Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың 2024 жылдың IІ жартыжылдығында қала, кент және ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесуі барысында түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы

Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың 2024 жылдың IІ жартыжылдығында  қала, кент және ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесуі барысында түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы

 

№

Мәселенің қысқаша мазмұны

Орындалысы

 

Құлсары қаласы

 

1

8 ауылда орналасқан саябақ қараусыз қалды, қоршау жұмыстарын жүргізу

 

Жылыой ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі №107 "Мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы" қаулысы шықты. Жердің бағалау жұмыстары жүргізілуде. 

2

1 ықшам аудандағы №43 үйді бұзу жұмыстары қашан жүргізіледі.

Аталған тұрғын үй иесіз мүлік болып табылмауына байланысты бұзуға мүмкіншілік жоқ. Меншік иесін анықтау мақсатында БТИ ге хат жолданды.

3

Беркад сауда үйінің алдына такси тұрағы үшін жол белгілерін қою

 

Жол кедергілерін және жол белгілерін салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялануда. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін аудандық полиция бөлімінің нұсқамасына сәйкес орнатылатын болады.

4

Боран Нысанбаев көшесіне көше жарығын жүргізу

 

Боран Нысанбаев көшесі "Құлсары қаласы көше жарығы құрылысы 1-кезең" жобасы тізіміне енгізілген. Жобалық сметалық құжаттама жасақтауға 2025 жылы қаражат бөлінді. Мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу порталына енгізілді.

5

Боран Нысанбаев көшесіне жол кедергісін салу немесе бейнекамера орнату

 

Жол кедергілерін және жол белгілерін салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялануда. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін аудандық полиция бөлімінің нұсқамасына сәйкес орнатылатын болады.

6

1 ауылға балалар ойын алаңын салу

 

Құлсары қаласының бас жоспарына сәйкес Б.Нысанбаев көшесіне балалар ойын алаңы қарастырылмаған. Алайда, №1 мектептің ауласына әмбебап балалар ойын кешенін салуға ЖСҚ жасақталып, сараптама қорытындысы алынды. Қаражаты бөлінді. 2024 жылы мердігер мекеме анықталып, жұмыстарын орындамауына байланысты сотқа берілді. Сот процесі жүруде. Соттың соңғы отырысы 2025 жылдың 10 ақпанына шегерілді.

7

«Теміржолшылар» ықшам ауданындағы №17 үйге бағалау жұмыстарын аяқтау

 

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысына сәйкес бағалаушы мердігер мекеме "Тенгри Консалт" ЖШС-гі анықталды. Қазіргі таңда келісім шарт жасақтау рәсімдері жүргізілуде.

8

Достық ықшам ауданы мен 5 ауыл арасындағы көпірдің жөндеу жұмыстарын аяқтау

Достық ы/а мен 5 ауылды жалғайтын көпірді жөндеу жобасында жарықтандыру қарастырылған.  Құрылыс жұмыстары 2025 жылы сәуір айында аяқталады.

9

Достық ықшам ауданы мен 5 ауыл арасындағы көпірді жарықтандыру жұмыстарын жүргізу

Достық ы/а мен 5 ауылды жалғайтын көпірді жөндеу жобасында жарықтандыру қарастырылған.  Құрылыс жұмыстары 2025 жылы сәуір айында аяқталады.

10

Қала ішіндегі орналасқан Құрсай өзегін қамыстан тазарту жұмыстарын жүргізу.

Қала ішінде орналасқан Құрсай өзегін қамыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

11

№19 мектеп ғимараты жөндеуден өтуіне байланысты оқушылар №7 мектепке барып оқуда. Сол себепті оқушыларға мектепке барып-келуге арнайы автобус шығару

 

Бөлінген арнайы автобус Қарағай елді мекенінің оқушыларын тасымалдыйды. Қала ішіндегі оқушылар қоғамдық көлікпен қатынауда.

 

 

12

Аудандық мәслихат депутаттары халықпен кездесіп есеп беру және жиындарға эколог маманын қатыстыру

 

Жылыой аудандық мәслихатының депутаттары  халықпен байланысты нығайту, депутаттардың қызметін жариялы ету мақсатында  Фейсбук, Инстаграм әлеуметтік желілері, Жылыой аудандық мәслихатының ресми парақшалары, депутаттардың өз учаскелері бойынша ватсап чаттары ашылды. Мәслихаттың,  депутатардың 2024 жылға жасаған жұмысы туралы ақпаратты сол парақшалардан көруге болады. Сонымен қатар, жыл басынан бері  депутаттар  тоқсан сайын өз сайлаушыларымен кездесу өткізіп келеді. Кездесу мерзімі мен уақытын жоғарыда көрсетілген парақшаларда және «Telegram» - да жарияланып отырады. Алдағы 2025 жылға депутаттпен СМП-615 тұрғындарымен кездесу барысында эколог маманы шақырылатын болады.

13

Жаңадан «Болашақ» ықшам ауданынан берілген үйлер салқын. Мәселені шешу

Болашақ ықшам ауданының үйлері бойынша 16 үйдің төбесін қарап, кері түзейтін жұмыстары болса қамтамасыз етуге мердігер мекемеге тапсырма беріліп, орындалды.

14

Жаңадан «Болашақ» ықшам ауданынан берілген үйлерде суағар салынбаған.

Болашақ ықшам ауданының үйлері бойынша суағар салу жұмыстары мердігер мекемеге тапсырылды.

15

«Болашақ» ықшам ауданына аялдамалар санын көбейту

«Болашақ» ықшам ауданына 2 дана  аялдама орнатылды.

 

16

Халықов мектебіне (4 ауыл жақ бетіне) баратын жолға асфальт қалдығы қажет етеді.
Көпір кіре берісіне асфальт қалдығын төгіп беру

Ағымдағы жылғы қалаішілік автомобиль жолдарын бөлшектеу кезінде артылған  асфальт қалдықтары төгілді.

 

17

5 ауылдағы көпірдің 3 трубасын көгалдандыру жұмыстарына берілсе

Н.Арқабаев көшесіндегі көпірді күрделі жөндеу кезінде көпір астындағы ескі су өткізгіш трубаны құрылыс жұмыстарына қажет ететіндіктен мүмкіншілік жоқ.

18

Қаражар көшесіне көше жарығын жүргізу

 

Қаражар көшесі мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында жүргізілетін көше жарығы тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй шаруашылық басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың мамыр айына жоспарлануда.

19

Абдрахманов көшесінде жүргізіліп жатырған жолдарды толық аяқтау, 4-5 үйлердің арасында жолдар жасалынбай қалды

 

Ұ.Абдрахманов көшесіндегі аулаларды абаттандыру жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме "Өмірзақ" ЖШС-гі. Абаттандыру барысында жол салу жұмыстары қарастырылған. Ұ.Абдрахманов көшесіндегі №4 және 5 үйлердің арасындағы жолдың 1 қабаты төселді. Жұмыстар жалғасуда. Аяқталу мерзімі 2025 жыл.

20

Жадырасын ықшам ауданына көше жарығын жүргізу

 

"Жадырасын" ықшам ауданының көшелері мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында жүргізілетін көше жарығы тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй шаруашылық басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың мамыр айына жоспарлануда.

21

Жадырасын ықшам ауданының көшелеріне жол салу

"Құлсары қалаішілік автомобиль жолын қайта жаңғырту 4-кезең" жобасына енгізілді. Құрылыс жұмыстары қаражат көзі бөлінсе 2025 жылы бастау алады.

22

Жадырасын ықшам ауданының тоқ қуатын күшейту

 

Құлсары қаласының көшелерінің жарығы "Құлсары қаласы электр желілерін қайта жаңғырту" 1-кезең жобалау сметалық құжаттамасы тізіміне енгізілген. Сонымен қатар, аталған жобаға енізілмеген көшелер тізімі жасақталып, "Құлсары қаласы электр желілерін қайта жаңғырту 2-кезең"ЖСҚ тізіміне енгізілген.

23

Жадырасын ықшам ауданына жүретін қоғамдық көліктердің жүру бағытын өзгерту

Асфальт қалдықтары төгілген көшелер арқылы қоғамдық көліктер жүруде. Нақты жүру бағыты (схемасы) "Құлсары қалаішілік автомобиль жолын қайта жаңғырту 4-кезең" жұмыстары аяқталған соң жүзеге асырылатын болады.

24

Көктемгі су тасқыны кезінде салынған бөгеттерді бұзу

Көктемгі су тасқыны кезінде салынған бөгеттер бұзылмайды.

