«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптары және Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Құлсары қаласының тұрғыны Сулейменова Гулбаршинның жеке меншік құқығындағы Құлсары қаласы, 3 ықшам ауданы, Ш.Ізбасов көшесі, №1588 құрылыс мекен жайында орналасқан кадастрлық нөмері 04-059-025-1588 дүкен құрылысын салу және пайдалану үшін берілген көлемі 0,0150 га жер учаскесі Құлсары қаласы әкімі аппаратының теңгеріміндегі ескерткіш үшін берілген жер учаскесімен беттесуіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
- Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2026 жылдың 04 маусымына дейін деп айқындалсын.
4.7«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі (Ж.Сабыров) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Жылыой ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 6 наурыздағы №74 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің жетекші ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Г.Айшуақова