Жылыой ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің 2025 жылдың 1-ші жартыжылдық /қаңтар-маусым / қорытындысы бойынша мәлімет

Қазақстан  Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексін және Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының  2023 жылғы             4 қаңтардағы №4 "Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп  түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Бұйрығымен бекітілген қағида талаптарын басшылыққа ала отырып жеке және заңды тұлғалардың өтініштері есепке алынып, қаралады.

        Жылыой ауданы бойынша  2025 жылдың 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша  жеке және заңды тұлғалардан барлығы 2134 (2024 жылы -1582) өтініштер  келіп түсті.

        Жеке тұлғалардан –1764;

        Заңды тұлғалардан –370;

        Оның ішінде жеке қабылдау сұраған 650- өтініш;

        Келіп түскен өтініштердің 578-і арыз, 48-і шағым, 66-ы ұсыныстар және 1532- і хабарламалар мен сұрау салулар.

        2025 жыл 1-ші жартыжылдық қорытындысымен  келіп түскен 2134 өтініштің 188-і қанағаттандырылып,  1946- өтінішке заң шеңберінде түсіндіріліп,  жауаптары берілді.

2025 жылды 1-ші жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен  өтініштердің басым көпшілігі жер мәселесі бойынша 479 өтініш келіп түсіп, 68  өтініш қанағаттандырылып, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 282 өтініш келіп түсіп, 16 азамат жұмысқа орналастырылып, қалған 266 өтініштерге заңға сай жауаптары берілді.  Баспанамен көмектесу (кезектілік бойынша, апатты жағдайдағы) мәселесі бойынша   307-өтініш келіп түсіп,      14  тұрғынға баспана беріліп, 293 өтініштерге заңға сай жауаптары берілді. Коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша 257 өтініш келіп түсіп         28- өтініш оң  шешіліп, қалған 229 өтінішке заңға сай жауаптары берілген.

Құрылыс, жол салу (асфальт қалдықтарын төгіп беру) мәселесі бойынша  248 өтініш келіп түсіп, 21 өтініш қанағаттандырылып,  227 өтінішке заңға сай жауаптары  берілді.

Әлеуметтік көмек мәселесі бойынша 123 өтініш түсіп, 15 өтініш қанағаттандырылып, 108 өтінішке заңға сай жауаптары берілді.

Төтенше жағдай мәселесі (су тасқыны кезінде суға кеткен үйлері мен көліктерін және жер асты суларынын баспаналарына келген шығынды комиссиямен қару, өтемақы төлеу) бойынша 86 өтініш түсіп, 4 өтініш қанағаттандырылып, қалған 82  өтінішке заңға сай жауаптары берілді. Кәсіпкерлік мәселесі бойынша 68- өтініш түсіп, заңға сай жауаптары берілді. Мәдениет және спорт  мәселесі бойынша  51- өтініш келіп түсіп,   4 өтініш қанағаттандырылып қалған 47 өтінішке жауаптары берілді.   Саябақ, балалар ойын алаңын алу бойынша 33 өтініш түсіп 2 өтініші қанағаттандырылып, 31 өтінішке заңға сай жауаптары берілді. Білім саласына қатысты 43 өтініш, денсаулық саласына қатысты 21 өтініш келіп түстіп заңға сай жауаптары берілді. Басқа да әр түрлі мәселелер  бойынша 123 өтініштер келіп түсіп 13-өтініш қанағаттандырылып, 110 өтінішке   заңға сай жауаптары берілді.

Азаматтарды және заңды тұлғалар өкілдерінің

қабылдауын ұйымдастырудың 2025 жылдың

1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша

Азаматтарды және заңды тұлғалар өкілдерінің қабылдауын ұйымдастыру  бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес Жылыой әкімдігінің басшыларымен үнемі өткізіледі.

Әр тоқсан  сайын азаматтарды қабылдау кестесі Жылыой ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында жарияланып отырады.

2025 жылдың 1-жартыжылдық қорытындысымен Жылыой ауданы бойынша 286 жеке қабылдау, 860 адам жеке қабылдауда болды. Жылыой ауданы әкімі аппараты  бойынша Жылыой ауданы әкімінің төрағалығымен 12 жеке қабылдау өтікізіліп  жеке қабылдауда 210 азамат,  аудан  әкімінің  орынбасарларының  қабылдауымен 16 жеке қабылдау өткізіліп жеке қабылдауда 130 азамат, аудан әкімі аппаратының басшысының төрағалығымен 10 жеке қабылдау өткізіліп 18 азамат жеке қабылдауда болды.  Жеке қабылдауда болған 274 азаматтың 57-сінің мәселесі қанағаттандырылып,  217  азаматқа заңға сай жауаптары берілді.

Құлсары қаласы,  кент, ауылдық округ әкімдері бойынша 93  жеке қабылдау  өткізіліп   239 азамат жеке  қабылдауда болды. Қабылдауда болған 65 азаматтың мәселелері қанағаттандырылып, 174 азаматқа заңға сай түсінік берілді.

Дербес бөлімдер басшылары төрағалығымен  155 жеке қабылдау өткізіліп  263 азамат жеке қабылдауда болып, 27 азаматтың мәселелері қанағаттандырылып, қалған 236 азаматтың мәселелері бойынша заңға сай  түсіндірілді.

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

Жергілікті атқарушы органдармен және дербес бөлім басшылары мен олардың орынбасарларымен азаматтарды қабылдаудың бірыңғай қабылдау кестесі бекітіліп Жылыой ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында жарияланып отыр.

2025 жылдың 1-ші жартыжылдық қорытындысы  бойынша «Азаматтарды қабылдау орталығына» келген азаматтар саны-1627. Оның ішінде, кеңес алғандар-1277, мемлекеттік органдар басшыларымен өткізілген жеке қабылдаулар саны-43 (қабылданған азаматтар саны-350), Азаматтарды қабылдау орталығында /АҚО/ тіркелген өтініштердің саны-1346

 

Дата публикации
07 августа 2025