықтарында өсетiн ормандар;
22) жаппай кеспеағашты тарлап кесу – басты мақсатта пайдалану үшін кесу, мұнда ағашы кесiлген жерлердi кейiннен орман шетiнен тұқымдануы есебiнен табиғи жолмен қалпына келтiру мақсатында кеспеағаштың енi таулы ормандарда 50 метрден артық емес, жазық ормандарда – 40 метрден артпай белгіленеді;
23) интрааймақ ормандары – дербес аймақ құрмайтын, тек бір немесе бiрнеше аймақтар ормандарының құрамына енгiзiлген ормандар;
24) кеспеағаш – кесудің барлық түрі үшін бөлінген немесе кесіліп жатқан орман учаскесі;
25) кеспеағаштың ықтырмалы жанасуы - кезектi кеспеағаш оның екі немесе үш еселi енiне тең орман жолағы арқылы орналасатын кеспеағаштардың жанасуы;
26) кесу қарқыны – iрiктеп және бiртiндеп кесудiң және күтiп-баптау мақсатында кесудiң кезектi кезеңiн жүргiзу кезiнде таңдап алынатын сүрекдiң қорының үлесi (пайызбен);
27) кеспеағаштың бағыты – кеспеағаштың ұзын жағының орналасуына байланысты;
28) кесу бағыты - кеспеағаштың ұзын жағының жарық жақтары бойынша орналасуы;
29) күрделi алқаағаш – ағаштары екі және одан да көп қабат құрайтын алқаағаш;
30) кеспеағаштың тiкелей жанасуы – кезектi кеспеағаш оның алдындағы кеспеағашпен қатар орналасатын кеспеағаштардың өзара орналасуы;
31) кеспеағаштардың жанасуы – басты мақсатта пайдалану үшiн кесу кезiнде (тiкелей, аттамалы, ықтырмалық) орман орамында немесе толысқан орман учаскесiнде кеспеағаштардың орналасу тәртiбi;
32) кеспеағаштың жанасу мерзiмi – кезектi кеспеағаш бiрiншi кеспеағашқа қатысты кесуге белгіленетiн уақыт аралығы;
33) кеспеағаштың аттамалы жанасуы – кеспеағаштың жанасуы, мұнда кезектi кеспеағаш орман белдеуi арқылы кеспеағаштың енiне тең енмен орналастырылады;
34) қарапайым алқаағаш – ағаштар бар қабатты құрайтын алқағаш;
35) қабат – алқаағаштың тік құрылымының (қабаттылығының) элементi. Алқаағашта әдетте бiр немесе екi (одан көбi сирек) қабат бөлiнiп тұрады.
36) мөлдек – көрсеткiш тетiктермен және мөлдек бағандарымен табиғи күйде шектелген ағаш кесудi ұтымды ұйымдастыруға арналған кеспеағаш бөлiгі;
37) орманның түрi – бiртектi орман өсіру жағдайлары, шығу тегінiң ұқсастығы, құрамы, топырақ жамылғысы және орман өсіру іс-шараларының ортақтығы біріктірген сүрекдіңдері немесе алқаағаштары бар учаскелердiң жиынтығы;
38) орман шаруашылығы ауданы – орман шаруашылығын жүргiзудiң орман өсiру-техникалық тәсілдерi бірдей және табиғи-экономикалық жағдайлары айтарлықтай бiртектi аумақ бөлiгi;
39) орманның алдын-ала түлеуі – сүрекдің шымылдығы астындағы табиғи түлеу (кесу жүргізілгенге дейін);
40) өртең – алқаағашы өртенiп кеткен, ал орманның жаңа ұрпағы әлі құрыла қоймаған орман алқабы;
41) сүрекдiңнiң толымдылығы – нақты және қалыпты (стандартты кестелер бойынша 1,0 оңтайлы толымдығымен) алқаағаштар қималарының аудандары сомаларының арақатынасымен айқындалатын салыстырмалы көрсеткiш. Жас шыбықтарда толымдылық ағаш шымылдығының жабылу дәрежесi бойынша айқындалады;
42) сүрекдің жасының сыныбы – сүрекдiңдердiң жас құрылымын тұқымдыға қарай сипаттау үшiн қолданылатын жас аралығы;
