Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Құлсары  қаласы                                                                10-30 шілде  2025  жыл

 Атырау  облысы  Жылыой  ауданының  әкімдігі  (бұдан  әрі – Әкімдік) – ауданның  әкімі  басқаратын, өз  құзыреті  шегінде  тиісті  аумақта  жергілікті  мемлекеттік  басқаруды  және  өзін – өзі  басқаруды  жүзеге  асыратын  алқалы  атқарушы  орган.

Әкімдік  Қазақстан  Республикасы  атқарушы  органдарының  біртұтас  жүйесіне  кіреді, атқарушы  биліктің  жалпы мемлекеттік  саясатын  тиісті  аумақты  дамыту  мүдделерімен  және  қажеттілігімен  үйлестіре  жүргізуді  қамтамасыз  етеді.

Аудандық  әкімдікті  ауданның  әкімі  басқарады.

Әкім  аудандық  әкімдікті  аудан  әкімінің  орынбасарларынан, әкім  аппаратының  басшысынан, тиісті  атқарушы  органдардың  бірінші  басшыларынан  құрады.

Әкімдіктің  отырыстарын  әзірлеу  мен  өткізу,  сондай – ақ олардың  шешім  қабылдау  тәртібі  әкімдіктің  регламентінде  белгіленеді. Үлгі  регламенті  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекітеді.

Әкімдіктің  дербес  құрамы  аудандық  мәслихат  сессиясының  шешімімен  келісіледі.

Әкімдік  әкімдіктің  және  әкімнің  қызметін  қамтамасыз  ететін  мемлекеттік  мекеме – әкім  аппаратынан  және  8  дербес  бөлімнен  тұрады.

  1. Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі  талдауға  жататын:

Жылыой  ауданы  тұрғын  үй  коммуналдық  шаруашылық  және  тұрғын үй инспекциясы  бөлімі (бұдан  әрі – Бөлім).

Ішкі талдау бағыты  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 8 тармағына сәйкес айқындалды.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі  талдау  мына  бағыттар бойынша  жүзеге  асты:

          1) Бөлімнің  қызметін  қозғайтын  нормативтік  құқықтық  актілерде  және  құқықтық  актілерде  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін  анықтау;

          2) Бөлімшенің  ұйымдастырушылық – басқарушылық  қызметіндегі  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін  анықтау.

  1. 3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі  талдау  жүргізу  үшін  аудан  әкімі аппараты басшысының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі №42 н/қ (2025  жылғы  27  маусымдағы  №41н/қ бұйрығымен өзгеріс енгізілген) бұйрығына  сәйкес  жұмысшы  топ  құрылды.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі  талдау  жүргізу  кезеңі: 2024  жыл.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі  талдауды  жүргізуге  және  жұмыстың  нәтижесіне  басшылық, үйлестіру  және  жауаптылық  жүктелетін  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі  талдау  субьектісінің  лауазымды  тұлғасы:  Теміржанов Алмат  Маратұлы – аудан  әкімі аппаратының  басшысы, жұмысшы  топтың   төрағасы.

«Жылыой  ауданы  тұрғын  үй  коммуналдық  шаруашылық  және  тұрғын үй инспекциясы  бөлімі»  ММ,  Құлсары  қаласы, Ж.Ізтұрғанов  көшесі,7, тел: 8/71237/  50710;

          Жылыой  ауданы  тұрғын  үй  коммуналдық  шаруашылық  және  тұрғын үй инспекциясы  бөлімінде жалпы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің  штат саны –  5, нақты жұмыс жасап отырғандары саны - 5 . Бөлім басшысы – 1; бас  маман – 4.

          Жылыой  ауданы  әкімдігінің  2024  жылғы  28 ақпандағы №68 «Кейбір  мемлекеттік  мекемелерді  қайта  атау  және  қайта  ұйымдастыру  туралы» қаулысымен «Жылыой  ауданы  тұрғын  үй  коммуналдық  шаруашылығы,  жолаушылар  көлігі, автомобильдер  жолдары  және  тұрғын  үй  инспекциясы  бөлімі» мемлекеттік  мекемесі  «Жылыой  ауданы  тұрғын-үй коммуналдық  шаруашылығы  және  тұрғын  үй  инспекциясы  бөлімі»  болып  қайта  аталған.

