2020 жылы жұмыспен қамту саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Жылыой ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Халықты жұмыспен қамту орталығына 2020 жылы жұмыс іздеуші ретінде 4177 жұмыссыз тіркеліп, оның 2629-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, бұл орталыққа тіркелгендердің 63 пайызын құрады.
Аудан бойынша 3467 жаңа жұмыс орындары ашылды.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жыл басынан бері 352 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орнына 44 адам, жастар тәжірибесіне 102 адам тәжірибе жинақтауға және ақылы қоғамдық жұмысқа 303 адам тартылды.
Жеке бағдарламамен пробация қызметі есебінде тұрған 24 адаморталыққа жұмыс іздеуші ретінде есепке алынып, оның 2-і қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, 7-ітұрақты жұмысқа жолданды.
Аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс іздеуші ретінде тіркелгені 76 адам болса, оның 35-і тұрақты жұмысқа, 14-і қоғамдық жұмысқа, 2-і жастар тәжірибесіне жолданып, 10-іқысқа мерзімді кәсіптік қайта даярлау курсына жолданды.
Дағдарысқа қарсы шаралардың бірі - «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі». Жәрмеңке 10 рет ұйымдастырылып, оған қатысқан 319 жұмыссыздың 123-і әр түрлі мекемелерге жұмысқа орналастырылды.
«Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Олар Д.Жазықбаев атындағы №16 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары және Қосшағыл ауылдық округіндегі «көшенің жарықтандыру» жұмыстары.
Барлығы 64 жұмыс орны құрылып, оған Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 33 жұмыссыз жолданды. Мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижесінде «КварцСпецСервис» ЖШС мен «ПСК Даму» ЖШС-і жеңімпаз болып атанды.
1 жоба - Далабай Жазықбаев атындағы №16 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жобасының тапсырыс берушісі Аудандық Білім беру бөлімі, жұмыстарды атқарған мердігер мекеме «КварцСпецСервис» ЖШС-і.
2 жоба - Қосшағыл ауылдық округіндегі «көшені жарықтандыру» жұмыстары жобасының тапсырыс берушісі Аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі, жұмыстарды атқарған мердігер мекеме «ПСК Даму» ЖШС-і.
Нәтижесінде жасақталған келісім-шарттарға сәйкес қабылданған міндеттемелер заң шеңберінде толықтай орындалды.
Күні бүгінге аталған нысандардың жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.
Атқарылған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады.