Жылыой ауданындағы мәдениет мекемелерінің 2020 жылғы өткізген мәдени-көпшілік шаралары туралы мәлімет

Жылыой ауданындағы мәдениет мекемелерінің 2020 жылғы өткізген мәдени-көпшілік шаралары туралы мәлімет

 

Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Кең Жылыой» Жылыой аудандық мәдениет үйі, 11 кітапхана, 1 ауылдық мәдениет үйі (Қосшағыл ауылдық округі),  «Атамұра» аудандық тарихи өлкетану музейі (облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты) және 5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі, барлығы 19 мекеме аудан халықына тұрақты қызмет көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайларды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес, 2020 жылдың наурыз айынан бастап барлық іс-шаралар онлайн түрде ұйымдастырылды.

2020 жылдың 01 қараша жағдайында 124 шара, оның ішінде  104 онлайн,  қаралым саны 94672 болса,  шараға  қатынасқан  көрермен  саны-3680 адамды құрады.

«Кең Жылыой» Жылыой аудандық мәдениет үйі мемлекеттік мекемесі бойынша 2 үйірме жұмыс жасауда. Оған қатысушылар саны – 35.  

Халықаралық атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдары бойынша «Кең Жылыой» мәдениет үйінде 3-халықтық атағы бар ұжым мен 1-үлгілі ансамбль жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, «Жылыой» халық театры, аудандық халықтық ұлт-аспаптар оркестрі, «Жем аруы» халықтық би ансамблі, «Би-Би» үлгілі би ансамблі.

2020 жылы мәдениет мекемесіне 91 046,0 мың теңге бөлініп, 72 129,3 мың теңге игерілді.

2020 жыл, 24 қаңтар. Аудандық мәдениет үйінде Қадыр Мырза Әлінің туғанына 85 жыл толуына орай «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш шымылдығы әр қазаққа күш-жігер беріп, рухын оятатын «Атамекен» әнімен ашылды. Туған жерге деген сағыныштан туған осынау тарихы терең әннің сөзін жазғанда да Қадыр ақын болатын. Бүгінде ақынның сөзіне жазылған әндер қазақ әндерінің тарихында сақталып үлгерді. Әдеби – сазды кеш одан әрі аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

2020 жыл, 30 қаңтар. Аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі, эстрада әншісі Назгүл Жиенбаеваның «Айналайын, сахна» атты шығармашылық кеші өтті. Мақсаты: ауданға танымал әнші тұлғалардың шығармашылығын насихаттау, шығармашылық концертін ұйымдастыру. Сахна шымылдығын «Қызымын елдің» атты әнімен басталды. Одан кейін аудан әкімінің орынбасары Шәкіров Әнуар Шәкірұлы алғысхатпен марапаттап, сый сыяпат табыс етті. Шығармашылық кеш одан әрі қарай жергілікті және танымал композиторлардың әнімен жалғасын тапты.

2020 жыл, 12 ақпан. Аудандық мәдениет үйінде Үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері-2020» аудандық байқауы өтті. Мақсаты: Үш тұғырлы тіл саясатын насихттау, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық рухани бірлікті нығайту. Байқауға 14 үміткер қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша І орынды Жұмасатқызы Гүлвира, ІІ орынды Амангелдиева Аида мен Мейрамбай Гүлнұр, ІІІ орынды Мұханбетова Гүлбану, Ильясова Азида, Сағынова Мадиналар иеленді.

2020 жыл, 28 ақпан. Аудандық мәдениет үйінде 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «Рахмет саған, Отаным!» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараның шымылдығы «Көңіл ашар» фольклорлық ансамблінің «Сал домбыра» күйімен ашылды. Бұл мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау шақта құшақ жая қарсы алған дархан көңіл қазақ халқына алғыс айтады. Бұдан ауданның дамуына үлес қосып жүрген бір топ қызметкерлерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концертімен жалғасын тапты.

2020 жыл, 24 сәуір. Дәстүрлі күй өнерін одан әрі өрістету, дарабоз өнер майталмандарын жастар арасында насихаттау мақсатында @dk_kenzhylyoi инстаграм желісінде Жылыой аудандық халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің  видео жолдауы ұйымдастырылды.

2020 жыл, 4 қыркүйек. @dk_kenzhylyoi инстаграм парақшасында Қазақстан Халықтары Тілдері күніне арналған «Тіл-татулық тірегі» атты мерекелік шараның бейнебаяны ұсынылды. Мақсаты: тілдік қарым-қатынас мәдениетін насихаттау, тіл мәдениетін көтеруге арналған шаралар, шығармашылығымен танылып жүрген жастарға қолдау көрсету. Мерекелік шарада аудан өнерпаздары ән шырқап, композициялық поэзия оқыды.

2020 жыл, 10 қыркүйек. @dk_kenzhylyoi инстаграм парақшасында «Жылыой қазынасы» атты ұлттық киімдер мен ұлттық қолөнер көрмесінен бейнебаян жолданды. Мақсаты: тарихи –мәдени мұрамызды елімізде кеңінен ілгерілету, соның ішінде салт-дәстүрлерімізді, отбасылық дәстүрлерді, ұлттық киімдерімізді, дәстүрлі қол өнерімізді насихаттау. Бұл көрмеде ауданымыздың салт-дәстүрімізді бейнелейтін қолөнер шеберлері өз бұйымдарын ұсынды және аудандық музейде ұлттық киімдер, ұлттық нақыштағы құралдар көрсетілді.

2020 жыл, 30 қараша. «Кең Жылыой» Жылыой аудандық мәдениет үйінде Облыстық бас санитариялық дәрігерінің санитариялық талаптарын сақтай отырып, Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы-елдің тірегі» атты салтанатты мерекелік концерт өткізілді.

Мерекелік кеш барысында ауданы әкімі Халел Жамалұлы құттықтау сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагер-ұстаздар және әр сала қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.

2020 жылдың 01 қараша жағдайында аудандық орталық кітапхана барлығы 377 іс-шара өткізіп, 19280 оқырманды қамтыды. 2020 жылы кітапханаға келушілер саны 1000 адамға шаққанда – 230,3 құрады.

2020 жылы аудандық орталық кітапханаға 101 381,0  мың теңге бөлініп, 87 629,6 мың теңге игерілді.

2020 жылдың 01 қараша жағдайында 750 адам санымен қамтитын 12 әр түрлі деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде: 3 – облыстық, 9 - аудандық жарыстар. Аудандағы барлық тұрғындар арасында спортпен және дене шынықтырумен шұғылданатындар саны 16358 адам, жалпы белсенді халық санының 24,5% пайызын құрайды.

2020 жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне   369 410,0  мың теңге бөлініп, 256 459,9 мың теңге игерілді.

 

 

 

Дата публикации
03 декабря 2020