Әлеуметтік қызметтер Порталы бойынша ақпарат
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидалары негізінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) көмек көрсету мақсатында «Әлеуметтік қызметтер Порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әзірленді.
«Портал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қызметтер мен көмек беру жүйесіне қатысушыларға интернет желісінде дәйекті және өзекті ақпаратты жалғыз көзі болады деп жоспарланған.
«Портал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі тәжірбиелік пайдалануға енгізу:
-әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін қысқарту;
-қызметтер түрін және қызмете берушілерді таңдау құқығын іске асыру;
-қызметтер берушілерді анықтау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен шығару есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту;
-қызмет берушілер арасында адал бәсекелі ортаны қалыптастыру арқылы әлеуметтік қызметтердің сапасын көтеру;
-шағын және орта бизнесін (санаторий-курорттық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтар, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарын берушілер) дамытуды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, «Портал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әлеуметтік қызметтер алушылармен берушілер (арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және оңалтудың техникалық құралдарын өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар мен мамандар) бірыңғай ақпараттық алаңында біріктіріп, сапалы қызметтерге бірдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Жеке оңалту бағдарламасындағы берілген заттарды жергілікті атқарушы органдар арқылы, яғни, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары арқылы алып отырғандар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңімен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен мүгедектігі бар тұлғалар үшін әлеуметтік қызметтер мен оңалтудың техникалық құралдарының 24 - түрімен қамтамасыз ету «Әлеуметтік қызметтер көрсету Портал» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылды. Қазіргі таңда, оңалтудың техникалық құралдарының түрі 55-ке толықты.
Осы «Әлеуметтік қызметтер порталы» аудандарда қосылуына орай, 2019 жылдың 26 қарашасында №125-ө «Жұмыс тобын құру туралы» аудан әкімінің өкімімен жұмысшы тобы құрылып, «Әлеуметтік қызметтер Порталын енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің Медиа-Жоспары» бекітіліп, ауылдық округтерінде түсіндіру жұмыстары желтоқсан айында кестеге сай жүргізілген болатын.
Жалпы барлық ақпараттандыру- түсіндірме жұмыстары бөлімнің «sobes_mugedekter» инстаграм парақшасында және Жұмыспен қамту facebook әлеуметтік желілерінде жарияланған.
2021 жылдан бастап «Әлеуметтік қызметтер Порталына» жеке көмекші қызметі, ымдау тілін қажет ететін мүгедектер және санаторлы-курортқа ем алушылар тіркелуде. Сонымен қатар, міндетті гигиеналық және тифлоқұралдарына тапсырыстар берілуде. Бұл бағытта бөлімде мүгедектерге қолайлы болуы үшін «Өз өзіне қызмет көрсету бұрыштары» да қарастырылған.