Жылыой ауданындағы мәдениет мекемелерінің 2018 жылғы өткізген мәдени-көпшілік шаралары туралы мәлімет
Жылыой ауданы бойынша 20 мәдени мекемелер халыққа қызмет көрсетіп келді. Атап айтқанда, «Кең Жылыой» аудандық мәдениет үйі, 17 кітапхана, 1 ауылдық мәдениет үйі (Қосшағыл ауылдық округі) «Атамұра» аудандық тарихи өлкетану музейі (облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты) аудан халқына тұрақты қызмет көрсетеді.
2018 жылдың қорытынды есебі бойынша мәдениет үйінде барлығы 136 іс-шара өткізіліп, 204326 көрерменді қамтыды.
2018 жылы мәдениет мекемесіне 177 225,0 мың теңге бөлініп, 177 224,5 мың теңге игерілді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша аудандық орталық кітапханада барлығы 514 шара өткізілді. 2018 жылғы кітап қоры – 207087, келушілер саны – 32587. 1000 адамға шаққанда кітапханаға келушілер саны - 396 құрады.
2018 жылы аудандық орталық кітапханаға 82 272,0 мың теңге бөлініп, 82 270,6 мың теңге игерілді.