Құлсары қаласы аппаратында өткен қоғамдастық жиналысының қорытындысы

2025 жылдың 17 маусым күні сағат 15:00-де Құлсары қаласы әкімі аппаратында өткізілген қоғамдастық жиналысының күн тәртібінде Құллсары қаласындағы атауы жоқ көшелерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері  Қызылқұл Бектембаев, Жұмаддин Әлдекенұлы, Қабас Сатаев, Мырзағали Шоқпаров, Балуан Дүзембаев есімдерін беру ұсыныстары қаралды.

Қоғамдастық мүшелері Құлсары қаласындағы атауы жоқ көшелерге Қызылқұл Бектембаев, Жұмаддин Әлдекенұлы, Қабас Сатаев, Мырзағали Шоқпаров, Балуан Дүзембаев есімдерін беру туралы ұсыныстар Жылыой ауданы әкімі аппаратына және Атырау облыстық ономастика комиссия қарауына жолдансын деген шешім қабылдады.

Дата публикации
18 июня 2025