Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың 2024 жылдың I жартыжылдығында қала, кент және ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесуі барысында түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы

№

Мәселенің қысқаша мазмұны

Орындалысы

Құлсары қаласы

1

Қожағұлов көшесінде тасқын судан кейін шыққан тұрмыстық қалдықтарды алу

Қала ішіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды "Эко Қала ХХІ" ЖШС-гі алу жұмыстарын жүргізеді. Қожағұлов көшесіндегі тұрмыстыық қалдықтарды алу жұмыстары жүргізілді.

2

Құлсары қала ішілік жолдарды тез арада жөндеу жүргізу

Құлсары қаласы «Атырау» ықшам ауданында ұзындығы 22,1 шақырым қала ішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.  8 шақырым автокөлік жолына ірі түйірлі асфальт жабынды төселді. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталады.

*** Мердігер мекеме  "Атырауинжстрой-АИС" ЖШС. 

Сонымен қатар Құлсары қаласында 31,8 шақырым автомобиль жолдарын қайта жаңғыртудың 3-кезеңі жұмыстары аяқталуда. Қазіргі таңда жолдың жиектерін салу жұмыстары жүргізілуде.

 *** Мердігер мекеме "Казкомсервис" ЖШС.

Бұдан бөлек Құлсары қаласының 8 көшесіне автокөлік жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда 7 көшенің жол жөндеу жұмыстары толық  аяқталып,  қалған 1 көшенінің  (Қашаған көшесі)  жөндеу жұмыстары басталып, жыл аяғына дейін аяқталады.

 *** Мердігер мекеме "АВС Лимитед" ЖШС.

(8-көше: Махамбет даңғылы, М.Таңқыбаев, З.Есенов, Б.Өтеулиев, Ы.Мұхамбетов, Ш.Оразалиев, Ұ.Абдрахманов,. К.Қашаған).

«Болашақ» ықшам ауданында жаңадан салынған тұрғын үйлер орналасқан жерлерге кварталішілік ұзындығы 4,4 шақырым автокөлік жолдарын салу жұмыстары аяқталды.

 *** Мердігер мекеме "Казкомсервис" ЖШС-гі.

Құлсары қаласы 1 ықшам ауданындағы, Махамбет даңғылындағы Ұ.Абдрахманов көшесіндегі, И.Тайманов көшесіндегі автомобиль көпірлеріне күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтуде. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға жоспарланған.

***Жобалаушы мекеме "CRB Construction" ЖШС-гі.

3

Басшы ата зиратының аумағын қалпына келтіру

Жылыой ауданы аумағында көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен "Басшы ата" зиратының қоршауын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Мердігер "ЖК Жанаев".

4

«Болашақ» ықшам ауданында салынып жатырған  жаңа үйлерді сапалы салынуын қадағалау

«Болашак» ықшам ауданында салынып жатырған жаңа үйлерді сапалы салынуын қадағаланды.

5

Су тасқыны салдарынан апатты деп танылған үйді бұзу жұмыстарына 6 айға дейін уақыт беру

Су тасқыны салдарынан апатты деп танылған үйді бұзу жұмыстарына а.ж қараша айына дейін уақыт берілді.

6

Сайдың жағасындағы үйлерге техникалық бағалау жүргізу

Тұрғындардың өтініштері қабылданып, комиссия қарауына ұсынылды.

Жаңа Қаратон кенті

7

Кенттегі булану алаңын қоршап беру

Кенттегі булану алаңына рекультивация жасау үшін ЖСҚ жасақтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы қорытындысына сәйкес "СК раол Инвест" ЖШС-гі жеңімпаз болып табылды. Қазіргі таңда ЖСҚ жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды.

8

Кент ішіне жаяу жүргіншілер жолын салу

Кентке 20 км жаяу жүргіншілер жолын салуға жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынды. Мемлекеттік сатып алу ұйымдастыруға қаражат қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылуда.

9

Балалар ойын алаңын салып беру

№22, №23 мектептердің ауласына спорт алаңдарын салуға және «Қорқыт ата» көшесіне футбол алаңы балалар ойын алаңымен бірге салуға мердігер мекемені анықтау үшін Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес конкурс жарияланып, 2 мектептің ауласына салынатын спорт алаңдарының құрылысын жүргізуге "Орлан" ЖШС-гі жеңімпаз атанып, құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.                                                    

*** Мердігер "Орлан" ЖШС-і.

"Қорқыт ата" көшесіне салынатын футбол алаңы мен балалар ойын алаңының құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді. Мердігер мекеме "CLIMA ENG" ЖШС-гі жеңімпаз атанды. Қақіргі таңда талон алу жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы құрылыс жұмыстары басталады.                     