43) соқпақ – орман орамдарының шекарасын белгiлеу үшiн тартылған ағаштардан тазартылған ормандағы белдеулер;
44) сыпталған ағаш – бұталары мен бұтақтарынан тазартылған кесiлген ағаштың діңі;
45) тоғайлы ормандар – шөлейт аймақта өсетiн жайылма ормандар;
46) толысқан сүрекдiң – белгіленген кесу жасына жеткен сүрекдiң;
47) түбір – ағаштың тамыр бөлігі, құлатқаннан кейін оның топырақ бетінде қалған тамырға таяу биіктігі 10 сантиметрден аспайтын (ағаштар диаметрі 30 сантиметрден аспайтын кезде) немесе кесу диаметрінің 1/3 (ағаштар диаметрі 30 сантиметрден асып түсетін кезде) бөлігі;
48) түбірлі алқаағаш – өсiп тұрған жерiнiң тиiстi жағдайларында табиғи жолмен қалыптасқан алқаағаш;
49) тұқымдық алқаағаш – тұқымдық тектi ағаштардан құралған алқаағаш;
50) тау ормандары – тау жүйелерi және жергiлiктi жердiң салыстырмалы биiктiгi 100 метрден астам мөлшерде ауытқып тұратын және тау жоталарының етегiнен шыңдарына дейінгі беткейiнiң орташа көлбеулiгi 5 градустан асатын жекелеген алқаптар шегiнде, сондай-ақ жергiлiктi жердiң көлбеулiгi көлемiне қарамастан таулы үстiрттер мен қырқаларда орналасқан ормандар;
51) табиғи түлеу – табиғи жолмен орманның жаңа ұрпағының пайда болу процесі;
52) таза алқаағаш – құрамында бір ғана құраушы тұқымды бар алқаағаш;
53) туынды алқаағаш – адам қызметiнiң немесе кәдiмгi табиғи процестер нәтижесiнде түбiрлiк алқаағаш орнында қалыптасқан алқаағаш;
54) ұсақ тауарлы орман өнімі діңнің толық сүректілігі – жиналмалы текше метрдегі орман өнімі көлемінің тығыз текше метрдегі орман өніміне арақатынасы;
55) шоқ ағаштар – орман алқаағашының аумақтық жағынан оқшау қалған немесе оның ішінде әлдеқандай морфологиялық белгілерімен ерекшеленетін бір бөлігі;
56) ықтырмалы орман екпелері – ықтырмалар мен ықтырмааралық кеңістіктің белгілі бір қашықтығынан кейін алмасу түрінде отырғызылатын екпелер;
57) iрiктеп кесу – басты мақсатқа пайдалану үшiн кесу, онда толысу жасына жеткен ағаштардың бiр бөлiгi дүркiн-дүркiн кесiлiп отырады;
58) iлеспе ағаш тұқымдысы – басты тұқымды дiңiнiң өсiп-өнуiн тездетуге және пiшiнiнiң жақсаруына ықпал ететiн ағаш тұқымдылары.
Тіктілігі бойынша тау беткейлері жайпақ (10 градусқа дейiн), қиялы (11 -20 градус), тік (21-30 градус) және өте тік (31 градустан жоғары) болып бөлінеді.
Солтүстiк экспозициялардың беткейлеріне солтүстiк, солтүстiк-батыс, солтүстiк-шығыс және шығыс; оңтүстiк экспозициялардың беткейлеріне – оңтүстiк, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс және батыс беткейлер жатады.
Беткейлердің тіктілігі, егер беткейдің жекелеген учаскелерi тіктілігі бойынша 5 градустан аспайтын болса, телiмнiң төменгі шекарасынан жоғарғысына дейiн анықталады. Тіктілігі 5 градустан асатын және ағаш кесу тәсiлдерiн өзгертуге әкеп соқтыратын ұзындығы 200 метрден астам жекелеген бөлiктерiнiң айырмашылығы болған жағдайда, олардың әрқайсысы үшiн өз тіктілігі айқындалады.
Мемлекеттiк орман қорының учаскелерi сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген жағдайда кеспеағаштарды игерудің технологиялық карталарын орман пайдаланушының мамандары әзiрлеп, орман иеленушіге бекiтуге беріледі.
