«Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес көрсетеді.

 

«Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес көрсетеді.

«Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» ММ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидалары:

"Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, елорданың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

       4) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

      5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

       6) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

      7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

 

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

       "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

  1. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

  1. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Пайдаланушының порталда тіркелген абоненттік ұялы байланыс нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      Дербес деректерді және ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркеген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Портал арқылы жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде ұсынылған құжаттарды қабылдап, тіркеуден өткізіп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарар жазуына жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастырушы тұлға құжаттар мазмұнымен танысып, қарар жазады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учсакесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті шаруа немесе фермер шаруашылығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға не объект салу үшін ұсынылған жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жолдайды;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды және 1 (бір) сағат ішінде жауапты орындаушыны тағайындайды.

      4) объект салу үшін берілген жер учаскелері бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы уәіклетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін кадастрлық құжаттама арқылы сәйкестендіреді, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы талаптарының сақталуын тексереді, қорытынды дайындайды және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жолдайды;

      5) шаруа немесе фермер шаруашылығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жер учаскесінің шекараларының өзгермегені туралы мәліметтерді жолдау туралы сұраным жолдайды, шаруа немесе фермер шаруашылығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ұсынылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуы туралы монититорингтің нәтижелерін қарастырады;

      6) Мемлекеттік корпорация 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді көрсете отырып тиісті қорытынды ұсынады;

      7) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәілетті органның жауапты орындаушысы қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды жинақтап қорытындылайды, жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімінің жобасын әзірлейді;

      8) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің жобасымен келіседі;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешім жобасына қол қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімінің көшірмесі жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасау үшін жолданады;

       10) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын әзірлейді;

      11) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) туралы шартқа қол қояды;

      12) көрсетілетін қызметті беруішінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган басшысының қолы қойылған жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) туралы шарт портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы шешім, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) туралы шарт жасау не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  1. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

       Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

       Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

  1. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

 

"Жер учаскесін жалдау
мерзімін ұзарту"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

 "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

 

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

 

3

 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

 10 (он) жұмыс күні ішінде

 

4

 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

 

5

 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

 Көрсетілетін қызметті беруішінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

 

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

 

7

 Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда 13.00-14.30-ке дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;

2) порталда орналастырылған.

 

8

 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;

2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);

3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі;

порталға:

1) қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;

2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);

3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі.

 

9

 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабы 3-тармағының алтыншы бөлігінде, 37-бабының 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар.

Көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

"Жер учаскесін жалдау
мерзімін ұзарту"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

 

_______________________әкімі

 

(облыстың, қаланың, ауданның)

 

____________________________

 

(аты, әкесінің аты (бар болса),

 

тегі

 

____________________________

 

(жеке тұлғаның аты, әкесінің

 

аты (бар болса), тегі

 

____________________________

 

заңды тұлғаның толық атауы)

 

____________________________

 

(жеке сәйкестендіру номері

 

немесе бизнес-сәйкестендіру

 

номері)

 

____________________________

 

(жеке тұлғаның немесе заңды

 

тұлға өкілінің жеке басын

 

куәландыратын құжаттың

 

деректемелері)

 

____________________________

 

(байланыс телефоны (бар болса),

 

____________________________

 

орналасқан жері (заңды тұлғалар

 

үшін) не тұрғылықты

 

мекенжайы (жеке тұлғалар

 

үшін)

         

 Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартуға өтініш

      ________________________________________________________________мекенжайы

      (мекенжайы (орналасқан жері), жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)

      бойынша орналасқан, алаңы______________________________ гектар жер учаскесіне

      _______________________ жылға ________________________________үшін уақытша

                                                 (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

      (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын

      беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      __________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне

      жүгінген кезде/электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үкіметтің"

      веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

      20___жылғы " ______" _________

 

"Жер учаскесін жалдау
мерзімін ұзарту" мемлекеттік
қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________

       Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      _______________________________________________________________

                              (бас тарту себептерін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):

      _______________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі):

      мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация

      құралдары арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші ______________________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылғы " "

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

       2) жер комиссиясы – Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 43-бабына сәйкес өтініштерді (өтінімдерді) қарау және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындау үшін құрылатын жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      4) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің ауданы, оның шекарасы мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;

       5) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – жер учаскелерінің сапалық және сандық сипаттамаларын, оның ішінде олардың шекаралары туралы, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;

      7) пайдаланушының "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

       "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

  1. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

  1. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақының төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді құжаттарды қабылдау күні 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырады;

       2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады;

       3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті құзыреті шегінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жібереді;

      4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті қызметтерге келісуге жібереді;

      5) келісуші органдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады;

      6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс дайындайды;

      7) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы материалдарды жер комиссиясының қарауына дайындайды;

      8) жер комиссиясының қорытындысы жер комиссиясына жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады;

      9) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға мынадай тәсілдердің бірімен жібереді:

      қолма қол беру;

      берілгені туралы хабарламамен тапсырысты почта жөнелтілімі түрінде;

      электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжатпен;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған өтініш берушінің электрондық почтасының мекенжайы бойынша.

      Жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісін ұсынуы үшін (жер учаскесін сатып алған кезде), жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда – мемлекеттік қызмет көрсетуде жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;

      10) жер қатынастары жөніндегі уәкілдің не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі (жер учаскесін сатып алу кезінде) келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін дайындайды.

      Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтердің әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі;

      11) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесін өзгерту туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады;

      12) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған тиісті шешімді курьер арқылы беруге тапсырады;

      13) дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру жеке куәлікті немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

  1. Порталға жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері құжаттарды қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

       2) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам құзыреті шегінде құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жібереді;

       4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті қызметтерге келісуге жібереді;

       5) келісуші органдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады;

      6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты дайындайды;

      7) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер комиссиясының қарауына материалдарды дайындайды;

      8) жер комиссиясының қорытындысы жер комиссиясына жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім түрінде екі данада жасалады;

      9) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға, жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісін (жер учаскесін сатып алу кезінде) беру үшін жібереді, жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда – мемлекеттік қызмет көрсетуде жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді;

      10) жер қатынастары жөніндегі уәкілдің не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі (жер учаскесін сатып алу кезінде) келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін дайындайды.

      Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтердің әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі;

      11) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесін өзгерту туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады;

      12) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы тиісті шешімді портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  1. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

       Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

       Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

  1. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

 

"Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

 "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

 

2

2

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.

 

3

 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

13 (он үш) жұмыс күні.

 

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

 

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің сатып алу-сату шартын (жер учаскесін сатып алған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

 

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

 

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес;

2) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін;

3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;

3) порталда орналастырылған.

 

8

 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;

жер комиссиясының оң шешімі болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

 2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, бюджеттің кірісіне Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеу, оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда бюджетке кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу;

3) әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін рұқсат.

 

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

"Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

         

      Нысан

 

__________________әкімі
(облыстың, қаланың, ауданның,
кенттің, ауылдың, ауылдық
округтің)
____________________________
(аты, аты, әкесінің аты (бар
болса), тегі)
_________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)
____________________________
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
(жеке тұлғаның жеке басын
куәландыратын құжаттың
деректемелері
___________________________
жеке тұлғаның,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
____________________________
тұратын мекенжайы)

 Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беруге өтініш

       Сізден ________________________мекенжайы бойынша орналасқан

      маған жеке меншік (жер пайдалану) құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуіңізді сұраймын

      кадастрлық нөмірі __________________________________________

      ______________________________________________________ байланысты

      (жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту себебін көрсету)

      ___________________________________________ нысаналы мақсатынан

      ____________________________________________ нысаналы мақсатына

        ______________________________________________________

      ауданы _______________гектар.

      Құқық белгілейтін құжат ______жылғы __________ № _____

      Сәйкестендіру құжаты _____ жылғы ____ _______ № ______

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы

       _____________________________________________

       (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы

 

"Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________

       Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының

       1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын

       өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы

       хабарлаймыз, өйткені:

       _______________________________________________________________

      бас тарту себептерін санамалау

       Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі)

       жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз

       ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):

      _______________________________________________________________

       (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі):

       мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация

      құралдары арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші ______________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылғы " "

"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

       Ескерту. Бұйрық 17-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган –облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, елорданың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

       4) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      5) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – жер учаскелерінің, оның ішінде олардың шекаралары туралы сапалық және сандық сипаттамаларды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;

      6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

       "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

  1. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады.

  1. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжатты иеленушінің келісімі болған жағдайда алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.

      Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырады;

       2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жібереді;

      4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;

      5) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде келісуге барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.

      Келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды ұсынады.

      Табиғи монополиялар субъектілері сауалнама парағын алған күннен бастап техникалық шарттарды, ахуалдық схеманы және топографияны алған күннен бастап үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады.

      Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған жер учаскесі бойынша мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстары үшін смета қоса беріледі.

      Сұратылып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, 3 (үш) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты жібереді.

      6) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және қол қоюға жібереді.

       Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды;

      7) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжат келіп түскен күні жер учаскесін таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны қарайды және оған қол қояды;

      8) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін жер учаскесін таңдау актісін және жер-кадастрлық жұмыстарға (жер-кадастрлық жоспарды жасауға) сметаны жібереді.

      Түпкілікті таңдау актісін келісу және оның жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді өтініш беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш берушімен келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келіскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын алу күні туралы хабарлама қол қою үшін береді.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Мемлекеттік корпорация сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің күшін жою үшін қайтарады.

      Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келісу және жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасау – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде:

      1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

      2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысын белгілейді;

      3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер-кадастрлық жоспар бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.

      Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, бекітілген жер-кадастрлық жоспар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және қол қояды.

      Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің көшірмесі, жер-кадастрлық жоспар 1 (бір) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын дайындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін жіберіледі;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және курьер арқылы беру, сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттамада есепке алу үшін Мемлекеттік корпорацияға береді;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.

      Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде келіп түскен құжаттарды тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жібереді;

      3) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;

       4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде келісуге барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.

      Келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды ұсынады.

      Табиғи монополиялар субъектілері техникалық шарттарды, ахуалдық схеманы және топографияны алу үшін сауалнама парағын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады.

      Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған жер учаскесі бойынша мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстары үшін смета қоса беріледі.

      Сұратылып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді;

      6) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді.

       Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;

      6) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжат келіп түскен күні жер учаскесін таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны қарайды және оған қол қояды;

      7) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін ЭЦҚ қойылған, электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін таңдау актісін және жер-кадастрлық жұмыстарға (жер-кадастрлық жоспарды жасауға) арналған сметаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін келісуді және оның жер-кадастрлық жұмыстар үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келіскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын алу күні туралы хабарлама береді.

      Екінші кезең:тжер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде:

      1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспар дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

      2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысын белгілейді;

      3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер-кадастрлық жоспар бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.

      Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, бекітілген жер-кадастрлық жоспар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және қол қояды.

      Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің көшірмесі, жер-кадастрлық жоспар 1 (бір) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын дайындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне, сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттамада есепке алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі;

      6) көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

       Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау, жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) шарт жасасу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  1. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

       Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

       Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

       Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.

  1. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

 

"Республикалық маңызы бар
қала, астана, облыстық және
аудандық маңызы бар қалалар
шегінде жер учаскесіне
құқықтар алу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

 "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

 

2

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.

 

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.

Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

 

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

 

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

 

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) 3-қосымшаның 28-параграфына сәйкес мөлшерде есептеледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жер учаскесіне жер-кадастрлық жоспарды дайындау өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

 

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес;

 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;

 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;

 3) порталда орналастырылған.

 

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

бірінші кезең:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары).

Екінші кезең: келісілген жер учаскесін таңдау актісі, жер-кадастрлық жұмыстар қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі/электрондық көшірмесі.

 

9

 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Жер кодексінің 43-бабы 3-тармағының алтыншы бөлігінде, 49-2-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

 3) Жер кодексінің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы.

 

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

"Республикалық маңызы бар
қала, астана, облыстық және
аудандық маңызы бар қалалар
шегінде жер учаскесіне
құқықтар алу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

         

      Нысан

 

______________________
(облыстың, қаланың, ауданның)
әкімі ______________________
( аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі)
________________
(жеке тұлғаның аты,
 әкесінің аты (бар болса), тегі
 не заңды тұлғаның толық
атауы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі
немесе бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
____________________________
(жеке басын куәландыратын
құжаттың деректемелері)
____________________________
жеке тұлғаның немесе өкілдің
заңды тұлғаның
 байланыс телефоны (бар болса),
____________________________
орналасқан жері, мекенжайы
(заңды тұлғалар үшін)
____________________________
немесе тұрғылықты мекенжайы
(жеке тұлғалар үшін)

 Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар беру туралы өтініш

       ________________________________________________________ салу үшін

       (жоспарланған құрылыс объектісінің атауы, қабаттылығы)

       ______________________________________________________ орналасқан

       жер учаскесінің орналасқан жері)

       ауданы __________ гектар жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану

       құқығымен ____________жыл мерзімге беруіңізді сұраймын.

       (құрылыстың болжамды ауданы) ___________________________

       Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

       пайдалануға келісемін.

       Электрондық немесе қағаз форматта сұралып отырған жер учаскесін орналастырудың

       ахуалдық схемасы өтінішке қоса беріледі.

       Көрсетілетін қызметті алушы _________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

 

"Республикалық маңызы бар
қала, астана, облыстық
және аудандық маңызы бар
қалалар шегінде жер
учаскесіне құқықтар алу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

       Нысан

 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _____________________

       Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының

       1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Республикалық маңызы бар қала, астана,

       облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу"

       мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, себебі

       ____________________________________________

       ______________________________________________________________________

      (бас тарту себебін санамалау)

       Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі)

       жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды

       білдіре аласыз (қажеттісін жазасыз):

       _____________________________________________________________________

       (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өтетін орны (тәсілі): мекенжайдағы

      ғимаратта/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)

       Көрсетілетін қызметті беруші _______________________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      20 ___жылғы " " _________

 

«Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес көрсетеді.
Дата публикации
05 февраля 2025