10

№22 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Жаңа Қаратон кентіндегі №22 жалпы орта білім беретін мектепке күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге ұсыныс берілді. Ғимаратқа техникалық зерттеу қорытындысы, ПИР құжаты  жасақталды. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттама жасақтауға қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялау үшін бөлінген қаржы жоспарға енгізілді. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың І жартыжылдығында бастау жоспарлануда.

11

Көршісі тұрғын үйді мақсатты пайдалануына зерделеп, тиісті шара қабылдау. Мәселені шешіп беру

Жаңа  Қаратон кенті, Бастау көшесінің тұрғыны Төлегенов Ахметжанның өтініші бойынша облыстық жер инспекциясына 06-03-11/277 санмен хат жолданып, хатта құжаттардың толық еместігін, тексеру жүргізуге және шарасын алуға мүмкіндік жоқ екендігін  көрсетіп кері қайтарды.

12

Жаңадан берілген жерлерге грейдер жол салып беру

Жаңа Қаратон кентіндегі жаңадан берілген жерлерге асфальт қалдықтары төгілді. (Айнабұлақ көшесі)

13

Қолданысқа берілген асфальт жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу

Кент ішіндегі асфальт жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

14

Су беру станциясына дизель генераторын қондыру

Кенттегі дизельдік генераторын сатып алу және қондыру бойынша баға ұсынысы тәсілімен жеңімпаз "Тәуекел" ЖК болып анықталды. Кенттегі су айдау станциясына дизелді генератор орнатылды.

15

Жылдамдығы төмен интернет желісін ретке келтіру

Жаңа Қаратон кентінде интернет желісінің сапасыздығы туралы "Қазақтелекомға" АҚ-на хат жолданды. Қазіргі тааңда бұл тұрғын "Қазақтелеком" АҚ қызметін алып отырғандықтан "Hiper" ЖК қызметтері ұсынылды. "FiberNet" қызметтері кентке интернет желісі жүргізгізілді.

16

Трансформатор тоқ көтермейді. Тоқ қуаты әлсіз. Мәселені шешіп беру

Б.Рзиев көшесіндегі 1000-дық КТПН-7/18 ф/1-дің тоқ желісінің өшіп қалу себебі ауа райының қолайсыздығына байланысты қатты найзағай ойнап, кент ішіндегі кейбір КТПН-дарға қолайсыз жағдай туғызған болатын. Алайда мердігер мекеме ЖК Жумагалиевпен уақытында тиісті шаралар жүргізіліп, қалпына келтірілді. Сонымен қатар, аталған КТПН-7/18-ге тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде  КТПН-7/18-дің кернеуі 1440 кВт. Тұрғындардың тұтынып отырған кернеуі 480 кВт. Әлі де 1000 кВт тұтынуға жеткілікті.

17

Б.Рзиев көшесінде жанбайтын көше шамдарын ретке келтіру

Б.Рзиев көшесіндегі көше жарығы толықтай қалпына келтірілді.

18

Көршісі тұрғын үйді мақсатты пайдалануына зерделеп, тиісті шара қабылдау

Жаңа Қаратон кентіндегі Заңғар көшесі №535 үй тұрғыны Есказиев Панкерейдің көршісі Ақжайық көшесі №596 үй тұрғыны Жайсманов Аширбек қорасын толықтай бұзып, орыны тазаланды.

19

Түнгі мезгілде жұмыс істейтін Ерқосай шағын маркетіне қатысты шаралар қабылдау

"Ерқосай" шағын маркетіне әкімдік қызметкерлерімен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Түнгі 01:30 дейін жұмыс жасайды.

20

Үйінің қасында 2 тұрғын үй қараусыз қалған. Мәселені шешіп беру

Жаңа Қаратон кенті, Өркениет көшесі № 867 В және №867 Д тұрғын үйлерінің иелері анықталып, тұрғын үйдің айналасын реттеу туралы ескертілген болатын. Аталған тұрғын үйлердің иелері Құлсар қаласы мен Қосшағыл ауылының тұрғындары екені анықталды. Мәселені шешу мақсатында тұрғын үйлердің айналасы жинақталып, шарасы алынды.

21

Көршісі ауыр жүк көліктерін жөндеу кезінде  жанар жағар майды төгіп, көшені бүлдіруде. Тиісті шаралар қабылдау

Жаңа Қаратон кентіндегі №870 А үйдің тұрғынына ескертпе беріліп, тұрғын үйдің айналасы жиналды.

22

Футбол алаңына жарық қондыру

№ 23 мектептің футбол алаңының жарықтары қалпына келтірілді.

23

Көшедегі мопед жүргізушілеріне шара қолдану

Жылыой ауданы полиция бөлімінен 2 учаскелік полиция бөлінген. Кент ішінде түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырылып, қызметкерлермен жұмыстарын атқаруда.

24

Кенттің ішіне техникалық суды жүргізу

Жаңа Қаратон кенті бойынша тұрғындарға қосымша техникалық су желілерін жүргізу үшін кентті техникалық сумен қамтамасыз етіп отырған "Теңізшевройл" ЖШС-не су көлемін көбейту жөнінде хат жолданды. Аталған мекеменің жауап хатына сәйкес, су мөлшерін көбейтуге мүмкіндік жоқ.

Ақкиізтоғай ауылдық округі

25

Жаңадан салынып жатырған үйлерге инфрақұрылым (тоқ, газ, су) жүргізу жұмыстарын мерзімінде аяқтау

Ақкиізтоғай ауылдық округінде жаңадан жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жерлерге ауыз су желілерінің құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын жобалаушы мекеме "КБ-МунайГазИнжиниринг" ЖШС-мен жасақталып. № EXENG-0020/23 24.04.2023 жылы  сараптама қорытындысы алынды.

*** Мердігер мекеме «Сұңқар Құрылыс» ЖШС-гі.

 Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың шілде айында басталды. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ақкиізтоғай  ауылына  жаңадан жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жерлерге электр желілерінің құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын жобалаушы мекеме "RedLainPro" ЖШС-мен жасақталып. №KazE-0135/23 24.07.23 жылы  сараптама қорытындысы алынды.

*** Мердігер мекеме «Сұңқар Құрылыс» ЖШС-гі. Жобаға өзгерістер енгізілуде.

Ақкиізтоғай ауылының жаңадан жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жерлерге газ желілерінің құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын жобалаушы мекеме "RedLainPro" ЖШС-мен жасақталып. № KazE-0136/23 01.08.2023 жылы  сараптама қорытындысы алынды.

*** Мердігер мекеме «Урал Комплект-KZ» ЖШС-гі. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың шілде айында басталды. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

26

Су мұнарасын іске қосу

Ауыз су мұнарасын іске қосу жұмыстары демеушілік мақсатта жасақталатын болады. Қазіргі таңда қолайлы ауа-райы күтілуде.

27

Ауыл ішілік тоқ желілерін іске қосу

"Ақкиізтоғай ауылдық округі электр желілерін қайта жаңғырту" жобасы бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрақты тоқ көзіне қосылды.

*** Мердігер мекеме – "Еламан Ойл" ЖШС-гі.

28

Ауылға жаңадан тартқан көше жарығының бағаналарын ретке келтіру

Округке көше жарығын жүргізген мердігер мекеме «Компания Казакстан Электрокомплекс» ЖШС-нен бригада келіп бағаналарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

29

Бүлінген Ақкиізтоғай-Құлсары тас жолын ретке келтіру

Табиғи су тасқыны салдарынан бүлінген автөкөлік жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

30

Ауылдағы Қазақтелеком мекемесіне қарасты байланыс бағаналарын ауыстыру

Ақкиізтоғай ауылдық округіндегі Қазақтелеком мекемесіне қарасты байланыс бағаналары ауыстырылды.

Жем ауылдық округі

31

Су тасқыны кезінде ауылға салынған бөгеттерді тазалау жұмыстарын жүргізу

Су тасқынына қарсы салынған бөгеттердің қапшықтарын тазалау Тұрғызба ауылын айнала судан қорғаныс дамбаларын 11 км қайта салу кезінде түгелдей орны тегістеліп, алынатын болады.

32

Ауылға жүргізілген сымсыз интернет дұрыс жұмыс жасамайды. Мәселені шешіп беру

Тұрғызба ауылының шығыс бағытын қамтитын сымсыз Интернет жүйесін жақсарту бағытында қызмет көрсетуші "Hyper Optic" ЖШС мен "Қазақтелеком" АҚ арасында келісім-шарт жасақталып, орталық жүйені монтаждау жүргізілуде. Монтаждау жұмыстары аяқталғасын, 2025 ақпан айының ішінде  тұрғындардың роутерлеріне баптаулар жасап, жүйе толықтай жұмысқа кіріседі.

33

Төлеген шағылға Бимырза, Мойнақты, Қошан арқылы өтетін өткел салып беру

2024 жылы 7 қазанда Төлегеншағылға, 2024 жылы 11 қазанда Қосжанға, 2024 жылы 16-17 қазанда Бимырзаға (Аққұдық-Біл), 2024 жылы 6 желтоқсан -14 желтоқсан аралығында Мойнаққа  өткелдер салынып, пайдалануға берілді.    

