2026 жылғы 04 ақпан №18
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптары және Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі, «Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №06-03-04-10-2178 хаты негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бахтарбаева Актолкын және Нарешев Бекболаттың Құлсары қаласы, «Орталық» ықшам ауданында орналасқан кадастрлық нөмері 04-059-007-1227 көлемі 0,0760 га жер учаскесі Құлсары қаласының бас жоспарына сәйкес Құлсары қаласы, «Орталық» ықшам ауданына орталық алаң салуға арналған жер учаскесімен беттесуіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
- Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2026 жылдың 30 шілдесіне дейін деп айқындалсын.
4.«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі (Ж.Сабыров) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Е.Нурланов