Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау 2019 жыл

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау

2019 жылы Жылыой ауданы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 813 отбасындағы 4547 азаматқа 496,7 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Оның ішінде 142 отбасына шартсыз ақшалай көмек, 671 отбасына шартты ақшалай көмек тағайындалды.

Аз қамтылған отбасыларының коммуналдық шығындарын өтеу мақсатында айдан бойынша 28 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалды. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері  559 мың теңгені құрады.

Үйден тәрбиеленетін және оқитын 54 мүгедек балаға 2,091 млн. теңге материалдық көмек тағайындалып, төленді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 429 қызметкеріне 2,145 млн. теңге мөлшерінде отын сатып алу үшін біржолғы көмек төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына жататын 2579 азаматқа 81,543 млн. теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.

 

 

Дата публикации
03 декабря 2020