Жер бедерi тегiс болған жағдайда алаңшалар түзу сызықты нысаналармен бөлiнедi. Су арналарымен және сай-салалармен қатты бүлiнген учаскелердегі алаңшалардың шекарасы олар үшiн белгіленген енi сақталып, қисық сызықты болуы мүмкiн.
Жер бедерi ойлы-қырлы болған және кеспеағашты көлденең тарту мүмкiндiгi болмаған жағдайларда оларды су арналарына қатарлас бөледi.
Қарама-қарсы баурайларда да кеспеағашты бір мезгiлде бөлуге болады.
Ағаш сүйрету жолдары мен тиеу алаңдарын ерекше қорғалатын учаскелер шегiнде және су арналарының бойында орналастырмайды.
Тексеру процесiнде учаскенiң алаңы, сүрекдiңнiң жасы, құрамы және ағаш кесудiң түрi бойынша бекiтiлген жоспарға сәйкес келуi анықталады. Учаскелердiң шекарасын бөлу бойынша далалық жұмыстардың сапасы (қажет болған жерлерде нысаналарды кесу мен тазалаудың мұқияттылығы, бұрыштарда тиiстi жазбалары бар бағаналардың болуы және басқалар), таксациялық жұмыстардың орындалу дұрыстығы: ағаштардың сапалық санаттарға бөлiнуi, биiктiк разрядтардың белгiленуi және сортименттік кестелердiң таңдалуы, ағаштардың қайта есептелуi, кеспеағаштарды материалдық-ақшалай бағалау анықталады.
Мемлекеттiк орман қорының санатына, өсiп тұрған жерiнiң жағдайларына, ағаш тұқымдарының биологиялық ерекшелiктерiне, алқаағаштардың жас құрылымына, толысуына, баурайлардың құламасы мен экспозицияларына, топырақтың эрозияға қарсы төзiмдiлігіне, басты тұқымдылар өскiндерiнiң болуына және олардың жай-күйiне қарай осы Қағидаларға сәйкес басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесiлетiн жекелеген алқаағаштарда мақсаты бойынша шектеулер белгiленедi.
1) ені 100 метр, ал аралдағы қарағайлы және сексеуілді ормандарда – далалық, шөл және басқа да ормансыз (ағашсыз) кеңiстiктермен шекарасы бойынша – 200 метр орман пұшпағы, ормансыз кеңiстiктер арасында орналасқан 100 гектарға дейiнгi орман учаскелерi (шоқ ағашты ормандар ЕҚУ-ға жатпайды);
2) орманды дала және дала аймақтарының құм адырларының төбесiндегі ормандардың өте құрғақ түрлерiнiң, ормандардың ылғалды түрлерiнiң (жайылмадан басқа) учаскелерiн қоса алғанда, жыралар мен сайларда, сумен тез шайылатын және топырағын жел оңай ұшырып әкететiн жерлер шегінде өсетiн орман учаскелерi, сондай-ақ осы учаскелердiң периметрi бойынша енi 100 метр жолақтар;
3) шипажайлар, демалыс үйлерi, пансионаттар, мектеп және альпинистiк лагерьлер, туристік базалар мен басқа да емдеу және сауықтыру мекемелерi, сондай-ақ емдеу және сауықтыру мақсаттарында пайдаланылатын немесе перспективалық маңызы бар минералды су көздерi төңiрегіндегi, егер жасыл аймақтардың орман саябағы бөлiктерi бөлiнбесе, селолық елдi мекендер; көкорайлы өңiрлер, құдықтар және сумен жабдықтау үшін қызмет ететiн су ұңғылары төңiрегіндегі және құмды шөл далалардағы мал суаттары төңiрегiндегi қылқанды ормандардың 3 километр, ал жапырақты ормандардың 1 километр радиустағы орман учаскелерi;
4) шөл далалардағы газ және мұнай құбырларының қос қапталындағы ені 500 метрлiк қорғаныштық орман белдеулерi;
5) саңырау құр ойнағы төңiрегіндегі радиусы 300 метрлiк орман учаскелерi, кәмшат мекендеген өзендердің екi жағалауындағы жапырақты жайылма ормандарында енi 50 метрлік белдеулер;
