Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

2026 жылғы 04 ақпан №20

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

 

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптары және Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі, «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 06 қазандағы №06-03-17-1/904 хаты негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ.

  1. Құлсары қаласының тұрғыны Каналин Даниярдың Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Достық ықшам ауданы, 12 «г» мекен жайында орналасқан кадастрлық нөмері 04-059-005-842, тұрғын үшін берілген көлемі 0,0875 га жер учаскесінің ішінен 0,0088 га бөлігін «Құлсары қалаішілк автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 4-кезең» салу жобасын асыру іске асыруға кедергі болуына байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
  3. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2026 жылдың 30 шілдесіне дейін деп айқындалсын.

          4.7«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі (Ж.Сабыров) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2.   Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудан әкімі                                                                                          Ж.Қаражанов

 

Дата публикации
05 февраля 2026