 

25

Сырым Датов көшесіне жаяу жүргіншілер жолағын сызу және жаяу жүргінші жол белгісін орнату

Жол кедергілерін және жол белгілерін салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялануда. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін аудандық полиция бөлімінің нұсқамасына сәйкес орнатылатын болады.

26

М.Таңқыбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салу

 

Құлсары қаласы бойынша төсемтастар қажет ететін көшелердің тізімі жасақталып, аталған тізімге "М.Таңқыбаев " көшесі енгізілді. Қаражат көзі қарастырылып, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Жылыой аудандық автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу порталына жариялауда.

27

Кіші аяқ доп алыңы мен воркаут салу

"Атамұра" ықшамауданына кіші аяқ доп алыңы мен воркаут салу бас жоспарда қарастырылмаған.

28

Бұзылған 2 қатарлы үйдің орнына амбулатория немесе полиция пунктін салу

СМП-224 ықшам ауданында бұзылған 2 қатарлы үйдің орнына полиция пунктін салу жоспарлануда.

 

29

№261-264 көшелерге асфальт жол салып беру

"Құлсары қалаішілік автомобиль жолын қайта жаңғырту 4-кезең" жобасына енгізілді. Құрылыс жұмыстары қаражат көзі бөлінсе 2025 жылы бастау алады.

30

М.Таңқыбаев көшесіндегі Балзия дүкенінің тұсынан жауын-шашынан жиналған суды өткізу мақсатында асфальт жолдың астына су ағатын құбыр салу

2025 жылға жоба жасақтау қарастырылуда.

 

31

Қ.Аманжолов көшесінің көше жарығы толық жүргізілмеген, жұмысты аяқтау

 

Қ.Аманжолов көшесі "Құлсары қаласы көше жарығы құрылысы кезең" жобалау сметалық құжаттамасы тізіміне енгізілген. Құрылыс жұмыстары ауданның даму жоспарына сәйкес 2024-2025  жылдарға жоспарлануда.

32

Көктемгі су тасқыны кезіндегі тұрғындар тарапынан шығарылған құрылыс қалдықтарын алдырту

Көктемгі су тасқыны кезіндегі тұрғындар тарапынан шығарылған құрылыс қалдықтары "Теңізшевройл" ЖШС-нің демеушілігімен алынуда.

33

8 ауылдағы Архив ғимаратын бұзып, орнына балабақша салу

8 ауылдағы Архив ғимаратының орнына балабақша салу мәселесі бойынша зерделенуде.

34

Қауқаев көшесіне жол кедергісін және жол белгісін салу

 

Жол кедергілерін және жол белгілерін салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялануда. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін аудандық полиция бөлімінің нұсқамасына сәйкес орнатылатын болады.

35

1 ықшам ауданы №23, 25 үйлердің қас беттерін жасап жатырған мердігер мекемелер құрылыс материалдарын тазалау және үйдің төбесінен жаңбыр суы өтіп кетуіне байланысты жұмыстарды алды-ала жоспарлап жасау

Құлсары қаласы №1 ықшам аудан №23, 25 көп қатарлы тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырған мердігер мекемелерге тазалық жұмыстарын жүргізу жөнінде ескерту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар нысандардың құрылыс жұмыстары қаржыландыру көздеріне сәйкес өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

 

36

Базар маңындағы 3.27, 3.28 жол белгілері және «тұруға тыйым салынады» белгілері орынсыз қойылған. Мәселені шешу

Аталған мәселе бойынша аудандық полиция бөліміне қатынас хат жолданды.

 

37

№19 мектептің жөндеу жұмыстарын аяқтау

 

Жылыой ауданы Құлсары қаласының көктемгі су тасқыны кезінде бүлінген білім беру ұйымдарын қалпына келтіру мақсатында Атырау облысы білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің №19  жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме  «Вертикаль - KZ» ЖШС-мен  2024 жылғы 13 желтоқсанда №74  келісім шарт жасақталған. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстарының (төбе шатырын, еденді демонтаж жұмыстары жүргізіліп, жылу, канализация жүйелері жаңартылды, еденге стяжка құйылып, төбе шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде)  40 пайызы орындалды. Қазіргі кезде мердігер мекеменің жұмысшыларының саны 30  адам.

