Жылыой ауданында 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерді қарау бойынша ақпарат

2026 жылдың қаңтар-ақпан айларына Жылыой ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға барлығы 520 жолданым келіп түскен (2025 ж- 670), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,3  % -ға кеміп отыр.

Мемлекеттік мекемелерге түскен өтініштердің түрлері бойынша:

  • арыз – 388 (74,6%),
  • шағым – 16 (3%),
  • сұрау салу, үн қосу, хабарлама – 76 (14,6%),
  • ұсыныс – 40 (7,6%).

 

Азаматтардың өзекті мәселелері бойынша:

ТОП -1: Тұрғын үй,  баспана мәселесі – 65 (9%); 

ТОП -2: Ауыл шаруашылық, жер  мәселелері бойынша  - 60 (11,5%); 

ТОП-3: Жұмыссыздық мәселесі - 35(6,7%).

 

Жеке қабылдаулар бойынша:

2026 жылдың қаңтар-ақпан  айлары бойынша Жылыой ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кезеңде 35 қабылдауы ұйымдастырылып, 115 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесімен 5 өтініш оң шешілді, 110 өтінішке заң талаптарына сай түсінік берілді.

Оның ішінде қаңтар-ақпан айларында аудан әкімімен 3 қабылдау ұйымдастырылып, 33 азамат жеке қабылданды. Аудан әкімінің орынбасарларымен 10 қабылдау өткізіліп, 38 адам қабылданды, аудан әкімі аппараты басшысымен 1 жеке қабылдау өткізіліп  1 адам қабылданды.  

 

Азаматтарды қабылдау орталықтары жұмысы бойынша:

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында аудан бойынша Азаматтарды қабылдау орталықтарына (АҚО-ға) келген азаматтардың саны – 297, оның ішінде:

-  кеңес алғандар  саны – 216,

- мемлекеттік органдар басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының   саны – 77,

 - АҚО-да тіркелген өтініштердің саны – 340.

 

Сондай-ақ, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жиі қойылатын сұрақтар:  

Қандай санаттағы азаматтар коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде өтініш бере алады?

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж осы елді мекенде тұрақты тұратын келесі санаттағы азаматтар өтініш бере алады:

     1.Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

     2.Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

  1. "Алтын алқа", "Күмісалқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағыналған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендері мен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады.

     4.Мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратына дамдарға;

     5.Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады.

  1. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына:

     1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

     2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

     3) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

     4) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

     5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар (бұданәрі – кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізімі);

     6) жасына байланысты зейнеткерлер;

     7) қандастар;

     8)экологиялық апаттар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

     9) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызмет атқару, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе оны жүзеге асыру, адам өмiрiн құтқару, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтысболған) адамдардың отбасылары;

10) толық емес отбасылар жатады.

  1. мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік йымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлер іжәне мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдар.

Кезекке тұру үшін өтінішті электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы KEZEKTE.KZ сайтына тіркеліп береді.

 

Іс-әрекетке қабілетсіздер деп танылған азаматқа қамқоршылық   тағайындау дегеніміз не және ол қалай рәсімделеді?

Іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат қақамқоршылық тағайындау - бұл денсаулық жағдайынан емесе басқа себептерге байланысты өз бетінше шешім қабылдай алмайтын және өз істерін басқара алмайтын адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қамқоршы тағайындалатын процесс. Бұл психикалық бұзылуларға, ауыр ауруларға немесе адамның тәуелсіз өмір сүру қабілетін шектейтін басқа жағдайларға байланысты болуы мүмкін.

Қамқоршылықты тағайындау процесі:

1) азаматты іс-әрекетке қабілетсіз деп тану адамның денсаулығы туралы медициналық қорытынды негізінде сот арқылы жүзеге асырылады. Сотқа әрекетке қабілетсіздігін растайтын медициналық құжаттар мен қоса өтініш беріледі;

2) азамат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылғаннан кейін сот қамқоршыны тағайындайды. Қамқоршы жақын туысы (мысалы -жұбайы,ата-анасы,баласы) немесе басқа адам немесе ұйым (мысалы -әлеуметтік қызметтер) болуы мүмкін. Сот, сонымен қатар қабілетсіз азаматтың(мүмкін болса) және оның туыстарының пікірін ескереді;

3) құжаттарды ресімдеу: сот қорғаншылықты тағайындау туралы шешім шығарады, ол тиісті органдарда тіркелуге тиіс. Қамқоршы өзінің қорғаншылық құқығын растайтын құжаттарды (мысалы -төлқұжат, кірістер туралы анықтамалар және т.б.) ұсынуы керек;

4) қорғаншылықты тіркеу: сот шешімін алғаннан кейін қорғаншылықты жергілікті өзін-өзі басқару органдарында немесе халықты әлеуметтік қорғау органдарында тіркеу қажет.

 

Өтініштерді қарау мерзімі қандай?

ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» бойынша өтініштерді қараудың өзінің заңдылығы бар.

Өтініштерді қарау мерзімі:

- қарау үшін ақпарат алу немесе талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;

- ақпарат алу немесе тексеру талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;

- қарау мерзімі ұзартылса өтініш берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде хабарланады. Өтінішті қарау мерзімін басшы немесе оның орынбасары ұзартады.

Егер мәселе ұзақ уақытта талап етсе, өтініш бақылауға қойылады және өтініш берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде хабарланады.

 

Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін алу тәртібі?

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 – бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырады.

Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру осы Кодекстің 43-1 бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады.

Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы конкурсты өткізуді қамтамасыз ету үшін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған жер заңнамалары талаптарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады.

Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйы

Дата публикации
26 февраля 2026