Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптары, Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі, Жылыой ауданы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі №06-03-07-01/491 хаты негізінде Жылыой ауданы әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. «Азия-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке меншік құқығындағы Құлсары қаласы, Р.Қараманов көшесінде орналасқан кадастрлық нөмері 04-059-007-288 балалар емханасы үшін берілген көлемі 0,05 га жер учаскесінің Құлсары қаласы бас жоспарына сәйкес Мәдени демалыс орталығын салуға байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Жер учаскелерінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
  3. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2025 жылдың 27 қарашаға дейін деп айқындалсын.

          4.7«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі (Ж.Сабыров) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Н.Сармановқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Аудан әкімі                                                                                          Ж.Қаражанов

Дата публикации
02 июня 2025