Жылыой ауданы бойынша 2019 жылғы өткізілген мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет
Жылыой ауданы бойынша 14 мәдени мекемелер халыққа қызмет көрсетіп келді. Атап айтқанда, «Кең Жылыой» аудандық мәдениет үйі, 11 кітапхана, 1 ауылдық мәдениет үйі (Қосшағыл ауылдық округі), «Атамұра» аудандық тарихи өлкетану музейі (облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты) аудан халқына тұрақты қызмет көрсетеді.
2019 жылдың қорытынды есебі бойынша мәдениет үйінде барлығы 158 іс-шара өткізіліп, 203830 көрермен қамтылды.
2019 жылы мәдениет мекемесіне 126 234,0 мың теңге бөлініп, 126 229,0 мың теңге игерілді.
2019 жылғы кітап қоры – 201371, келушілер саны – 29213. 1000 адамға шаққанда кітапханаға келушілер саны 350,2 құрады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша аудандық орталық кітапханада барлығы 444 шара өткізілді.
2019 жылы аудандық орталық кітапханаға 229 933,0 мың теңге бөлініп, 223 319,0 мың теңге игерілді.