«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптары, Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі, Жылыой ауданы әкімінің 2022 жылғы 6 желтоқсанындағы №22 хаттамасына сәйкес және «Жылыой ауданы, Құлсары қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 19 наурыздағы №06-03-10-418 хаты негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жарылгасов Мурат және Қамаева Айнурдың жеке меншік құқығындағы Құлсары қаласы, 6-ауыл, №112 құрылыс мекен жайында орналасқан кадастрлық нөмері 04-059-009-436 тері аурулары ауруханасы үшін берілген көлемі 0,1 га жер учаскесінің Құлсары қаласы бас жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408 және 505 бабына сәйкес шарасын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстау орнын салуға байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Жер учаскелерінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
- Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2025 жылдың 27 қарашаға дейін деп айқындалсын.
4.7«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі (Ж.Сабыров) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Н.Сармановқа жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі Ж.Қаражанов