38

«Асан» көлік жуу орталығынан №19 мектепке дейінгі аралықта 19 мектеп құрылысын жүргізіп жатырған мердігер мекеме цемент ерітіндісін автокөлікпен тасымалдау кезінде асфальт жол бүлінген. Шарасын алу

Автокөлік жолы тазаланды.

 

39

Мұрагер ықшам ауданындағы «Салтанат» балабақшасының мәселесін шешу

 

Жылыой  ауданындағы 2024 жылғы  көктемгі су тасқыны кезінде Мұрагер ықшам ауданындағы  «Салтанат ясли бақшасы» ғимараты су қоршауында қалып «АлмасСемсер» ЖШС-нің 2024 жылғы 27 мамырдағы №11 ғимаратқа «техникалық зерттеу қорытындысы» негізінде  Мұрагер ықшам ауданындағы  «Салтанат ясли бақшасы» КМҚК-і  ғимараты  «апатты жағдайда» деп қорытынды алынды. Қазіргі кезде балабақша жұмысы уақытша тоқтатылды, балабақша тәрбиеленушілері Құлсары қаласының  басқа балабақшаларына орналастырылды. Облыстық құрылыс басқармасымен балабақша ғимаратының жарамдылығы қосымша тексерілуде. Облыс әкімінің Қаулысы  негізінде ары қарай шешім қабылданатын болады.

40

Болашақ ықшам ауданына интернет желісін тарту

"Болашақ" ықшам ауданына "Кибернет" желісі жүргізілді. "Алма Тв" желісін жүргізу үшін құжаттарын жасақтауда.

41

Болашақ ықшам ауданында бұралқы иттерді аулау

2024 жылы ит аулау жұмыстары аяқталды.  2025 жылы ит аулау жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу порталына жариялау үшін құжаттар зерделенуде.

 

Жаңа Қаратон кенті

 

42

Ойын алаңының шарбағына есік салу.

Ойын алаңының шарбағына есік салынды.

43

Кенттегі амбулаторияның жөндеу жұмыстарын аяқтау

Жаңа Қаратон кентінде амбулатория құрылысын салу объектісі бойынша сотпен іс жүргізу жұмыстары жүргізілуде.

44

Құлсары-Жаңа Қаратон-Құлсары бағытында жүретін №55 маршруттың жүру бағытын «Банк» аялдамасы арқылы жүргізу.

 

Құлсары-Жаңа Қаратон-Құлсары бағытында жүретін №55 маршруттың жүру бағытын «Банк» аялдамасы арқылы жүргізуге мүмкіншілік жоқ. Себебі тасымалдаушы "Ютонг" маркалы көлік «Банк» аялдамасының қасындағы бағдаршам бағанасына бұрылған кезде кедергі тудырады. 

45

Кенттегі «Болашақ» көшесіне 200 метр көше жарығын қондыру.

Жаңа Қаратон кенті, Болашақ көшесіне демеушілік мақсатта "Жаңа Қаратон кенті көше жарығы құрылысы" жобасы аясында көше жарығы жүргізілетін болады.

46

«Демеу» зиратына дейінгі жолды автогрейдермен тегістеп беру.

 

«Демеу» зиратына дейінгі жолды автогрейдермен тегістеу жұмыстары жүргізілді.

 

47

2 жыл бұрын салынған көше жарығының жұмысы қашан аяқталады.

 

"Жаңа Қаратон кенті көше жарығы құрылысы" жобасын аяқтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, қорытындысына сәйкес "KDC Group" ЖШС-і жеңімпаз атанып, келісім шарт жасақталды. Қазіргі таңда мобилизация жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары ақпан айында басталатын болады.

 

Ақкиізтоғай ауылдық округі

 

48

С.Мауленов көшесіне жол салу

 

Ақкиізтоғай ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдар жоспарға сәйкес 5 км жолдың құрылысы толық аяқталды. "Ақкиізтоғай елді-мекені ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту 2-кезең" жобасына енгізілді. Ауылішілік 8,6 шақырым автомобиль жолдарын салу бойынша жоба жасақталып, сараптамадан қорытындысы алынды. Қазіргі таңда қаражат көзі сұратылуда. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы бастау жоспарланып отыр.

49

Жаңбыр суы жапқа тіреліп,  үйінің алдындағы су кұбырына құйылып, толып кетеді. Мәселені шешіп беру

Су тасқыны кезінде  топырақтан салынған жаптың топырақтары тегістеліп, тұрғынның талабына сәйкес жасалды.  

