Білім бөлімінің мемлекеттік сатып алу бойынша мәліметтер 2018 жыл

Білім саласы бойынша 2018 жыл.

Жылыой  ауданы  білім  бөліміне қарасты ауданымызда жалпы орта білім беретін  20 мектеп бар.  Онда барлығы  17304   оқушы  білім алды. Осы мектеп оқушыларын  білім  берумен  қамтамасыз етуде  464003015- жалпы білім беру бағдарламасына: оның ішінде 159 ерекшелігі бойынша  1-4 сынып арылығында 7816 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып, 278 млн. 744,0 мың.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді. 163 ерекшелік бойынша 5-11 сынып аралығында аз қамтылған отбасынан  842 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып, 30 млн. 769,0 мың.теңге қаржы, толықтай игерілді.  Барлығы 8658 оқушыға бюджеттен  309 млн.513,0 мың.теңге қаржы бөлініп, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар осы аз қамтылған отбасы балаларын қолдау мақсатында 425 оқушыға 6 млн 325,0 мың.теңгеге киім-кешек сатып алынып берілді.  Жазғы сауықтыру лагерімен  1298 бала қамтылып, 13 млн 770 мың.теңге бюджет қаржысы жұмсалды. Осы екі ерекшелік бойынша 1-4 сынып оқушылары мен, аз қамтылған отбасы балары үшін  тегін ыстық тамаққа, киім-кешекке, сауықтыру лагеріне бөлінген бюджет қаржысы толықтай  100 пайыз игерілді.

169 ерекшелік бойынша аз қамтылған отбасы, жетім балалар, жартылай жетім оқушыларға аудан әкімінің «Қайырымдылық шыршасы» ұйымдастырылып,   201 бала қатысты. Шыршада  өлең айтып, тақпақ айтқан өнерлі оқушыларға, аяз атаның дорбасынан ескерткіш сыйлықтар, тәттілер үлестірілді. Залды безендіріп, жаңа жылдық банерлер жасақталды,  201 оқушыға  «тәтті салынған»  жаңа жылдық  қорабтар табысталды. Осы мерекелік шараны ұйымдастырып қайырымдылық шыршасын өткізуге бюджеттен 1 млн.4 мың теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді.

2018-2019 оқу жылында  «Алтын белгі»  төс белгісімен  және «Үздік» аттестатқа  ие болған 17 түлекке  аудан әкімінің «Алғыс хатымен», естелік сыйлықпен  марапатталды. Осы шараға  348,5 мың.теңге қаржы бөлініп, игерілді.

464005015 бағдарламасы бойынша 2018-2019 оқу жылында  мектеп оқушыларын оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарымен қамтамасыз  етуде  270 180 дана кітап сатып алынып, оған 339 млн.309 мың 657 тенге қаржы жұмсалды.

464007015  бағдарламасы бойынша «Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2018-2019 оқу жылында Республикалық олимпиаданың II кезеніне» аудан бойынша барлығы 682 оқушы қатысып, оның 255 оқушысы (I-орын 45 оқушы,  II –орын 86 оқушы, III-орын 124 оқушы)  жүлделі, орындарға ие болып естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл мақсатта бюджеттен 670,0 мың.теңге бөлініп, толықтай игерілді.

464015015 бағдарламасы бойынша  жетім баланы күтіп ұстауға 37 баланың қамқоршысына ай сайынғы төлемдер үшін бюджеттен  14 млн.261 мың.теңге қаржы бөлініп, игерілді.

 464030015 бағдарламасы бойынша «патронат тәрбиешілерге»  қамқорлығына  берілген 2 баланы асырап бағу үшін  бюджеттен 1 млн 524 мың.теңге қаржы бөлініп, қамқоршы атан-ананың  ай сайын есепшотына  аударылды.

Дата публикации
03 декабря 2020