«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 – баптары, Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі және Канатов Азамат Гайнеденовичтің 2025 жылғы 16 шілдедегі №ЖТ-2025-02379725 өтініші негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Құлсары қаласының тұрғыны Канатов Азаматтың Құлсары қаласы, 1 ықшам ауданында орналасқан кадастрлық нөмері 04-059-008-856, дүкен үшін жеке меншік құқығымен берілген көлемі 0,012 га жер учаскесіне автомобиль жолының беттесуіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
- Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін деп айқындалсын.
4.7«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі (Ж.Сабыров) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің жетекші ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Г.Айшуақова