Еңбек  тәртібінде  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2015  жылғы  29  желтоқсандағы  №153  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  қызметшілердің  Әдеп  кодексі  қатаң  сақталады. Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасының  талаптарына  сәйкес  жеке  және  заңды  тұлғалардың  өтініштерін  қарау  тәртібі  мен  мерзімдері  қатаң  сақталуға  үздіксіз  міндеттелген.

2024  жылы  Жеке  тұлғалардан  – 85 арыз  түскен, барлығына жауап қайтарылған.

2024  жылы Заңды  тұлғалардан  барлығы – 30 өтініш түскен,  барлығына  жауап қайтарылған.

Жоғарыдағылар  негізінде, «Жылыой  ауданы  тұрғын  үй  коммуналдық  шаруашылық  және  тұрғын үй инспекциясы  бөлімі»   мемлекеттік  мекемесіне  келіп  түскен  арыз-шағымдар  өз  уақытында  қаралып,  көрсетілген  бағыттары  бойынша  қанағаттандырылып  келуде.

Сыбайлас  жемқорлыққа  жол  берілмей, сыбайлас  жемқорлықтың  орын  алуына  жағдай  жасайтын  фактілерді  болдырмау,  оларды  жою  шаралар  жүргізіледі.

Қазақстан  Республикасының  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы, мемлекеттік  сатып  алу  туралы  заңнамаларының  нормалары  мүлтіксіз сақтау  міндеттелген. 

Мекеме  ғимаратында  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  заңнамасы  тақырыбында  ақпараттық  стендтер, мемлекеттік  қызметшілердің  әдеп  кодексі  орналастырылған.

2024 жылы  тәртіптік немесе қылмыстық  жауапкершілікке  тартылғандар  болмаған.

Тұрғын  үйіне  мұқтаж  тізімінде  тіркелген  азаматтардың  саны  2 469, оның  ішінде  әлеуметтік  жағынан  осал  топтар  кезегінде 1 065, көпбалалы 918, жетім  балалармен ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар 195, мемлекеттік  және  бюджеттік  қызметкерлер  кезегінде  448, жалғыз  үйі  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  авариялық  жағда йда  деп  танылған  үйлер – 38.

2020  жылы  Жылыой  ауданында  51 көпбалалы  отбасына  тұрғын  үйлер  берілген.

2024  жылы  Атырау  ықшам ауданынан  көпбалалы  санатына  жататын 225, әлеуметтік  осал  тобына  жататын – 75 тұлға  пәтермен  қамтамасыз  етілген (1, 2 топтағы мүгедектер – 13, жетім балалармен ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар – 15, толық  емес  отбасылар – 13, зейнеткер – 13, белгілі  бір  созылмалы  аурулардың  ауыр  түрлерімен  ауыратын  адамдар – 5, ҰОС ардагерлері – 1, ҰОС   ардагерлеріне  теңестірілген    тұлғалар – 2, мүгедектігі  бар  балалары  бар  немесе  оларды  тәрбиелеп  отырған отбасылар- әлеуметтік  жағынан  осал  топ – 13).

Жылыой  ауданы  тұрғын  үй  коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар  көлігі, автомобильдер  жолдары  және  тұрғын  үй  инспекциясы  бөлімімен мемлекеттік  сатып  алудың  тұрғын  үй  сатып  алу  тәсілімен  жалпы  351 (2020ж. – 51, 2024 – 300) пәтер  сатып  алынып, теңгерімге  алынған. Соның  ішінде 1-бөлмелі – 75 (2020ж. – 0, 2024ж. – 75), 2-бөлмелі – 153 (2020ж. – 3, 2024ж. -150), 3-бөлмелі – 107 (2020ж. – 32, 2024ж. – 75).

 

Жұмысшы  топтың  төрағасы                                                           А.Теміржанов

   

Мемлекеттік-құқықтық  бөлімнің

басшысы,  жұмысшы  топтың  мүшесі                                            А.Арыстанғалиева

 

Персоналды  басқару  қызметі  (кадр  қызметі)

бөлімінің  басшысы,  жұмысшы  топтың  мүшесі                          Г.Мирманова   

 

Аудандық экономика  және  қаржы  бөлімінің

басшысы,  жұмысшы  топтың  мүшесі                                           Ж.Дюсупова

 

Ұйымдастыру  және  мемлекеттік

көрсетілетін  қызметтерді  ішкі  бақылау

бөлімінің  басшысы                                                                             Г.Отарбаева         

Дата публикации
12 ноября 2025