«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптары және Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі, «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 04 қыркүйектегі №06-03-17-1/812 хаты негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Құлсары қаласының тұрғыны Бекбулатов Тугелбайдың Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, 9 ауыл мекен жайында орналасқан кадастрлық нөмері 04-059-025-4785, кәсіпкерлік мақсаттар үшін берілген көлемі 0,12 га жер учаскесі «Құлсары қалаішілк автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 4-кезең» салу жобасын асыру іске асыруға кедергі болуына байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Ж.Сабыров) келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
- Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2026 жылдың 07 мамырына дейін деп айқындалсын.
4.7«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі (ЖСабыров) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің жетекші ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Г.Айшуақова