Жылыой ауданы әкімінің міндетін атқарушы Г.Айшуақованың 2025 жылдың І жартыжылдығында Жем ауылдық округінің Тұрғызба ауылының тұрғындарымен кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы

Жылыой ауданы әкімінің  міндетін атқарушы Г.Айшуақованың 2025 жылдың І жартыжылдығында Жем ауылдық округінің Тұрғызба ауылының тұрғындарымен кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарыныңорындалысы

№

Мәселенің қысқаша

мазмұны

Орындалысы

1

Интернет желісін тартуды жүргізіп жатырған мекеме не себепті жұмысын тоқтатып отыр.

Тұрғызба ауылының шығыс бағытын қамтитын сымсыз Интернет жүйесін жақсарту бағытында бұрынғы қызмет көрсетуші "Hyper Optic" ЖШС шығындарын өтей алмау салдарынан өз қызметін тоқтатты. Қазіргі кезде 2025ж шілде айынан бастап "Алма ТВ" ЖШС Тұрғызба ауылында Интернет қосуға ниетті тұрғындарға кабель тарту жұмыстарын жүргізуде. "Алма ТВ" компаниясы Интернет желісіне тұрғындарды қосуды 2025 жылғы қыркүйекте аяқтауды жоспарлап отыр.

2

Ойын алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Ойын алаңдарының тозған жабдықтарын жөндеу уақтылы  жасалып отырғаны жөнінде тұрғынға жиын барысында түсіндірілді.

3

Дүкендер маңына бейне камералар қоюға мүмкіндіктер қарастыру

Дүкендер алдына бейнебақылау камераларын орнату мақсатсыз болуына орай, Сергек бейне бақылау жобасын кеңейту жұмыстары кезінде Жылыой аудандық полиция бөлімі тізіміне енгізілмеді.

4

Таймұхан тұсынан ашылып-жабылатын көлік жүретіндей көпір салуды қарастыру

Көлік қатынасы үшін жүретін көпір үлкен көлемді қаражат талап етуіне байланысты. Зерделеу жұмыстары жүргізіледі.

5

Ауылдың Жаңа қоныс бетіне жол құрылысын жүргізу

Тұрғызба ауылының 2 кезең жол салу жұмыстарына қосымша 18,1 км тас жолы жұмысына келісім шартқа отырды. Мердігер "Сұңқар" ЖШС  (Алматы қаласы). Қазіргі таңда жолды қырып, тазалау жұмыстары жүргізілуде.        

6

Ауыл шаруашылығы  өнімдерін өндіретін және өндірістік бағыттағы шағын цехтар ашуға көмек беру

Атамекен кәсіпкерлер палатасының Жылыой аудандық филиалының төрағасы Е.Нұрланов тарапынан жиын барысында жауап берді.     

***  2,5  пайыздық "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша қолдау көрсетілуде, кеңсеге орталыққа келіпте қосымша жауаптар алуға болады, құжаттар дайындау барысында әдістемелік көмектер көрсетілетін болады.

 

                       

                       

Дата публикации
18 августа 2025