Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» № 103 бұйрығына сәйкес, Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігімен «Жасыл Жылыой » коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құруы жоспарлануда.
Осыған байланысты, жеке және заңды тұлғалардың осындай кәсіпорынды құру бойынша қызығушылық білдірген жағдайда, 2025 жылдың 11 наурызға дейін Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігіне, Атырау облысы Жылыой ауданы, Ж.Ізтұрғанов көшесі, 7, 201кабинет (2қабат) мекен-жайына ұсыныстарыңызды жолдауды сұраймыз.
Байланыс үшін: (Сарт Бауыржан Жанафияұлы)
тел.: +7 (71237)5-07-10