Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптары, Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі және «Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 20 тамыздағы №06-03-07-01/1059 хаты негізінде Жылыой ауданы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Құлсары қаласының тұрғыны Әбілханов Айбардың сатып алу-сату шарты негізінде Құлсары қаласы, Ж. Таңқыбаев №39а құрылыс мекен жайында орналасқан кадастрлық нөмері 04-059-025-5004, сауда объектісі құрылысын салу үшін берілген көлемі 0,0630 га жер учаскесі жолдың үстіне түсуіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Ж.Сабыров) келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
  3. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2026 жылдың 12 мамырына дейін деп айқындалсын.
  4. «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі (Ж.Сабыров) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  6.   Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Аудан әкімінің

міндетін атқарушы                                                                             Г.Айшуақова

 

Дата публикации
17 ноября 2025