 

50

Ауылға мәдениет үйі салына ма?

 

Ақкиізтоғай және Қосшағыл ауылдарындағы мәдениет үйілерінің құрылысын салу және түзету жұмыстары ТШО ЖШС "Игілік" бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда түзету жұмыстары жүргізілуде. Жоба жұмыстары 2025 жылдың қаңтар айында сараптамаға енгізіліп, ақпан айында қорытындысын алған соң, құрылысын салу үшін тендерлік рәсімдер басталады.

51

Ауылда тоқ сөнсе Актив/кселл интернеті жасамай қалады. Тоқ генераторын алып берілсе

 

Ақкиізтоғай ауылдық округінде "Атырау жарық" мекемесіне қарасты  тоқ беретін станцияның қосалқы бөлшектерін жаңадан ауыстыруна байланысты екі айдан астан уақыттан бері округ орталығында тоқ көзінің болмай қалуы орын алған жоқ. Акитив/кселл  байланыстарын қалыпқа келтіру мақсатында қуаттандырғыштарын (батерия) жаңадан ауыстырылды.  Алдағы уақытта округте тоқ көзі болмай қалған уақыттарда Актив/ кселл байланыс желілері  жасамай қалу орын алмайтын болады.

52

Мектепке дейін жол салына ма?

 

Ақкиізтоғай ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдар жоспарға сәйкес 5 км жолдың құрылысы толық аяқталды. Ауылішілік 8,6 шақырым автомобиль жолдарын салу бойынша жоба жасақталып, сараптамадан қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстары ауданның кешенді даму жоспарына енгізілді.  Мектепке дейін жол салу 8,6 шақырым автомобиль жолдарын жобасына енгізілген. 

 

Жем ауылдық округі

 

53

Үйінің үстінен жоғары кернеулі тоқ желісі өтіп жатыр. Мәселені шешіп беру

Ауылішілік жалпы ұзындығы 3150 метр ВЛ-10 кВ жоғары кернеулі әуе электр желісін ауыстыру жұмыстарына жобалау-іздестіру жұмыстары жасалуда.

54

Ауылдағы ескі тоқ желісін және ағаш бағаналарын ауыстыру

Ауылішілік жалпы ұзындығы 10 километр ВЛ-0,4 кВ әуе электр желісін ауыстыру жұмыстарына жобалау-іздестіру жұмыстары жасалуда.

55

Ауылға жаңа амбулатория салу

 

Жылыой аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы жер учаскесін анықтау және Атырау облыстық құрылыс басқармасына салалық қорытынды жолданды. Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылыс басқармасы тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталады.

56

Ауылдың орталық көшелеріне балалар ойын алаңы мен шағын аяқ доп алаңын салу

Жер учаскесін анықтау және жобалау-іздестіру жұмыстары жасалуда.

 

57

Мойнақ өткелін салу

 

2024 жылғы 6 -14 желтоқсан аралығында "Олжа" ЖШС, "Интертаско" ЖШС, ЖК "Сарбалин", "Строймонтаж" ЖШС демеушілік көмектерімен Мойнақ өткелі салынып, пайдалануға берілді.

58

Б.Момышұлы, М.Өтемісов, Қанжыға, Жастар көшелеріне бақылау камерасын орнату

Аталған көше аумақына камера орнату мақсатында техникалық зерделеу жұмыстары жүргізуде.

 

Қара Арна ауылдық округі

 

59

Бала бақша құрылысын бастау

 

Ауылға 280 орындық балабақша құрылысын салу «ТШО» мекемесі "Игілік" бағдарламасы аясында жоспарланған. Қазіргі таңда тендерлік рәсімдер аяқталды. Келісім шартқа отыру процессі жүргізілуде.

60

«Атырау-Құлсары» тас жолынының су шайған жерлеріне  жөндеу жұмыстарын жүргізу 

 

"Қазавтожол" АҚ-ы мекемесімен құрылыс жұмыстарын жүргізуге мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, нәтижесінде "СинеМидасСтрой" ЖШС-гі жеңімпаз болып анықталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың ІІ тоқсанында бастау жоспарлануда.

61

Ауылдағы ауыз су стансасының ауласындағы 12 прожекторді  іске  қосу 

Су стансасы ауласындағы 12 прожектор іске қосылды.

 

62

Ауылдағы аялдамалар  құрылысын аяқтау 

Күні бүгінге аялдамалар каркасы орнатылды, бірақ әйнекпен қапталған жоқ.

63

Құлсары қаласындағы «Қызғалдақ» бала бақшасы алдында  автотұрақ салу

Мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып конкурсы ұйымдастырылуда.

 

64

Шоқпартоғай ауылындағы Т.Дешенов көшесіндегі электр бағаналарын ауыстыру

 

"Жайық-жарығы" мекемесіне ұсыныс берілді, өзгеріс енгізілген жобада Т.Дешенов көшесі бар. "Жайық-Жарығы" мекемесінің атқаратын жұмысының жобасына (корректировкаға) енгізілді.

65

«HyperOptic OZ» мекемесі орнатқан интернет желісі дұрыс жасамайды. Мәселені шешіп беру 

Интернетті іске қосу мақсатында «HyperOptic OZ» мекемесінің мамандары "Қазақтелеком" АҚ-ның трафик алу арқылы қосу жұмыстарын жүргізуде.

66

Шаруа қожалықтарының жерлері ауылдан қанша қашықтықта болуы керек? «Манас» шаруа қожалығы ауылға малдарын әкеліп, ауылдағы гараждан бордақылау жұмыстары жүргізейін деп жатыр.  Қаншалықты заңды?

 

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 102 бабына, «Жануарларды өсіруді,өткізуді жүзеге асыратын өндірістік объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а 2015 жылғы 29 мамырдағы №7-1/498 бұйрығына, «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық- қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы №ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру объектілердің қауіптілік сыныбына байланысты рұқсат етілетіндігін хабарлайды.

67

№3 мектептің алдына автотұрақ салу

 

№3 мектеп алдына автотоұрақ үшін жер телімі бөлінген. Құжаттары дайын. Ауылішлік 2 деңгейдегі этаптағы 15,909 км ішкі жолдар құрылысы басталғанда сол жобаға қосып салып жіберу жоспарлануда.

68

Бұрынғы совхоздың кезінде Газпром линиясының бойында «Есжан» деген жерде судың краны болды. Сол линияны ашып беруге ықпал ету. Су есептегішпен заңды түрде алуға көмектесу

Құлсарыдан ауыз су линиясын "Есжанға" дейін тартып, су кранын ашу тиімсіз. Үлкен қаражат қажет етеді. Тиімді жолы- Жем өзені суын пайдалану. Бұрыннан табиғи қалыптасқан өзен арналарын құмнан аршу, тазарту (Айғара сайы бағыты, Қоскөл сайы бағыты). Өзен суының су тоғандарына, жайылымдарға шығуын реттеу жұмысы -  тиімді жолы.

69

Ауылішілік газ желілерін сырлау жұмыстарын қашан жүргізіледі

Газ желілерін сырлау жұмыстары "Жылыойгаз" ЖШС-нің 2025 жылдың мамыр айына жоспарланған.

70

Атырау-Құлсары тас жолы бойындағы  баннер қашан ауыстырылады

 

Құлсары-Доссор республикалық тас жолының Жылыой ауданы аумағына 30 дана баннерлерді орнату үшін мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып конкурсы ұйымдастырылуда. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың ІІ тоқсанында бастау жоспарлануда.

71

Аласа тұрған телефон желілерін ауыр жүк көліктері өтетіндей етіп көтеріп беру

«Қазақтелеком» АҚ-ның ЖАТТ мекемесі тарапынан желіні көтеріп биіктету үшін бағана қондырылып, желі көтерілді.

 

Қосшағыл ауылдық округі

 

72

Ауылға қондырылған интернет желісі дұрыс жасамайды. Мәселені шешу

 

Ауылдың интернет жүйесін жақсарту мақсатында сымсыз интернет желісін құру қызметтерін жүргізуді "HyperOptic OZ" мекемесі жеңіп алды. Қосшағыл ауылы бойынша 72 тұрғын үйге интернет жүйесі қондырылды. Мердігер мекеме жұмыстарын уақытылы аяқтамауына байланысты сотқа талап арыз жолданып, жұмыстары тоқтатылды. Қазіргі таңда "Қазақтелеком" АҚ-ның интернет желісі жұмыс жасап тұр.

