Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары
2025 жылғы 13 шілдеде Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-бабына сәйкес, Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:
Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 1715 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны – 1201. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 13. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны – 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
|
А.Б.Абилхаироваға |
209 |
|
Е.Н.Сагиновқа |
701 |
|
Е.М.Шымырбайға |
275 |
Қара Арна ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясының Жылыой аудандық филиалынан ұсынған кандидат Сагинов Ербол Нуртаевич, 1983 жылы туған, «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны сайланды.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы