Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

        Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі, «Жылыой ауданы, Құлсары қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі №03-03-04-10-586 хаты негізінде Жылыой ауданы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Құлсары қаласының тұрғыны Исмагамбетова Слушаштың жеке меншік құқығындағы Құлсары қаласы, 1 ықшам ауданы №33А мекенжайы бойынша орналасқан банкет залы құрылысы үшін берілген көлемі 0,06 га жер учаскесі инфрақұрылым желілерімен (су құбыры, жол) беттесуіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
  3. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2025 жылдың 16 қазанға дейін деп айқындалсын.

          4.7«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі (Ж.Сабыров) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2.    Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Дата публикации
17 апреля 2025