6) ғылыми және тарихи құндылығы бар көне және эндемикалық тұқымдар бар орман учаскелерi, сондай-ақ арнайы орман шаруашылығы мақсатын орындайтын орман учаскелерi (орман тұқымы, жаңғақ жемiсi, бал беретiн, эталонды және артықшылығы бар алқаағаштар, артықшылығы бар ағаштар төңiрегiндегі радиусы 50 метрлiк күзетiлетiн аймақтар, генетикалық резерваттар, өздерiнiң төңiрегiнде 50 метрге дейiн күзет аймағы бар тұрақты сынақ алаңдары және басқалар);
7) құламалы жарғабақтар, шөгіндiлер, көшкін топырақты жерлер бойындағы енi 100 метрлiк орман белдеулерi, сондай-ақ кемiнде үштен бiрi тау жынысының үстiне қарай көтерiлетiн құзды-жартасты жердегі алаңда өсетiн орман учаскелерi, осы учаскелердiң периметрi бойынша енi 100 метрлiк орман белдеулерi;
8) 31 градустан жоғары беткейлерде өсетін орман учаскелері;
9) қайта реттелген карьерлер мен үйiндiлердегі ормандар;
10) туристiк бағыттардың жолдары мен соқпақтардан әрбiр жағына қарай енi 500 метрлік орман белдеулерi;
11) су айырығы жоталарын құрайтын құламалығы 20 градустан асатын баурайлардағы көлемi 2,5 мың гектардан астам су қоймасының шекарасы бойынша су айырықтарының жоталар мен желiлерiн бойлай орналасқан енi 200 метрлiк орман белдеулерi;
12) ормансыз кеңiстiктерi бар жоғарғы шекараны бойлай орналасқан енi 200 метрлiк таулы жердегі орман белдеулерi;
13) қар көшкiндерiнiң тұрақты арналарын бойлай енi 150 метрлiк және сел тасқындарының арналарын бойлай орналасқан енi 300 метрлік орман белдеулерi.
1) өзiнiң жай-күйiне қарай кесудi қажет ететiн толысқан және қураған орман учаскелерi, толық кесiлмеген ағаштар және өткен жылдардың пайдаланылмаған кеспеағаштары, шайыры ағып таусылған алқаағаштар;
2) өзiнiң өсу қабiлетiн жоғалтып бара жатқан жапырақты ормандар;
3) бiрiншi қабаттағы толысқан бөлiгiнiң толымдылығы 0,3 және одан жоғары, ал екiншi қабаттағысы – 0,4-тен кем болмайтын қос қабатты алқаағаштар;
4) кескен соң 1-2 жыл iшiнде ағашы кесілген жерлерде алдын ала екпелер немесе орман екпелерін отырғызған жағдайда шымылдығында қанағаттанарлық дәрежеде не қанағаттанғысыз түлеген (шәкiл бойынша) толымдылығы 0,3-0,5 алқаағаштар;
5) толымдылығы 0,5 және одан жоғары таза және аралас әртүрлi жастағы алқаағаштар.
1) орманды далалық және далалық аймақтардың шоқ ағашты ормандары;
2) Қазақтың ұсақ шоқылы ормандары: қарағайлы және жапырақты;
3) шағын адыр бойынша шоқ ағашты ормандардың оңтүстiк шетi;
4) жазық жерлер бойынша шоқ ағашты ормандардың оңтүстiк шетi;
5) қарағайлы орманды жалдар;
6) арал тәрізді қарағайлы ормандар;
7) шөлейттегi ормандар;
8) интрааймақтық ормандар: жайылмалы және тоғайлы ормандар.
Кеспеағаштың енi – 50 метрге дейiн немесе алқаағаш биiктігінiң екi еселiк мөлшерiнен аспайды, кеспеағаштың ұзындығы орам өлшемдерiмен шектеледi, алаңы – 5 гектардан аспайды, жанасуы – ықтырмалы (2-3 кеспеағаштан кейiн). Телiмнiң енi кемiнде 100 метрден кем болған жағдайда жанасуы – бiр белдеуден кейiн (бiр кеспеағаштан кейiн), жанасу мерзiмi – 2 жыл. Кесу жылы мерзiмге қосылмайды.
