Сұрақ
Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?
Жауап
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру жалдау құқығына арналған конкурс негізінде жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін Өтінім мен Конкурстық ұсыныс беру қажет,ол бизнес-жоспарды қамтуы тиіс. Бизнес-жоспарда инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы жануарларының саны,қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасымен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы,сондай-ақ құрылатын жұмыс орындарының саны қамтылуға тиіс.Сондай-ақ, жер заңнамасының талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді көрсету қажет. Конкурс қорытындысы өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні шығарылады. Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды және салыстырады, инвестициялардың болжамды көлемін қоса алғанда, бизнес-жоспар үшін балл беру арқылы жеңімпаз өтінімді айқындайды. Ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады.Ұпайлар тең болған жағдайда жеңімпаз комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы айқындалады. Жер комиссиясының қорытынды шешімі хаттамамен ресімделеді, оның негізінде жер учаскесін беру туралы шешім қабылданады және жалдау шарты жасалады.
Сұрақ
Іс-әрекетке қабілетсіздер деп танылған азаматқа қамқоршылық тағайындау дегеніміз не және ол қалай рәсімделеді?
Жауап
Іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат қақамқоршылық тағайындау - бұл денсаулық жағдайынан емесе басқа себептерге байланысты өз бетінше шешім қабылдай алмайтын және өз істерін басқара алмайтын адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қамқоршы тағайындалатын процесс. Бұл психикалық бұзылуларға,ауыр ауруларға немесе адамның тәуелсіз өмір сүру қабілетін шектейтін басқа жағдайларға байланысты болуы мүмкін.
Қамқоршылықты тағайындау процесі:
1) азаматты іс-әрекетке қабілетсіз деп тану адамның денсаулығы туралы медициналық қорытынды негізінде сот арқылы жүзеге асырылады. Сотқа әрекетке қабілетсіздігін растайтын медициналық құжаттар мен қоса өтініш беріледі;
2) азамат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылғаннан кейін сот қамқоршыны тағайындайды. Қамқоршы жақын туысы (мысалы -жұбайы,ата-анасы,баласы) немесе басқа адам немесе ұйым (мысалы -әлеуметтік қызметтер) болуы мүмкін. Сот,сонымен қатар қабілетсіз азаматтың(мүмкін болса) және оның туыстарының пікірін ескереді;
3) құжаттарды ресімдеу: сот қорғаншылықты тағайындау туралы шешім шығарады, ол тиісті органдарда тіркелуге тиіс. Қамқоршы өзінің қорғаншылық құқығын растайтын құжаттарды (мысалы -төлқұжат, кірістер туралы анықтамалар және т.б.) ұсынуы керек;
4) қорғаншылықты тіркеу: сот шешімін алғаннан кейін қорғаншылықты жергілікті өзін-өзі басқару органдарында немесе халықты әлеуметтік қорғау органдарында тіркеу қажет.
Сұрақ
Әкімшілік орган шығарған шешімге келіспесеңіз қалай шағым түсіруге болады?
Жауап
Әкімшілік шығарған шешімге келіспеген жағдайда арнайы бекітілген қадамдарын орындап, шағым түсіруге болады. Олар:
1) жоғары тұрған органға немесе әкімшілік орган бағынатын тұлғаның атына жазбаша шағым әзірлеуге;
2) қай әкімшілік органның шешіміне немесе әрекетіне келіспесеңіз, сол әкімшілік органға шағым жазуға;
3) шағымыңыз бойынша жазбаша шешімді шағым келіп түскен (поштамен немесе басқа тәсілмен жеткен) күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде күту. Шешімге келіспесеңіз, бір ай ішінде әкімшілік сотқа талап арыз жазуға болады.
Сұрақ
Өтініштерді қарау мерзімі қандай?
Жауап
ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» бойынша өтініштерді қараудың өзінің заңдылығы бар.
Өтініштерді қарау мерзімі:
- қарау үшін ақпарат алу немесе талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;
- ақпарат алу немесе тексеру талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;
- қарау мерзімі ұзартылса өтініш берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде хабарланады. Өтінішті қарау мерзімін басшы немесе оның орынбасары ұзартады.
Егер мәселе ұзақ уақытта талап етсе, өтініш бақылауға қойылады және өтініш берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде хабарланады.
Сұрақ
Мемлекеттік сатып алудың тәсілдері қандай?
Жауап
Мемлекеттік сатып алудың тәсілдері төмендегідей:
1) конкурс (ашық конкурс, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып конкурс, алдын ала біліктілікті іріктеумен конкурс, негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып конкурс, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклінің құнын есептеуді пайдалана отырып конкурс);
2) аукциондар;
3) баға ұсыныстарын сұрату;
4) бір көзден;
5) тауар биржалары арқылы.
6) .электрондық дүкен арқылы.
Сұрақ
Біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін қандай құжаттар керек?
Жауап
Өтініш білдірген айдың алдындағы тоқсандағы отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы Атырау облысы бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға, отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек белгіленеді.
Егер отбасы осы санатқа жататын болса, біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін төменде көрсетілген құжаттарды тапсыруына болады:
1) жанұя мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;
2) жанұя мүшелерінің табыстары туралы анықтамалар;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт немесе құжат.
Сұрақ
Тұрғын үйді жекешелендіру үшін қандай құжаттар қажет?
Жауап
Тұрғын үйді жекешелендіру үшін қажетті құжаттар:
1) өтініш: кәмелетке толған барлық отбасы мүшелері қол қойған өтініш.
2) куәліктердің көшірмелері: некеге тұру (бұзу) туралы, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы, балалардың тууы туралы куәліктері.
3) жалдау шарты немесе тұрғынжай ордері: сіздің тұрғынжайды пайдалану құқығыңызды растайтын құжат.
4) сот шешімі: егер басқа адамдар көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп танылса, онда олар сот шешімінің көшірмесін ұсынуы тиіс.
5) әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар үшін: көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) әлеуметтік жағынан осал топтарға жататынын растайтын құжаттың көшірмесі.
6) жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі: мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері үшін.
7) ғарышкерлер мен ғарышкерлікке кандидаттар үшін: Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
8) берешектің жоқтығын растайтын құжат: тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екендігін растайтын құжат.
9) жекешелендіру құқықтарын растайтын құжат: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқықтары бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжаттың көшірмесі.
Барлық қажетті құжаттарды, өтінішіңізді E-Qazyna.kz порталы арқылы тапсыра аласыз. Егер қосымша сұрақтарыңыз болса немесе көмек қажет болса, жергілікті атқарушы органдарға хабарласуға немесе E-Qazyna.kz порталынан білуге болады