Жылыой ауданы әкімінің міндетін атқарушы Г.Айшуақованың 2025 жылдың І жартыжылдығында Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы
|
№ |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындалысы |
|
1 |
Базар айналасындағы жол белгілерінің заңдылығын қарастыру |
Құлсары қаласы И.Тайманов көшесі "Орталық базар" ғимараты маңындағы жол белгілері Жылыой ауданы Полиция бөлімінің нұсқамасына сәйкес орнатылған. |
|
2 |
3 ықшам ауданда қараусыз қалған нысандар мәселесін шешу, (нысандарды қоршау, терезелерін бітеу, айналасына тазалық жұмыстарын жүргізу) |
Құлсары қаласы көшелерінде қараусыз қалған нысандар бойынша рейдтік іс шаралар ұйымдастырылып, айналасын қалпына келтіру және тазалық жұмыстары бойынша Жылыой ауданы учаскелік полиция инспекторымен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 505 бабы бойынша хаттамалар толтырылуда. |
|
3 |
Нарынбай батыр көшесіндегі балалар ойын алаңын жаңарту |
Құлсары қаласы Нарынбай батыр көшесіндегі кіші аяқ доп алаңына 2023 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. |
|
4 |
8 ауылдағы ойын алаңын ретке келтіру |
Құлсары қаласындағы балалар ойын алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттама жасақталуда. Сметалық құжаттама жасақталған соң, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер мекеме анықталып, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
5 |
«Барлаушылар» ықшам ауданына балалар ойын алаңын салу |
Барлаушылар ықшам ауданы №93 көшеге әмбебап балалар ойын алаң салынды. |
|
6 |
«Барлаушылар» ықшам ауданына бейнебақылау камераларын қондыру |
Қазіргі таңда, қала көшелеріне қосымша бейне камера орнату мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жариялау үшін құжаттар дайындалуда. Конкурс нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекеме анықталған соң, Жылыой ауданы Полиция бөлімінің нұсқамасына сәйкес қосымша бейнекамералар орнатылатын болады. |
|
7 |
Қараусыз жүрген төрт түлік малды қала көшелерінде жүрмеуін бақылауға алу |
Жасыл-желектерді төрт түлік жануарлардан қорғау қызметі бойынша жауапты мердігер мекемемен қала көшелерінде қараусыз жүрген төрт түлік жануарларды қамау жұмыстары жүргізіліп, иелеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 408 бабы және 505 бабы бойынша хаттамалар толтырылуда. |
|
8 |
Қала ішіне аялдама санын арттыруды қарастыру |
Құлсары қаласы көшелерінде аялдамалар санын көбейту мақсатында қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жариялау үшін қажетті құжаттар жасақталуда. Мердігер мекеме анықталған соң, белгіленген орындарға қосымша аялдамалар орнатылатын болады. |
|
9 |
9 ауылдағы «Анашым» балабақшасынан 8 ауылдағы айналма жолға дейінгі асфальтты аяқтау |
Нарынбай батыр көшесіндегі асфальт жолға жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталады. |
|
10 |
Қала көшелеріндегі талдарды суару |
Қала көшелеріндегі жасыл-желектерді күтіп ұстау қызметі бойынша жауапты мердігер мекемемен талдарды суару жұмыстары үнемі жүргізілуде. |
|
11 |
«Барлаушылар» ықшам ауданында көше жарығы жүргізілмеген көшелерге көше жарығын жүргізу |
Құлсары қаласында көше жарығын жүргізу және қайта жаңғырту жобасы және "Мемлекеттік жекешелік әріптестік" 2 кезең бағдарламасы аясында жүргізілетін көше жарығы тізіміне Барлаушылар ықшам ауданы көшелері енгізілген. Құрылыс жұмыстары 2025-2026 жылдарға жоспарланған. |
|
12 |
«Барлаушылар» ықшам ауданындағы ағаш бағаналарды бетон бағанаға ауыстыру |
Қала көшелерінде Құлсары қаласы әкімі аппараты теңгеріміндегі ағаш бағаналар жоқ. Инженерлік инфрақұрылым мекемелеріндегі ағаш бағаналарды ауыстыру бойынша хаттар жолданды. Жұмыстар ұйымдастырылуда. |