Кеспеағаштар ұзын жағымен жел басым бағытта соғатын жаққа көлденең тартылады. Ағаш кесудiң бағыты – жел басым бағытта соғатын жаққа қарсы.
Алаптың жел өтi жағында соңғы кеспеағаш кесiлгеннен кейiн 2 жылдан соң кесiлетiн кеспеағаштың енi шегiнде қорғаныштық белдеу қалдырылады.
Сүрекдiңнiң толымдылығына және ағаш өскiндерiнiң болуына қарамастан көлемi 2 гектардан 5 гектарға дейін шоқ ағаштарда олардың қорғаныштық әсерiн сақтау мақсатында жаппай кеспеағаштық кесу 2 кезекте жүргізiледi. Бiрiншi кезекте оның жел өтiндегi жартысы кесiледi. Шоқ орманның екiншi жартысы ағашы кесiлген жердi ойдағыдай қалпына келтiру және өскiннiң биiктiгі 1,5 метрден асуы үшiн қажет мерзiм аяқталғаннан кейiн iрiктеп алынады.
Ауданы 2 гектардан кем шоқ ормандар бір кезекте кесіледі.
Шоқ ағаштың кесiп алынған бөлiгі қанағаттанарлық дәрежеде қалпына келмеген жағдайда онда орман екпелері отырғызылады; алқаағаштардың екiншi жартысы олар отырғызылғаннан кейiн үш жылдан соң кесуге белгiленедi.
Түпкілікті қайыңдар мен көктеректер үшін басты мақсатта пайдалану үшін кесудің негізгі көрсеткіштері осы Қағидаларға 2-қосымшасының 1-жолында келтірілген.
Сары қараған жыңғылдары үшін басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесудің негізгі көрсеткіштері осы Қағидаларға 2-қосымшасының 2-жолында келтірілген.
Ерiктi-iрiктеп кесу тіктілігі 21-30 градус барлық экспозицияның беткейлерінде өсетін толымдылығы 0,6-1,0 орманның ылғалды, таза және құрғақ түрлерi қарағайының қарапайым және күрделi, таза және аралас бiр жастағы және әртүрлi жастағы алқаағаштарында және тіктілігі 0-20 градус тiк қияның барлық экспозицияның беткейлерінде өсетiн орманның құрғақ түрлерiнiң дәл осындай алқаағаштарында жүргiзiледi. Ерiктi-iрiктеп кесудің негізгі көрсеткіштері осы Қағидаларға 3-қосымшасының 1, 2 және 3-жолдарында келтірілген.
Толымдылығы 0,8-1,0 сүрекдiңдерде қордың 20-25 пайызы, ал толымдылығы 0,6-0,7 алқаағаштарда – 15-20 пайызы таңдап алынады. Барлық жағдайда сүрекдiңнiң толымдылығы 0,5-тен кемiмейдi. Кеспеағаш көлемi 10 гектарға дейiн.
Келесi ағаш кесу кезеңi қарапайым сүрекдiңдер толымдылығының 0,6-ға және одан көп мөлшерге немесе бiрiншi қабаттың толымдылығы 0,3 және одан көп мөлшерге жетуiне және екiншi қабаттың толымдылығы жас талдар үшін кемiнде 0,4, орта жастағылары үшін – 0,3 болып күрделi алқаағаштың қалыптасуына қарай жүргiзiледi.
Кеспеағаш енi 40 метрден аспайды, көлемi – 2 гектарға дейiн. Жанасу мерзiмi – кесу жылын есептемегенде 5 жыл. Кеспеағаштардың жанасуы – тiкелей. Кеспеағаштар ұзын жағымен жел басым бағытта соғатын жаққа қарама-қарсы, тіктілігі 10 градустан астам беткейлерде көлденең тартылады, ағаш кесудiң бағыты баурай бойынша жоғарыдан төмен қарай. Жаппай тар кеспеағаштық кесудің негізгі көрсеткіштері осы Қағидаларға 3-қосымшасының 4-жолында келтірілген.
