Хабарландыру!

«Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысуға шақырамыз!

Жобаның мақсаты Құлсары қаласы аумағында:

1) аумақты көгалдандыру;

2) тротуарларды жайластыру;

3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);

5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;

7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;

8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;

 9) санитарияны қамтамасыз ету.

Жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

  • Құлсары қаласында 2027 жылға «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінімдер жинау жүргізілуде.
  • Кез-келген адам қалалық ортаны дамыту және жақсарту туралы өз идеясын ұсына алады.
  • Егер сіздің бастамаңызды дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.
  • Бір өтінім белгіленген 1 500 еселенген АЕК – тен аспауы тиіс.
  • Сіздің ұсыныстарыңызды 20 қаңтар аралығымен 1 наурызға дейін күтеміз!
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша жұмысшы орган Құлсары қаласы әкімі аппараты.
  • Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефондар: 8 (71237) 5-08-87
  • Жоба бойынша жауапты қызметкер:

Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы – Жұқатаева Әсем, ұялы телефон: 8 775 166 10 32

Дата публикации
19 января 2026