34

Тұрғызба ауыл ішілік 2,8 шақырым тас жолының құрылысын  жүргізуді аяқтау 

Тұрғызба ауылішілік 3,4 шақырым жол салу жұмыстары толығымен аяқталды.

*** Мердігер мекеме «Казкомсервис» ЖШС-гі.

35

Тұрғызба-Құлсары бағытындағы ескі қоғамдық көліктің орнына сыйымдылығы үлген жаңа көлік алуды қарастыру

Тұрғызба-Құлсары бағытындағы ескі қоғамдық көліктің орнына 2024 жылдың 28 маусымнан бастап жаңа көлік жүргізілді және соңғы аялдамаға дейін тұрғындарды тасымалдауда.

36

«Ақ бұлақ» бағдарламасы арқылы беріліп отырған ауыз судың жүру мезгілін реттеу

Ауыз судың жүру мезгілі реттелді.  Жазғы мезгілде күнделікті таңертең сағат 06:00-ден 12:00 арасында, кешке 18:00-20:00 аралығында берілді. Қазіргі таңда күзгі-қысқы кезеңде ауыз су тәулік бойы берілуде.

37

Ақкиізтоғай ауылынан бастап Пілге дейінгі аралықта арнасы қазу мүмкіндігін қарастыру

2024 жылы 3 шілде күні Құлсарыда "Казгипроводхоз институты" ЖШС мамандарымен болған кездесуге Қ.Бекболатов тұрғындармен бірге қатыстырылып, сол жерде ауызша тікелей түсінік берілді.

Қара Арна ауылдық округі

38

Бала бақша құрылысын бастап, іске қосу

Ауылға 280 орындық балабақша құрылысын салу «ТШО» мекемесі "Игілік" бағдарламасы аясында жоспарланған. Қазіргі таңда тендерлік рәсімдер аяқталды. Келісім шартқа отыру процессі жүргізілуде.

39

Құлсары қаласындағы Басшы ата зиратының қасындағы жолдың екі жанын ретке келтіру

Жол жиектерін ретке келтіруге "Қазавтожол" АҚ-ға хат жолданды. "Қазавтожол" АҚ-ы мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Алайда, конкурсқа ешкім түспеді.

40

Атырау-Құлсары республикалық маңызы бар автомобиль жолына әжетхана орнату жұмыстарын қарастыру

Атырау-Құлсары автомобиль жолына әжетхана салу бойынша "Қазавтожол" АҚ-ға хат жолданды.

41

Тоқ қуаты аз желілерді ретке келтіру

Шоқпартоғай ауылының ток желілерін қайта жаңғырту жұмыстары бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылдан бастап жүргізіліп, жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты тоқтап тұр. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде. 

 *** Мердігер мекеме "Жайық жарығы" ЖШС-гі.

42

Құлсары қаласы ішіндегі автомобиль жолдары көпірлерін биіктету

Құлсары қаласы Н.Арқабаев көшесі бойындағы көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұ.Абдрахманов көшесіндегі көпірді күрделі жөндеу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. Одан бөлек И.Тайманов, Махамбет даңғылында орналасқан 2 көпірге күрдел жөндеуге ЖСҚ жасақталуда.

43

Атырау-Құлсары, Маңғыстау-Құлсары  бағытындағы ауданға кіре беріс жолдардың бойындағы баннерлерді жаңарту

Атырау-Маңғыстау республикалық тас жолына баннерлер орнату мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы ІІ-тоқсанда бастау алады.

44

Қыстың мезгілінде қызметтік пәтердің   ауыз су желісі  қатып қалады.  Мәселені шешіп беру

Мәселені шешіп беру бағытында демеушілікпен 4 битум құдығы (колодец) қақпағымен, табаны және су жүйесін жүргізетін құрал-жабдықтар демеушілік көмекпен әкелінді. Жері қазылып, негізгі су жүйесі жүргізілді.  ЖК "Жылыойсу" мекемесі қосып беру жұмыстарын жүргізетін болады.

45

Ауылдағы газ желілерін сырлау жұмыстарын жүргізу

Газ желілерін сырлау жұмыстары "Жылыойгаз" ЖШС-нің 2025 жылдың мамыр айына жоспарланған.

46

Таскарин көшесінің кіре беріс жеріндегі жолды тегістеп беру

Ауылдағы 3 км 400 метр тас жолын "КазкомСервис" мекемесі аяқтауға келгенде, сол мекеме арқылы автогрейдермен тегістеп беру көзделуде.  Тас жол құрылысы аяқталды,  бірақ кіре беріс жердегі жолды тегістетуге шебін немесе  фреза  төгіп тегістеу керек болатын, жұмыстары жасалған жоқ.