Ағаш өскiндерiнiң болуына қарамастан толымдылығы 0,3-1,0 байырғы қайыңдар мен көктеректерде, сондай-ақ қарағай өскіні жоқ қолдан өсiрiлген сүрекдiңдерiнде осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес жаппай кеспеағаштық кесу жүргiзiледi. Кеспеағаштың ең үлкен ауданы беткейдің тіктілігі және шоқ ағаштың 2 гектарға дейiнгi көлемi ескерiле отырып белгiленедi. Тіктілігі 10 градустан асатын беткейлерде олар ұзын жағымен көлденең тартылады, кесу бағыты баурай бойынша жоғарыдан төмен қарай. Туынды екпелерде кесуден кейiнгi бiрiншi жылы қарағай екпелері отырғызылады. Жанасу мерзiмi - олар отырғызылғаннан кейiн 3-5 жыл. Қазақтың ұсақ шоқылы жапырақты ормандарда кеспеағашты жаппай кесудің негізгі көрсеткіштері осы Қағидаларға 4-қосымшасының 1 және 2-жолдарында келтірілген.
Ерiктi-iрiктеп кесу өсiп тұрған жерiнiң құрғақ жағдайларында қарапайым және күрделi, таза және аралас бiр жастағы және әртүрлi жастағы толымдылығы 0,6-1,0 қарағай алқаағаштарында жүргізіледi. Арал тәрізді қарағай ормандарында ерiктi-iрiктеп кесудің негізгі көрсеткіштері осы Қағидаларға 5-қосымшасының 1 және 2-жолдарында келтірілген.
Толымдылығы 0,8-1,0 қарапайым және күрделi сүрекдіңдерде қор бойынша iрiктеу қарқындылығы 25-30 пайызды, толымдылығы 0,6-0,7 болса – 15-20 пайызды құрайды.
Ерiктi-iрiктеп кесудi өткiзу кезiнде сүрекдiңнiң толымдылығы 0,5-тен төмендемейдi.
Кесудiң кейiнгi кезектерi қарапайым сүрекдiңдердiң толымдылығы 0,6-ға және одан көп мөлшерге жетуiне немесе бiрiншi қабаттың толымдылығы 0,3 және одан жоғары күрделi алқаағаштардың қалыптасуына, ал екiншi қабатта балауса ағаштар үшiн толымдылығы – кемiнде 0,4, орта жастағылар – 0,3-ке жетуiне қарай жүргiзiледi.
Күрделi алқаағаштарда ерiктi-iрiктеп кесу толысқан бөлiгiн сирету арқылы жүргізiледi. Екiншi қабаттың толымдылығы 0,4 және одан жоғары болған жағдайда оның қорының 50 пайызына дейiн, ал толымдылығы 0,3 болған жағдайда – 30 пайызына дейiн iрiктеп алынуы мүмкiн. Кеспеағаштың ең үлкен ауданы 10 гектарға дейiн.
Әртүрлi жастағы алқаағаштарда кесуге орманның толысқан және қурап қалған ағаштары ғана белгіленедi.
Кеспеағаштың енi – 40 метр, көлемi – 2 гектарға дейiн. Кеспеағаштардың тiкелей жанасу - мерзiмі кесу жылын есептемегенде 5 жыл. Кеспеағаштың бағыты - жел басым бағытта соғатын жаққа көлденең, кесу бағыты – жел басым бағытта соғатын жаққа – қарсы.
Қарағайдың қалпына келуi жеткiлiксiз алқаағаштарда олар алғашқы екi жылы қарағай екпелерін егу арқылы жүргізiледi.
Кеспеағаш енi 75 метрге дейiн. Жанасу тәсiлi – бiр белдеуден кейiн, жанасу мерзiмi – 3 жыл. Қалдырылған белдеулер кесуге бұдан бұрын ағашы кесiлген белдеулерде 1 гектарда 3-5 жастағы 500 данадан астам сексеуiл өскiнi болған жағдайда немесе оларды орман көмкерген жерлерге ауыстыруды қамтамасыз ететiн сандық нормативтiк көрсеткiштер болған жағдайда орман екпелері отырғызылғаннан кейiн 3-4 жылдан соң белгiленедi. Қара сексеуілдің алқаағаштарында кеспеағашта жаппай кесудің негізгі көрсеткіштері осы Қағидаларға 6-қосымшасының 1-жолында келтірілген.
