Жылыой ауданы әкімінің міндетін атқарушы Г.Айшуақованың 2025 жылдың І жартыжылдығында Қара Арна ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы
|
№ |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындалысы |
|
1 |
Ауыл ішілік 18 шақырым тас жол жұмысын бастау |
Ағымдағы жылғы ауылішілік (3 км 400 м) тас жолдың бірінші кезеңі толықтай аяқталып, іске қосылды. Мердігер мекеме-"Казкомсервис". Осы жылы ауылішілік тас жолдардың екінші кезеңіне "АБС лиммед"-мекемесі жеңімпаз болып анықталып, жұмысын бастағалы отыр. Екінші кезең тас жол ұзындығы-15 км 385метр. |
|
2 |
Ауыл ішінде бос тұрған бағаналарды ретке келтіру |
Жалпы ауылішілік электр желілерін жаңарту, электр қуатын қалыпқа келтіру жұмыстарын "Жайық-Жарығы" мекемесі жүргізіп жатыр. Қосымша КТП-лар қою, 10квт және 0,4квт-тық электр желілері мен бағаналары ауыстырылып, жаңартылуда. Бұрынғы ескі электр желілері бағаналарын (Атырау-Жарық ЖШС-ның теңгеріміндегі) алатын болады. |
|
3 |
Ауылға бөлінген жаңа жедел жәрдем көлігі былтыр берілген еді, қазір ескі көлікпен жүр. Мәселені шешу |
Ауылға бөлінген жаңа жедел-жәрдем автокөлігі жол оқиғасына түсіп қалуына байланысты жөндеуге тұрғызылды. Сот шешімі заң аясында реттейтін болады. Көлік жөндеу өтелгенге дейін уақытша УАЗ-автокөлігі пайдалануға берілді. |
|
4 |
Енесі Шауалиева Жайлыбикені мүгедектікке қалдыру (екі көзі көрмейді) |
1 топ мүгедіктігі берілді. |
|
5 |
Жем өзенінің арнасы аршу, түп тереңдету жұмыстарын аяқтап, қалыпқа келтіру |
Жем өзені арнасын аршу, түп тереңдету жұмыстарын "Сап-Инвест" мекемесі жүргізуде. Бұл жобаны жасаған-"Казгидроводхоз", тапсырыс беруші-облыстық құрылыс басқармасы. Аудан бойынша "Сап Инвест" -мекемесі әлі жұмыстарын жүргізуде, жұмыс аяқталған жоқ. |
|
6 |
"Hyper Optic" ЖШС-гі жүргізген интернет желісі жұмыс жасамайды, несие алып қондырған, келісім шарт жоқ. Мәселені шешу. |
Ауылдың интернет жүйесін жақсарту мақсатында сымсыз интернет желісін құру қызметтерін жүргізуді «HyperOptic OZ» мекемесі жеңіп алды. Келісім шарт жасақталды. Күні бүгінге 74 үйге интернет қосылған. Оның ішінде 48 үй 22.09.2024 ж дейін жасап тұрды. Орталық су мұнарасына негізгі маршрутизатор құрылғысы қондырылды, ауылды 360 градусқа қамтиды. Қаңтар айында «Қазақтелеком»-мен келісім шарт жасап, интернетті қосқанымен 2 ай 15 күндей жұмыс жасап тағы да жұмысын тоқтатты. Қызмет көрсетуші мекеме «ЖылыойСу» ЖШС электр қуатын пайдаланғаны үшін бережағын төлемеген. Сол үшін ток көзінен ажыратылған. Күні бүгінге дейін телефонмен де хатпен де әкімшілік тарапынан байланыс болды. Барлық қаржы айналымы бұғатталды. Жұмыс жасауға жағдайымыз жоқ деп отыр. "ЖылыойСу" мекемесі бережағын өндіруге сотқа берген. |
|
7 |
Ақшкөлге бөгет салу |
Ақшкөл бөгеті - ауылдың батыс бетінде, жайылма су мен шабындық жерге су ұстау үшін қажет, ауылға зияны, қаупі жоқ. Биылғы көктемгі су тасқыны ерте келуіне байланысты баратын техника жете алмады. Алдағы уақытта 1 погрузчик, 2 самосвал бөгетті қалпына келтіру қажет. |
|
8 |
Ауылдың іргесінен 500 м дейін жерден қазір шөп шауып жатыр ауыл тұрғындары жеріміз деп. Ауылдан 3 км ге дейін шөп шабуға бола ма? |
Жалпы совхоз тараған кезінде, ауыл шаруашылығы жерлері, техникалары, малы пайға пайдаланылуға берілді. Сол кезде ірілі-ұсақты қожалықтар ашылып жерлері пайға бөлініп берілді. Сол бөлінген жерлерге ие болған қожалық мүшелері су мол болған жылдары шабындық жерлеріне шыққан шөпті шауып алады. Совхоз кезінде орналасқан қыстақтар ауылға өте жақын болды. сәйкесінше сол қыстақ маңындағы жерлер пайға тиген, қожалықтар иелері де жерлерін шауып пайдалануда. |