73

Көшенің ортасында  Қазақтелеком мекемесінің  бағанасы тұр. Бағананы алып тастау 

"Қазақтелеком" АҚ-на тиесілі бағаналар алынып, басқа орынға көшірілді.

 

74

Орындалды: "Қазақтелеком" АҚ-на тиесілі бағаналар алынып, басқа орынға көшірілді.

Сарқамыс көшесіндегі талдарды тазалап, алып тастау 2025 жылғы көктемдегі тазалық екі айлығына жоспарлануда.

75

2025 жылға ауыз судың субсидиясын биылғы жылдың бағасымен қалдыру

"Жылыойсу" ЖШС-гі ауылға беріліп отырған ауыз судың субсидиясы 2025 жылға қарастырлғандығын хабарлады.

76

Ескірген интернет бағаналарын ауыстыру

 

"Қазақтелеком" АҚ-ы бағаналарды ауыстыру жұмыстары 2025 жылдың ІІ тоқсанында атқару қарастырылған.

77

Жабылып қалған интернаттың ішінен мүмкіндігі шектеулі балаларға  жабдықталған бір  бөлме ашу

 

№2 жалпы орта білім беретін мектеп мемлекеттік мекеме болуы себепті мектептің ішінен жеке меншік кабинет ашып, жұмыс жасау заң аясында қарастырылмаған. Сонымен қатар, мектеп жанындағы интернат ғимаратында шағын орталық (мини центр) және 0 сынып оқушылары білім алуда.

78

Құлсары қаласындағы автобекеттің жолы талапқа сәйкес емес. Автобекеттің айналысын және жолын  ретке келтіру 

Автобекетке ағымдағы жылғы қалаішілік автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары кезінде бөлшектенген асфальт қалдығы төгілді. Одан бөлек автобекет басшылығына қатынас хат жолданды.

 

79

Қарағай елді мекеніндегі  футбол алаңына 2 тоқ бағанасын орнатып, тоқ жүргізіп беру 

Қарағай елді-мекеніндегі футбол алаңына 2 тоқ бағанасы орнатылып, жүргізілді.

 

80

Қарағай елді мекеніне ауылішілік жол салу

 

Жылыой ауданы Қарағай елді мекені мен №24 мектеп гимназиясы автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобаға түзету енгізіліп, мердігер мекемемен келісім-шарт жасақталуда. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылы жалғастыру жоспарланып отыр.

81

Қарағай елді мекеніне ауылішілік көше жарығын жүргізу

 

Қарағай елді мекені мен №24 мектеп гимназиясы автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобаға түзету еңгізіліп, мердігер мекемемен Жылыой ауданы
жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі келісім шарт жасақтауда. Құрылыс жұмыстарын жалғастыру 2025 жылға жоспарланып отыр.  Ауылішілік көше жарығын жүргізу осы жоба аясында қарастырылған.

 

Майкөмген ауылдық округі

 

82

Ауылға жаңа мектеп салуды «Игілік» бағдарламасына ұсыну

 

Майкөмген ауылына салынатын 300 орындық мектептің құрылысын салу ТШО ЖШС "Игілік" бағдарламасының тізбесіне енгізілді. Қазіргі таңда тендерлік рәсімдерге дайындау үшін құжаттар қаралуда.

83

Ауылға салып жатырған жолдың сапасын қадағалау

 

Құрылыс жұмыстары барысында техникалық қадағалау мекемесімен жұмысшылар, қадағалаушылар көбейтілді.

84

Ауылға жаңадан салынып жатырған саябақты аяқтау

 

Ауылды көгалдандыру мақсатында саябақ салу үшін «НСС» мекемесінің демеушілігімен 1 га жер қоршалып, шарбақталды. Осы жерге тал отырғызу, төсемтастар төсеу, тамшылатып суару, орындықтар қою үшін жобалау-сметалық құжаттары жасақталуда. Жобалық сметалық құжаттама жасақтау мерзімі-2025 жылдың шілде айы.                                            

*** Мердігер мекеме-«TREU» ЖШС-гі.

 

Исполнение плана мероприятий по реализации предложений и отзывов поступивших в ходе встречи с акимом Жылыойского района Ж.Каражановым с населением города, поселка и сельских округов во II полугодии 2024 года
Дата публикации
19 февраля 2025