Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектігі бар жандарға 2024 жылдың қорытындысымен:
1)«Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 56 өтініш түскен, оның 9-электронды үкімет egov, 11-проактив , 36-мемлекеттік корпорация арқылы;
2) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» - 66 түскен, оның 19-электронды үкімет egov, 47-мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» -223 түскен, оның 11 -электронды үкімет egov, 207 -мемлекеттік корпорация және 5-бөлім арқылы;
4)«Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»-907 өтініш түскен, оның 189 -электронды үкімет egov, 89-проактив , 627-мемлекеттік корпорация және 2-бөлім арқылы;
5) «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 387 өтініш түскен, оның 50 -электронды үкімет egov, 27-проактив , 292-мемлекеттік корпорация және 18-бөлім арқылы;
6) «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»- 542 өтініш түскен, оның 112 -электронды үкімет egov, 43-проактив , 351 -мемлекеттік корпорация және 36-бөлім арқылы;
7)«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 159 өтініш түскен, оның 2 -электронды үкімет egov, 146 -проактив , 11-мемлекеттік корпорация арқылы;
8)«Есту кемістігі бар мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» - 32 өтініш түскен, оның 2 - электронды үкімет egov, 30 - проактив арқылы;
9) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» 3-өтініш электронды үкімет egov арқылы түскен.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар жандар үшін түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.
Атап айтсақ, бөлімнің әлеуметтік желісіне - 40 хабарлама, бөлім қызметкерлерімен мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен - 10 дөңгелек үстел, 3 - рет бөлім қызметкерлерімен «Ашық есік» күні, 2 - рет тікелей эфир және жергілікті бұқаралық ақпарат құралына 4 - мақала жарияланды.
«Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы - 1463 мүгедектігі бар жан қызмет алған, оларға бөлімнен бір қызметкер арнайы бөлінген.
Анықтама ретінде, қазіргі таңда аудан бойынша барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар саны -2820 адам, оның ішінде 1 топ-249, 2 топ-964, 3 топ-1070 және мүгедектігі бар балалар саны-537.
Мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша өтініштер мемлекеттік корпорация, электрондық үкімет e-gov және проактив түрінде қабылдануда.