Табиғи түлеудi есепке ала отырып, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу белгіленген сексеуiл тоғайларында мал жаю кесуден 5 жыл бұрын тоқтатылады және кесуден кейiн 5 жыл бойы жүргізiлмейдi.
Өскiнмен қайта жаңғырған 300-ден аз данасы бар немесе 1 гектарда 3-5 жастағы сексеуіл өскiнiнiң 500-ден аз данасы бар ағашы кесiлген жерлер қанағаттанарлықсыз түрде қайта жаңғыртылған жағдайда оларда орман екпелерін отырғызу қажет.
Аралас түрде қайта жаңғырту кезiнде тұқымдық өскiннiң жалпы санын 0,6 коэффициентке көбейтедi және бәрiн өскiн баламасымен көрсете отырып өскiнмен қайта жаңару көрсеткiшiне қосады.
Сексеуiл екпелерiнде ағаш кесу тұқым пiсiп-жетілгеннен және вегетация тоқтатылғаннан кейiн жүргізіледі:
1) жусанды-тұзды шөлейттiң солтүстiк кiшi аймағында (Алматы облысы, Жамбыл облысының шығыс бөлiгi, Солтүстiк Арал өңiрi) кеспеағаштарды табиғи қайта жаңғыртуға бағдарлау кезiнде және 1 гектарда 30 жасқа дейiнгi сексеуiлдiң кем дегенде 300 данасы немесе өскiннiң 500 данасы немесе өскiн беруге қабiлеттi даналар мен өскiндердiң қажеттi жиынтық мөлшерi болған жағдайда - желтоқсаннан наурызға дейiн;
2) оңтүстiк кiшi аймақта (Жамбыл облысының батыс бөлiгі, Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстары) - жоғарыда айтылғандар минимумнан жоғары болған жағдайда - желтоқсаннан ақпанға дейiн жүргiзiледi.
Ағашы кесiлген жерлерде алқаағаштарды жасанды жолмен қалпына келтiру кезiнде сексеуiлдi сындыру бүкiл жыл бойына жүргізіледі.
Көлемi 1 гектардан аз таксациялық телiмдер олардың пiшiмiне қарамастан кесуге тұтастай белгiленедi.
Барлық алқаағаштар үшiн кеспеағаш бағыты су арнасының басты бағытына көлденең, ал кесу бағыты - ағынға қарама-қарсы.
Өзен арнасын бойлай орналасқан телiм енi 40 метрден кем болған кезде кеспеағаштың ұзын жағы өзенді бойлай орналасады, бұл жағдайда кеспеағаштың көлемi 1 гектардан аспайтындай болып белгіленеді.
Жайылмалы екпелердегi өскiннiң барынша жақсы қайта жаңғыруын қамтамасыз ету мақсатында ағаш кесу қыркүйектен бастап сәуiр айының басына дейiн жүргiзiледi. Өскiн беру қабiлетiн жоғалтқан екпелер жаз кезiнде кесіледі. Yйеңкілік сүрекдiңдердi ағын сулар басылғаннан кейiн жаз кезiнде (тамызға дейiн) кесу белгiленедi.
Ағаш кесудi жүргiзу уақыты - қыс немесе ерте көктем.
Ағаш кесу уақыты – жаз кезiнде қар суының тасуы басылғаннан кейiн. Кесу бағыты кеспеағаштың ұзын жағы өзен арнасына көлденең орналасып, оның ағысына қарсы белгiленедi.
1) Қалба тауларының қарағайлы ормандарын, Кендi Алтайдың қою түстi қылқан жапырақты ормандарын, Оңтүстiк Алтай мен Сауырдың жапырақты ормандарын қамтитын Қазақстан Алтайының ормандары;
2) Солтүстiк Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының қылқан жапырақты- жапырақты ормандары;
3) Батыс Тянь-Шань мен Қаратаудың арша жемiстi ағаш ормандары.
Қазақтың ұсақ шоқылы тау ормандарына жазық жерлердегі ормандар мен Қазақтың ұсақ шоқылы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртiбi қолданылады.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 28.06.2024 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.