Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау
2020 жылдың 1 қарашасына Жылыой ауданы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 45 отбасындағы 254 азаматқа 17,7 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Оның ішінде 20 отбасына шартсыз ақшалай көмек, 25 отбасына шартты ақшалай көмек тағайындалды.
АӘК алатын отбасылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға орта есеппен 48 балаға 2,681 млн.теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2020 жылғы 25 наурыздағы №109 бұйрығы негізінде төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезінде кейбір жекелеген санаттарға 5567 теңгеден орта есеппен 15140 адамға 84,2 млн.теңге азық-түлік және тұрмыстық жиынтығының құны тағайындалып төленді.
Аз қамтылған отбасыларының коммуналдық шығындарын өтеу мақсатында 4 отбасына 0,3 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалды.
Үйде тәрбиеленетін және оқитын 45 мүгедек балаға 1,9 млн. теңге материалдық көмек тағайындалып, төленді.
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 475 қызметкеріне 2,3 млн. теңге мөлшерінде отын сатып алу үшін біржолғы көмек төленді.