Ақкиізтоғай ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысы туралы ХАТТАМАСЫ

Өткізілу орны: Әкімшілік залы                                                                                 Өткізілу уақыты: сағ 1000                                                             17.06.2026 жыл

Қатысқан қоғамдастық мүшелері саны: 7

Қатыспаған қоғамдастық мүшелері саны: 0

Жиналысқа қатынасқан қоғамдастық мүшелері:

Нариков Асыл-қоғамдастық мүшесі;

Талпақ  Нәдірқұл-қоғамдастық мүшесі; 

Молдақұлов Мұхиден-қоғамдастық мүшесі; 

Суйембаева Динара-қоғамдастық мүшесі;   

Кішкентаев Құмар- қоғамдастық мүшесі;

Базарбаев Сұлтанғали- қоғамдастық мүшесі;

Шегебаев Жұмағали- қоғамдастық мүшесі;

Күн тәртібі:

1.Ақкиізтоғай ауылының көшесіне  ҰОС ардагері Байниязов Ахметтің есімін көшеге беру туралы.

Ақкиізтоғай ауылы округінің әкімі М.А.Кабиденов жиналысты ашып, төрағасы мен хатшысын дауысқа  салуды ұсынды. Қатысушылар бір ауыздан жиналыс төрағасы етіп  Д. Суйембаеваны, хатшысы Қ.Кішкентаевты сайлады.Ұсынысқа қарсылық білдірген жоқ. Ауыл әкімі Кабиденов Марат Алимжанович күн тәртібіндегі мәселе бойынша түсінік берді.

Жиналыс төрағасы Д. Суйембаева А.Байниязовтың өмірбаянымен таныстырып, құжаттарды ұсынды.

Молдақулов Мухиден жергілікті қоғамдастық мүшесі:

-Округке ұсынылып отырған Байниязов Ахметке көше атағын беру орынды деп есептеймін. Себебі Байниязов Ахмет атамыз сонау ҰОС-ында ұрпақтардың болашағына алаңдаған аталарымыздың бірі, атамыздың Отан үшін еткен еңбегі болашақ ұрпақтың жадында мәңгіге сақталу мақсатында көше атауын беру орынды деп есептеймін.

Шегебаев Жұмағали жергілікті қоғамдастық мүшесі:

 - ҰОС ардагері, ұстаз ауыл бүлдіршіндерін білім алуына үлесін қосып, ұстаздық жолында елеулі еңбек атқарды. 2024 жылы Қазақстанның АЛТЫН кітабына енген. Ол ауыл үшін үлкен мақтаныш. Осы орайда Ахмет Байниязов атамызға берілгелі отырған көше атауын өте орынды деп ойлаймын.

Д.Суйембаева жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы:

-Дауысқа салайық.

«Қолдағандар» - 7 адам.

«Қарсы» - 0

«Қалыс» - 0

 Жергілікті қоғамдастық мүшелері бір ауыздан А.Байнязовқа көше беруді қолдады.

 ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Облыс бойынша 2025 жылы ҰОС жеңістің 80 жылдығына орай ұлықтау

жоспарына сәйкес Ақкиізтоғай ауылының ҰОС ардагері Байниязов Ахметке атамызға көше атағын беру туралы хабарламасы мақұлдансын.

  1. А.Байниязовтың есімін көшеге беру туралы жергілікті қоғамдастық

жиналысының қорытындысын аудан әкімі аппаратының, мәслихаттың және облыстық ономастика комиссиясы қарауына ұсынылып, құжаттары жолдансын.

Жиналыс төрағасы:                                                                         Д. Суйембаева                                                                                 

Жиналыс хатшысы:                                                                   Қ.Кішкентаев

 

Дата публикации
01 июля 2025