Жылыой ауданында 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерді қарау бойынша ақпарат

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына Жылыой ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға барлығы 4356 жолданым келіп түскен (2024 ж- 4454), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3  % -ға кеміп отыр.

Мемлекеттік мекемелерге түскен өтініштердің түрлері бойынша:

  • арыз – 1434 (32,9%),
  • шағым – 94 (2,1%),
  • сұрау салу, үн қосу, хабарлама – 2658 (61,0%),
  • ұсыныс – 170 (3,9%).

Осының ішінде шағымдар санының айтарлықтай өсімі байқалып отыр.

Азаматтардың өзекті мәселелері бойынша:

ТОП -1: Ауыл шаруашылық, жер  мәселелері бойынша -1006 (23,0%);  

ТОП -2: Тұрғын үй,  баспана мәселесі – 637 (14,6%);  

ТОП-3: Құрылыс, жол салу - 585(13,4%).

Жеке қабылдаулар бойынша:

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша Жылыой ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кезеңде 489 қабылдауы ұйымдастырылып, 1586 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесімен 213 өтініш оң шешілді, 1373 өтінішке заң талаптарына сай түсінік берілді.

Оның ішінде 12 айда аудан әкімімен 27 қабылдау ұйымдастырылып, 365 азамат жеке қабылданды. Аудан әкімінің орынбасарларымен 42 қабылдау өткізіліп, 250 адам қабылданды, аудан әкімі аппараты басшысымен 16 жеке қабылдау өткізіліп  28 адам қабылданды.  

Азаматтарды қабылдау орталықтары жұмысы бойынша:

Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан бойынша Азаматтарды қабылдау орталықтарына (АҚО-ға) келген азаматтардың саны – 2810, оның ішінде:

-  кеңес алғандар  саны – 2193,

- мемлекеттік органдар басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының   саны – 618,

 - АҚО-да тіркелген өтініштердің саны – 2689.

 

Сондай-ақ, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жиі қойылатын сұрақтар:  

Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?         Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру жалдау құқығына арналған конкурс негізінде жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін Өтінім мен Конкурстық ұсыныс беру қажет,ол бизнес-жоспарды қамтуы тиіс. Бизнес-жоспарда инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы жануарларының саны,қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасымен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы,сондай-ақ құрылатын жұмыс орындарының саны қамтылуға тиіс.Сондай-ақ, жер заңнамасының талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді көрсету қажет. Конкурс қорытындысы өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні шығарылады. Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды және салыстырады, инвестициялардың болжамды көлемін қоса алғанда, бизнес-жоспар үшін балл беру арқылы жеңімпаз өтінімді айқындайды. Ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады.Ұпайлар тең болған жағдайда жеңімпаз комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы айқындалады. Жер комиссиясының қорытынды шешімі хаттамамен ресімделеді, оның негізінде жер учаскесін беру туралы шешім қабылданады және жалдау шарты жасалады.

Іс-әрекетке қабілетсіздер деп танылған азаматқа қамқоршылық тағайындау дегеніміз не және ол қалай рәсімделеді?                                                                                  Іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат қақамқоршылық тағайындау - бұл денсаулық жағдайынан емесе басқа себептерге байланысты өз бетінше шешім қабылдай алмайтын және өз істерін басқара алмайтын адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қамқоршы тағайындалатын процесс. Бұл психикалық бұзылуларға,ауыр ауруларға немесе адамның тәуелсіз өмір сүру қабілетін шектейтін басқа жағдайларға байланысты болуы мүмкін.

Қамқоршылықты тағайындау процесі:

1) азаматты іс-әрекетке қабілетсіз деп тану адамның денсаулығы туралы медициналық қорытынды негізінде сот арқылы жүзеге асырылады. Сотқа әрекетке қабілетсіздігін растайтын медициналық құжаттар мен қоса өтініш беріледі;

2) азамат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылғаннан кейін сот қамқоршыны тағайындайды. Қамқоршы жақын туысы (мысалы -жұбайы,ата-анасы,баласы) немесе басқа адам немесе ұйым (мысалы -әлеуметтік қызметтер) болуы мүмкін. Сот,сонымен қатар қабілетсіз азаматтың(мүмкін болса) және оның туыстарының пікірін ескереді;

3) құжаттарды ресімдеу: сот қорғаншылықты тағайындау туралы шешім шығарады, ол тиісті органдарда тіркелуге тиіс. Қамқоршы өзінің қорғаншылық құқығын растайтын құжаттарды (мысалы -төлқұжат, кірістер туралы анықтамалар және т.б.) ұсынуы керек;

4) қорғаншылықты тіркеу: сот шешімін алғаннан кейін қорғаншылықты жергілікті өзін-өзі басқару органдарында немесе халықты әлеуметтік қорғау органдарында тіркеу қажет. 

Әкімшілік орган шығарған шешімге келіспесеңіз қалай шағым түсіруге болады?

Әкімшілік шығарған шешімге келіспеген жағдайда арнайы бекітілген қадамдарын орындап, шағым түсіруге болады. Олар:

1) жоғары тұрған органға немесе әкімшілік орган бағынатын тұлғаның атына жазбаша шағым әзірлеуге;

2) қай әкімшілік органның шешіміне немесе әрекетіне келіспесеңіз, сол әкімшілік органға шағым жазуға;

3) шағымыңыз бойынша жазбаша шешімді шағым келіп түскен (поштамен немесе басқа тәсілмен жеткен) күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде күту. Шешімге келіспесеңіз, бір ай ішінде әкімшілік сотқа талап арыз жазуға болады.

Өтініштерді қарау мерзімі қандай?

ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» бойынша өтініштерді қараудың өзінің заңдылығы бар.

Өтініштерді қарау мерзімі:

- қарау үшін ақпарат алу немесе талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;

- ақпарат алу немесе тексеру талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;

- қарау мерзімі ұзартылса өтініш берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде хабарланады. Өтінішті қарау мерзімін басшы немесе оның орынбасары ұзартады.

Егер мәселе ұзақ уақытта талап етсе, өтініш бақылауға қойылады және өтініш берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде хабарланады.

Мемлекеттік сатып алудың тәсілдері қандай?

Мемлекеттік сатып алудың тәсілдері төмендегідей:

1) конкурс (ашық конкурс, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып конкурс, алдын ала біліктілікті іріктеумен конкурс, негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып конкурс, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклінің құнын есептеуді пайдалана отырып конкурс);

2) аукциондар;

3) баға ұсыныстарын сұрату;

4) бір көзден;

5) тауар биржалары арқылы.

6) электрондық дүкен арқылы.

Біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін қандай құжаттар керек?

Өтініш білдірген айдың алдындағы тоқсандағы отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы Атырау облысы бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға, отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек белгіленеді.

Егер отбасы осы санатқа жататын болса, біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін төменде көрсетілген құжаттарды тапсыруына болады:

1) жанұя мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;

2) жанұя мүшелерінің табыстары туралы анықтамалар;

3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт немесе құжат.

Тұрғын үйді жекешелендіру үшін қандай құжаттар қажет?

Тұрғын үйді жекешелендіру үшін қажетті құжаттар:

1) өтініш: кәмелетке толған барлық отбасы мүшелері қол қойған өтініш.

2) куәліктердің көшірмелері: некеге тұру (бұзу) туралы, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы, балалардың тууы туралы куәліктері.

3) жалдау шарты немесе тұрғынжай ордері: сіздің тұрғынжайды пайдалану құқығыңызды растайтын құжат.

4) сот шешімі: егер басқа адамдар көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп танылса, онда олар сот шешімінің көшірмесін ұсынуы тиіс.

5) әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар үшін: көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) әлеуметтік жағынан осал топтарға жататынын растайтын құжаттың көшірмесі.

6) жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі: мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері үшін.

7) ғарышкерлер мен ғарышкерлікке кандидаттар үшін: Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

8) берешектің жоқтығын растайтын құжат: тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екендігін растайтын құжат.

9) жекешелендіру құқықтарын растайтын құжат: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқықтары бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжаттың көшірмесі.

Барлық қажетті құжаттарды, өтінішіңізді E-Qazyna.kz порталы арқылы тапсыра аласыз. Егер қосымша сұрақтарыңыз болса немесе көмек қажет болса, жергілікті атқарушы органдарға хабарласуға немесе E-Qazyna.kz порталынан білуге болады

Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру жалдау құқығына арналған конкурс негізінде жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін Өтінім мен Конкурстық ұсыныс беру қажет,ол бизнес-жоспарды қамтуы тиіс. Бизнес-жоспарда инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы жануарларының саны,қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасымен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы,сондай-ақ құрылатын жұмыс орындарының саны қамтылуға тиіс.Сондай-ақ, жер заңнамасының талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді көрсету қажет. Конкурс қорытындысы өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні шығарылады. Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды және салыстырады, инвестициялардың болжамды көлемін қоса алғанда, бизнес-жоспар үшін балл беру арқылы жеңімпаз өтінімді айқындайды. Ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады.Ұпайлар тең болған жағдайда жеңімпаз комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы айқындалады. Жер комиссиясының қорытынды шешімі хаттамамен ресімделеді, оның негізінде жер учаскесін беру туралы шешім қабылданады және жалдау шарты жасалады

Көпбалалы аналарға берілетін күміс және алтын алқа кітапшаларын жоғалтып алу немесе өзге де себептермен жоғалған кітапшаны қайта қалпына келтіріп беру туралы.

 

Жоғалған «Күміс алқа» белгісі кітапшасын қалпына келтіруге қатысты жазған өтінішке сәйкес келесіні хабарлайды.

Мемлекеттік наградалар мен олардың құжаттарының көшірмелерін беру тәртібі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңының 38-бабының шарттарымен реттеледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ие болған адамдар олардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекеттік наградалар мен оларға қоса берілген құжаттар жоғалған жағдайда наградталғандар өздерінің наградаларға құқығын сақтайды. Жоғалғандардың орнына «Алтын Қыран» орденінің, Алтын жұлдыздың, ордендердің, медальдар мен омырауға тағатын ерекшелік белгілерінің дубликаттары, әдетте берілмейді. Ерекшелік ретінде олар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешімімен өрт, жер сілкіну және басқа да дүлей апаттар салдарынан жоғалған, яғни наградталған адам оларды жоғалудан сақтап қала алмаған жағдайда ғана беріледі. Наградтау туралы құжаттар жоғалған жағдайда олардың дубликаттары жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешімімен беріледі («Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңының 38-бабы).

