Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркегендігі туралы хабарлайды:
Абилхаирова Актоты Бактыгалиевна 1974 жылы туған, бөлім басшының орынбасары, «Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Сагинов Ербол Нуртаевич 1983 жылы туған, бас инспектор, «Жылыой ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Шымырбай Ербол Маратұлы 1993 жылы туған, әкімнің орынбасары, «Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы