Білім бөлімінің мемлекеттік сатып алу бойынша мәліметтер 2019 жыл

Білім саласы бойынша 2019 жыл.

 Жылыой  ауданы  білім  бөліміне қарасты ауданымызда жалпы орта білім беретін  20 мектеп бар.  Онда барлығы  18015   оқушы  білім алды. Осы мектеп оқушыларын  білім  берумен  қамтамасыз етуде  464003015- жалпы білім беру бағдарламасына: оның ішінде 159 ерекшелігі бойынша  1-4 сынып арылығында 8116 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып, 283 млн. 316,0 мың.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді. 163 ерекшелік бойынша 5-11 сынып аралығында аз қамтылған отбасынан  655 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып, 53 млн. 601,0 мың.теңге қаржы, толықтай игерілді.  Барлығы 8771 оқушыға бюджеттен  336 млн.917,0 мың.теңге қаржы бөлініп, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар осы аз қамтылған отбасы балаларын қолдау мақсатында 225 оқушыға 3 млн 825,0 мың.теңгеге киім-кешек сатып алынып берілді.  Жазғы сауықтыру лагерімен  2295 бала қамтылып, 25 млн 350 мың.теңге бюджет қаржысы жұмсалды. Осы екі ерекшелік бойынша 1-4 сынып оқушылары мен ,аз қамтылған отбасы балары үшін  тегін ыстық тамаққа, киім-кешекке, сауықтыру лагеріне бөлінген бюджет қаржысы толықтай  100 пайыз игерілді.

169 ерекшелік бойынша аз қамтылған отбасы, жетім балалар, жартылай жетім оқушыларға аудан әкімінің «Қайырымдылық шыршасы» ұйымдастырылып, жылдағы шарадан  ерекше  263 балаға   банкет зал ұйымдастырылды.  Шыршада  өлең айтып, тақпақ айтқан өнерлі оқушыларға, аяз атаның дорбасынан ескерткіш сыйлықтар, тәттілер үлестірілді. Залды безендіріп, жаңа жылдық банерлер жасақталды,  263 оқушыға  «тәтті салынған»  жаңа жылдық  қорабтар табысталды. Осы мерекелік шараны ұйымдастырып қайырымдылық шыршасын өткізуге бюджеттен 3 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді.

2018-2019 оқу жылында  «Алтын белгі»  төс белгісімен  және «Үздік» аттестатқа  ие болған 30 түлекке  аудан әкімінің «Алғыс хатымен», естелік сыйлықпен  марапатталды. Осы шараға  498,0 мың.теңге қаржы бөлініп, игерілді.

464005015 бағдарламасы бойынша 2019-2020 оқу жылында  мектеп оқушыларын оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарымен қамтамасыз  етуде  221 306 дана кітап сатып алынып, оған 354 млн.361мың 195 тенге қаржы жұмсалды.

464007015  бағдарламасы бойынша «Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2019-2020 оқу жылында Республикалық олимпиаданың II кезеніне» аудан бойынша барлығы 705 оқушы қатысып, оның 241 оқушысы (I-орын 40 оқушы,  II –орын 85 оқушы, III-орын 116 оқушы)  жүлделі, орындарға ие болып естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл мақсатта бюджеттен 856 мың.теңге бөлініп, толықтай игерілді.

464015015 бағдарламасы бойынша  жетім баланы күтіп ұстауға 40 баланың қамқоршысына ай сайынғы төлемдер үшін бюджеттен  14 млн.364 мың.теңге қаржы бөлініп, игерілді.

 464030015 бағдарламасы бойынша «патронат тәрбиешілерге»  қамқорлығына  берілген 2 баланы асырап бағу үшін  бюджеттен 1 млн 616 мың.теңге қаржы бөлініп, қамқоршы атан-ананың  ай сайын есепшотына  аударылды.

Дата публикации
03 декабря 2020