 

"Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда біржолғы парольмен куәландырылған сұрау салу жолдайды.

Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері тіркеледі.

Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың нысанында келтірілген.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

           Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді тіркеу және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

 

Қандай жолданымдар «Е-Өтініш» АЖ-те есепке алынбайды?

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес

«Е-Өтініш» АЖ-да мыналар есепке алынбайды:

1) бір субъектіден екінші субъектіге келіп түскен қызметтік құжаттар;

2) жоғары тұрған органның нұсқаулары мен тапсырмалары;

3) жарнамасы бар ұсыныстар;

4) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жолданымдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жолданымдар;

5) өтініштер, хабарлар, сұрау салулар, үн қосулар, ұсыныстар, өтінішхаттар қарау тәртібі Кодекстің 3-бабының 4-бөлігімен және «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 9-тармағымен реттеледі.

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою тәртібі?

 

1 қадам. Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерін бастау үшін негіздеме (ҚР Жер кодексінің 84-бабы 2-тармағы).

            2 қадам. Мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы шешім («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабы 1-тармағы). Қаулыны қала, аудан әкімдігі қабылдайды (жердің экспликациясын дайындағаннан кейін бір апта мерзімде).

            2-1 қадам. Қаулының мазмұнына қойылатын міндетті талаптар («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабы).

            2-тармақ.

            1.қаулының мақсаты

            2.жер учаскесінің орналасқан жері мен ауданы

  1. иеліктен шығару күні

            4.меншік иесі

            5.меншік иесінің өтініш берген орны

            2-4-тармақ. БАҚ-та ресми жариялануға тиіс.

            2-2 қадам. Мемлекеттік меншіктегі жерлерді резервке қою (ҚР Жер кодексінің 49-бабы 2-тармағы). Резервті аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша облыс әкімдігі жүргізеді.

            3 қадам. 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде меншік иесін хабардар ету («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64-бабы 1-тармағы).

            3-1 қадам. Меншік иесінің келісу рәсімдеріне құқығы («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 69-бабы 1-тармағы).

            - оның орнына тең бағалы учаске беру;

            - өтемақы мөлшері және т. б.;

            - учаскені сатып алу құқығы хабарлама алған сәттен бастап туындайды.

            4 қадам. Өтемақы мөлшері («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 67-бабы) мүлікті бағалау-бір айлық мерзімде.

            4-1 қадам. Жер учаскесінің құны.

            Нарықтық құны «ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 208-бабымен айқындалады.

            4-2 қадам. Жылжымайтын мүліктің құны 3-т.

            Жер учаскесіндегі жылжымайтын мүліктің құны «ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 208-бабының нарықтық құны мөлшерінде айқындалады. Бар болса.

            4-3 қадам. Залалдарды өтеу мөлшері 4-т.

            ҚР Азаматтық кодексінің 4-5-тармақтарына сәйкес «құқығы бұзылған адам өзіне келтірілген залалды толық өтеуді талап ете алады».

            5 қадам. Мәжбүрлеп иеліктен шығарудың негізі:

  1. Шарт немесе сот шешімі
  2. Жергілікті атқарушы орган мәслихатқа меншік иесі хабарлама алған сәттен бастап екі ай мерзімде сатып алу шартының жобасын ұсынады.

            6 қадам. Мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шарт.

            7 қадам. Белгіленген тәртіппен өтемақы төлеу.

            Жер учаскесін бағалауды тәуелсіз бағалау компаниясы жүргізеді. Бұл ретте бағалау компаниясы бағалаудың дұрыстығына жауапты болады.

            Бұдан басқа, бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау объектісі құнының қорытынды шамасы, егер бағалау туралы есеп жасалған күннен бастап бағалау объектісімен мәміле жасалған күнге дейін немесе жария оферта ұсынылған күнге дейін алты айдан аспаса, бағалау объектілерімен мәміле жасау мақсаттары үшін ұсынылатын болып танылады.

            Меншік иесі бағалау сомасымен келіспеген жағдайда жер учаскесінің құны сот тәртібімен айқындалады. Бұл процедура белгілі бір уақытты алады.

            Сот органдары мүлікті бағалаудың дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында сот - тауартану сараптамасын тағайындауға құқылы.

 

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі?

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен реттелген.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жүзеге асырады.

        Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы ақпарат қызмет алушының жеке кабинетіне жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

 

Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту тәртібі?

Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы ақпарат қызмет алушының жеке кабинетіне жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

 

Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін алу тәртібі?

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 – бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырады.

Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру осы Кодекстің 43-1 бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады.

Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы конкурсты өткізуді қамтамасыз ету үшін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған жер заңнамалары талаптарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады.

Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған конкурстар негізінде табысталады.

 

Дата публикации
08 января 2026