|
13 |
«Барлаушылар» ықшам ауданындағы №95 көшенің асфальт жол салу жұмыстарын аяқтау |
Құлсары қаласында асфальт жол салу 4 кезең жобасы бойынша құрылыс жұмыстары 2025-2026 жылдарға жоспарланған. |
|
14 |
№7 қоғамдық көлігін жүру схемасын бұрынғы бағытын қайта енгізу мәселесін қарастыру |
Құлсары қаласы №7 қоғамдық көлік ағымдағы жылдың шілде айынан бастап эксперименталды түрде Мереке ықшам ауданы ішімен жүргізілген болатын. Алайда, тұрғындар наразылығына байланысты бұрынғы бағытына ауыстырылды. |
|
15 |
«Болашақ» ықшам ауданындағы аялдамалар санын көбейтуді қарастыру |
Құлсары қаласы көшелерінде аялдамалар санын көбейту мақсатында қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жариялау үшін қажетті құжаттар жасақталуда. Мердігер мекеме анықталған соң, белгіленген орындарға қосымша аялдамалар орнатылатын болады. |
|
16 |
«Болашақ» ықшам ауданына асфальт жол төсеу |
Болашақ ықшам ауданына асфальт жол төсеу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. Сараптама қорытындысы алынған соң, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
17 |
«Болашақ» ықшам ауданына бейнебақылау камераларын қондыру |
Қазіргі таңда, қала көшелеріне қосымша бейнекамера орнату мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жариялау үшін құжаттар дайындалуда. Конкурс нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекеме анықталған соң, Жылыой ауданы Полиция бөлімінің нұсқамасына сәйкес қосымша бейнекамералар орнатылатын болады. |
|
18 |
№172 көшедегі апатты жағдайдағы 8 пәтерлік көп қатарлы тұрғын үйдің тұрғындарын көшіру |
2024 жылы Құлсары қаласында 126 тұрғын үйге техникалық тексеру жүргізіліп, оның ішінде 97 үй апатты жағдайда деп танылды. Осыған байланысты Жылыой ауданы әкімдігі 2025–2029 жылдарға арналған апатты тұрғын үйлерді бұзу бойынша жол картасын бекітіп, қазіргі уақытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстар аясында 9 апатты тұрғын үйді бұзу жүзеге асырылуда. Бұл нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік емес сараптаманың оң қорытындысы алынған. Мердігер ұйым ғимараттарды бұзу және құрылыс қалдықтарын шығару жұмыстарына кірісті. Бүгінгі күні 7 үй толықтай бұзылып, учаскелер тазартылды. Қалған 2 үй бойынша жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда. Қалған нысандарды бұзу жұмыстарын биылғы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Құлсары қаласы бойынша апатты деп танылған тұрғын үйлердің тұрғындарын көшіру кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. |
|
19 |
М.Таңқыбаев көшесінде Алатау дүкенінің қасында бұзылған ескі үйдің орнына балалар ойын алаңын салу |
М.Таңқыбаев көшесі Алатау дүкені артындағы бұзылған ескі ғимарат орнына полиция тірек пунктін салу қарастырылған. |
|
20 |
«Береке» дүкенінің айналасында қоғамдық тәртіпті күшейту мақсатында учаскелік полициямен қадағалау |
Жылыой ауданы Полиция бөлімінің Мереке ықшам ауданының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Н.Көшербаевпен қадағалау жүргізіліп, 440 бабымен 2 хаттама толтырылды. Карта ойнаушылардың орны алынды. |
|
21 |
7 ауылға қосымша аялдамалар салу |
Құлсары қаласы көшелерінде аялдамалар санын көбейту мақсатында қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жариялау үшін қажетті құжаттар жасақталуда. Мердігер мекеме анықталған соң, белгіленген орындарға қосымша аялдамалар орнатылатын болады. |
|
22 |
Кәсіпкерлік нысандардың атаулары мемлекеттік тілде жазылуын қадағалау |
Құлсары қаласы бойынша кәсіпкерлік нысандардың атаулары мемлекеттік тілде жазылуы бойынша рейдтік іс шара жүргізілуде. |
|
23 |
