Жылыой ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілген қызметтер қорытындыланды

Жылыой ауданы  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінде 2025 жылы  мүмкіндігі  шектеулі  жандарға көрсетілетін мемлекеттік  қызметтердің қорытындысы  шығарылды.

Жыл  ішінде мүмкіндігі  шектеулі жандарға  барлығы  2819 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 373 қызмет  электронды үкімет порталы  арқылы, 1227 қызмет проактивті форматта, 1123 қызмет  мемлекеттік  корпорациясы арқылы  және  96 қызмет мемлекеттік  орган арқылы  ұсынылды.

Сонымен қатар,  бөлімде  жұмыс істейтін «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы»  арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға кеңес беру, өтінім рәсімдеу және Портал арқылы тапсырыс  беру  жұмыстары  жүргізілді. 2025 жылы аталған  бұрыш арқылы  1606 адамға қызмет көрсетілді.

«Әлеуметтік  қызметтер порталы» арқылы  мүмкіндігі  шектеулі жандар қажетті қызметтерді онлаин режимде  өз бетінше таңдап ала алады. Аталған Портал арқылы азаматтар техникалық  оңалту құралдарын, жеке көмекші, сондай-ақ басқа да  арнаулы  әлеуметтік қызметтері уақытылы алуда.

2025 жылы  мүгедектігі бар  жандар «Әлеуметтік қызметтер Порталы»  арқылы:

- 465 протез-ортопедиялық бұйым,

- 67 сурдотехникалық құрал,

- 767 санаторлық-курорттық ем,

- 155 тифлотехникалық құрал,

- 84  кресло-арбалар,

- 121 жеке көмекші қызметі,

- 30 ымдау тілі маманының қызметі,

- 915 міндетті  гигиеналық құралдар және өзге де арнаулы  әлеуметтік  қызмет түрлерін  таңдаған.

Бұдан  бөлек,  мүмкіндігі  шектеулі  жандарға түсіндірме ақпараттандыру  жұмыстары  жүргізіліп келеді.  2025 жылы  бөлімнің әлеуметтік  желісіне  46 - хабарлама жарияланған. Жергілікті БАҚ 14-мақала жарияланып, 13-дөңгелек үстел мен  11-Ашық есік күндері  ұйымдастырылған. Оның біреуі  зағип жандармен кездесу  және Орталықта есепте  тұрған ерекше балалардың ата-аналарымен кездесу.

 

 

 

Дата публикации
29 января 2026