Білім саласы бойынша 2020 жыл.
Жылыой ауданы білім бөліміне қарасты ауданымызда жалпы орта білім беретін 20 мектеп бар. Онда барлығы 18316 оқушы білім алды. Осы мектеп оқушыларын білім берумен қамтамасыз етуде 464003015- жалпы білім беру бағдарламасына: оның ішінде 159 ерекшелігі бойынша 1-4 сынып арылығында 8201 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып, 302 млн. 486,0 мың.теңге қаржы бөлініп, 95 млн.503,0 мың.теңге қаржы игерілді. 163 ерекшелік бойынша 5-11 сынып аралығында аз қамтылған отбасынан 632 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып, 42 млн. 197,0 мың.теңге қаржы бөлініп, 12 млн.177 мың.теңге қаржы игерілді. Барлығы 8833 оқушыға бюджеттен 344 млн.683,0 мың.теңге қаржы бөлініп, 107 млн.680,0 мың.теңге қаржыға ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар осы аз қамтылған отбасы балаларын қолдау мақсатында 1375 оқушыға 34 млн. 375,0 мың.теңгеге киім-кешек, пандемияға кезінде қашықтықтан оқытылуға байланысты, ата-ананың өтініші бойынша байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге (роутер) 400 оқушыға 16 млн.тенге көлемінде материалдық көмек берілді.
169 ерекшелік бойынша аз қамтылған отбасы, жетім балалар, жартылай жетім оқушыларға аудан әкімінің «Қайырымдылық шыршасы» 250 балаға жоспарлануда. Елімізде орын алған пандемемияға байланысты 250 балаға «тәтті салынған» жаңа жылдық қорабтар табысталатын болады. Осы шараға бюджеттен 1 млн.теңге қаржы бөлінді.
2020-2021 оқу жылында «Алтын белгі» төс белгісімен және «Үздік» аттестатқа ие болған түлекке аудан әкімінің «Алғыс хатымен», естелік сыйлықпен марапатталды. Осы шараға 1 920,0 мың.теңге қаржы бөлініп, игерілді.
464005015 бағдарламасы бойынша 2020-2021 оқу жылында мектеп оқушыларын оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етуде 105 846 дана кітап сатып алынып, оған 179 млн.294 мың тенге қаржы жұмсалды.
464007015 бағдарламасы бойынша «Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2020-2021 оқу жылында Республикалық олимпиаданың II кезеніне» аудан бойынша барлығы 650 оқушы қатысады деп жоспарлануда. Осы олимпиададан жүлделі орындарға ие болатын оқушылар, естелік сыйлықтармен марапатталады. Бұл мақсатта бюджеттен 856 мың.теңге бөлінді.
464015015 бағдарламасы бойынша жетім баланы күтіп ұстауға 36 баланың қамқоршысына ай сайынғы төлемдер үшін бюджеттен 13 млн. 505 мың.теңге қаржы бөлініп, 11 айда 12 млн.441 мың.теңге игерілді.
464030015 бағдарламасы бойынша «патронат тәрбиешілерге» қамқорлығына берілген 2 баланы асырап бағу үшін бюджеттен 1 млн 769 мың.теңге қаржы бөлініп, 11 айда 1 млн 621 мың.теңгесі қамқоршы атан-ананың ай сайын есепшотына аударылды.