Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округінің сайланған әкімін
тіркеу туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімін тіркегендігі туралы хабарлайды:
Қара Арна ауылдық округінің әкімі болып Сагинов Ербол Нуртаевич, 1983 жылы туған, «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны тіркелді.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы