Жылыой ауданы әкімінің міндетін атқарушы Г.Айшуақованың 2025 жылдың І жартыжылдығында Қосшағыл ауылдық округінің Қосшағыл ауылының тұрғындарымен кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы
|
№ |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындаушы |
|
1 |
Шаруа қожалықтар үшін мал өткізуге Қосшағыл-Теңіз бағытындағы 13 шақырымдағы теміржол өткелін ашу |
Қосшағыл-Теңіз бағытындағы 13 шақырымдағы теміржол өткелін мал көшіру мезгілінде уақытша ашылады. |
|
2 |
Аудан бойынша су фонтандарын жабылмау мәселесін қарастыру |
Қазіргі таңда Жылыой аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімімен су фонтандарын теңгерімге алу жұмыстары жүргізілуде. |
|
3 |
Қосшағыл ауылындағы электрлендіру жобасын аяқтап, іске қосу |
Қосшағыл аулының электр желілерін қайта жаңғырту жобасы бойынша мердігер мекеме жұмыстарын уақытылы аяқтамағандықтан келісім шарт үзілді. |
|
4 |
«Қазақтелеком» АҚ-на қарасты телефон, интернеттің ескірген сымдары мен бағаналарын қалыпқа келтіру (желілерді жоғары көтеру) |
«Қазақтелеком» АҚ-на қарасты телефон, интернеттің сымдарын көтеру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ескі бағаналарды ауыстыру жұмыстары ағымдағы жылдың қазан-қараша айларына жоспарлануда. |
|
5 |
Ауылдағы амбулаторияға жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Ауылдағы амбулаторияға жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына ағымдағы жөндеу жұмыстарына конкурс жариялануда. |
|
6 |
Ауылдағы амбулатория ішіндегі әжетханаға жөндеу жүргізу |
Ауылдағы амбулатория ішіндегі әжетханаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. |