7 ауыл М.Нұрманов, Б.Бойжанов, А.Завершинский және Ж.Ізтұрғанов көшелерінің қиылысына бағдаршам қондыру |
Құлсары қаласы 7 ауыл М.Нұрманов, Б.Бойжанов, А.Завершинский және Ж.Ізтұрғанов көшелерінің қиылысына бағдаршам қондыру тиімісіз. Жылыой ауданы Полиция бөлімінен нұсқама берілген жағдайда бағдаршам қондыру мүмкіншілігі қарастырылады. |
|
24 |
Құрсай жағажайын қоқыстан тазарту |
Құлсары қаласы Құрсай өзені жағалауын санитарлық тазалық бойынша жауапты мердігер мекемемен тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Атырау облысы Құрылым басқармасы тапсырысымен "СапИнвест" ЖШС-мен Құрсай өзенінде түп тереңдету жұмыстары жүргізілуде. |
|
25 |
7 ауылда масаларды улау, дезинсекция жұмыстарын жүргізу |
Құлсары қаласында көп қатарлы тұрғын үйлерге ЖК "Мұздыбаев" пен масаға қарсы дезинсекциялау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес үнемі жүргізілуде. 7 ауыл көпқабатты тұрғын үйлерге дезинсекция жұмыстары жүргізілді. |
|
26 |
Бұралқы ит аулау бойынша атқарылған жұмыстардың есебін беру |
Қала көшелерінде бұралқы иттерді аулау жұмыстары ЖК "Нұрбаев" пен үнемі жүргізілуде. |
|
27 |
«СМП-615» ықшам ауданындағы көшелерден ауыр жүк көліктерін жүргізбеу |
"БазисОйл" ЖШС-не СМП-615 ықшам ауданы Ы.Алтынсарин көшесінен ауыр жүк көліктерін жүргізбеу мақсатында Б.Өтеулиев көшесі арқылы жол ұсынылды. |
|
28 |
Аудандағы ғимараттардың мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус жолының дұрыс салынуына талдау жүргізу |
Құлсары қаласында ғимараттардың алдына мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус жолының дұрыс салынуы бойынша, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен келісім алынады. Сонымен қатар, жыл сайын аудан бойынша арнайы құрылған комиссиямен тексеру жұмыстары жүргізіліп тұрады. |
|
29 |
«ТШО» ЖШС-нің демеушілігімен салынған 2 ойын алаңын жөндеуді қарастыру |
"Теңізшевройл" ЖШС-нің демеушілігімен "Қоғамдық кеңістік" жобасы аясында салынған балалар ойын алаңдарын теңгерімге алу жұмыстары жүргізілуде. Теңгерімге алынған соң сметалық құжаттама жасақталып, бюджет есебінен қаражат бөлінген соң, құрылыс жұмыстары жүргізіледі. |
|
30 |
8 ауыл №166, 171 үйлерді апаттық жағдайда деп тану жұмыстарын жүргізу |
Техникалық зерделеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес аталған тұрғын аппаты деп танылды Қазіргі таңда апатты деп танлған үйлерді бұзу жұмыстары үшін жол картасы жаақталуда. |
|
31 |
«Болашақ» ықшам ауданындағы үйлердің кілті табысталмаған тұрғынға, кілтін табыстау |
Болашақ ықшам ауданында кілті табысталмаған үйлердің кілті тұрғынға табысталды. |
|
32 |
«Автожолшылар-2» ықшам ауданындағы Тұран көшесіне көше жарығын жүргізу |
Құлсары қаласында көше жарығын жүргізу және қайта жаңғырту үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. Жоба тізіміне Автожолшылар ықшам ауданы Тұран көшесі енгізілген. Құрылыс жұмыстары 2025-2026 жылдарға жоспарланған. |
|
33 |
«Кең Жылыой» ықшам ауданы І.Жансүгіров көшесіне асфальт жол салу |
Құлсары қаласында асфальт жол салу 4 кезең жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. |
|
34 |
«Болашақ» ықшам ауданынан берілген үйлердің құжатын табыстау |
Болашақ ықшам ауданы 100 тұрғын үйлердің құжаттарын табыстау үшін Атырау облысы құрылыс басқармасымен қабылдау-табыстау актісі жасақталып, құжаттары алынды. Қазіргі таңда Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің теңгеріміне алу жұмыстары жүргізілуде. |
|
35 |
2 ықшам ауданына ойын алаңын салу |
Құлсары қаласында Инженерлік инфрақұрылым және аулаларды абаттандыру жобасына сәйкес 2 ықшам ауданына ойын алаңдары салынатын болады. |