Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне қарасты жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы 01.12.2020 жыл.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына сәйкес «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша жалғызбасты қарттар 8 адам, мүмкіндігі шектеулі балалар 8 бала ХҚКО- ғы арқылы «Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ- не есепке алынды. Қазақстан Республикасы Денсаулықты сақтау және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына сәйкес орталықта жалғызбасты қарттарға 7 түрлі әлеуметтік қызмет: әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік мәдени, әлеуметтік құқықтық, әлеуметтік экономикалық, әлеуметтік еңбек; мүмкіндігі шектеулі балаларға 8 түрлі әлеуметтік қызмет: әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік педагогикалық, әлеуметтік мәдени, әлеуметтік құқықтық, әлеуметтік экономикалық, әлеуметтік еңбек қызметтері көрсетілуде.