47

Қабас учаскесіне шлюз салу

Жылыой ауданының  2022-2026 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізілді. Бірақ оның бәріне уақыт талап етеді. «Казгидроводхоз» жобасы аясында болашақта жүзеге асуы қажет.

48

Гемодиалез орталығы ғимаратының  есігінің алды төмен болуына байланысты мәселені қарастыру

Аудандық орталық ауруханадан Гемодиалез орталығы үшін орын (кабинет) бөлінді.

49

№469-470 разъезд аралығындағы  темір жолды қоршау жұмыстарын жүргізу

Ауыл тұсындағы 1254 км-дегі көпірден өткелге (переездге) дейін шпалдан бағаналар қойылып, тікенек сым жүргізіліп, тартылды.

50

Ауылдық дәрігерлік амбулатория алдына автотұрақ салу

Биыл ауылға 3 жерге автотұрақ салу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Автотұрақ ауылдық дәрігерлік амбулаторияның, мәдениет үйінің және жаңадан салынатын бала бақшаның алдына салынды.

51

Ақжал көшесі №224 тұрғын үйдің қасындағы газ желісін  көтеру

Шоқпартоғай ауылына ауылішілік тас жолдарын төсеу кезінде газ желісі жер астымен жүргізілді. 

52

Шоқпартоғай кірме тас жолдың бойындағы топырақты алу және екі қапталын шөптен тазарту 

2024 жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, Құлсары-Шоқпартоғай бағытындағы тас жолдың екі қапталын шөптен тазарту,  жол белгілерін күтіп ұстау, 4 көпірді сырлау жұмыстарын "Аслим -2008" мекемесі ұтып алған. Қазіргі таңда көпірлер сырланды. Шөбі шабылды, тасқын кезінде  үйілген топырақтар алынды.

53

Атырау-Құлсары республикалық маңызы бар тас жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

Жеңіл жөндеу жұмыстары жүргізілді.

54

Ауылда түнгі мезгілде жүріп, қоғамдық тыныштықты сақтамайтын  мотоцикл мен мопед жүргізушілердің  шарасын алу

Аудандық полиция бөлімі арқылы учаскелік инспектор (МАЙ) қызметкерлері бірлесіп тұрақты рейд ұйымдастыру қажет. 22 шілдеде бастап рейд жүргізілді.

55

Ауылда үзіліп қалған интернет желілеріне бағана орнату

Шоқпартоғай ауылы бойынша үзіліп қалған (Қазақстан көшесі №462 үй ) интернет желілер жасалды, жерде жатырған желілер бағанаға тартылды, орындалды.

56

Пойыздың келуін хабарлайтын дабыл сиренасы уақытылы қосылмайды және Сергек бейне бақылауын алып тастауды қарастыру

Құлсары сигнализация және байланыс басшысы Е.Е.Атшыбаевқа 23.07.2024ж № 06-03-15/75 санды хат жолданды.  Шоқпартоғай ауылы темір жол өткеліне қондырылған «Сергек» бейнебақылау камераларының 1 данасы қозғалмалы, 1 данасы  бекіту (фиксация) жасайтынын, орын алған құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркемейтінін, нақтылап айтқанда, құқық бұзушылық бөлімінің жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтаған жағдайда ғана әкімшілік хаттама ашылып, айыппұл салынатындығы туралы хатпен Ішкі істер бөлімінен және 08 маусым 2017 жылғы бекітілген «ЦШ/1329-И» телеграммалық бағыттаманың бұйрығы бойынша, Мақат-Бейнеу-Маңғыстау телімі аралығымен «Тальго» жолаушылар поезы 140 шақырым/сағатымен жүруіне байланысты күзетсіз өткел сигналдары қауіпсіздік мақсатында ерте қосылатындығы туралы хатпен темір жол байланыс мекемесінен жауаптар келді. Әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарға хабарланды.

57

Есен және бұрынғы полиция бекеттінде орналасқан шайханаларды айналасын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізуге иелеріне ескерту беру

"Есей" шайханасы басшысы Қ.Байжановқа 05.07.2024 ж №06-03-15/58 хат жолданды. Шайхананы бұзылатындығы жеткізді. Бірақ арнайы техникалары  жоқтықтан бұзу тоқтап тұр.

58

«Қосжан Ата» қауымы  тұсында 1256 км жерде сайға  түтік салу

"Қосжан-Ата" қауымы тұсынан, 1256 км жерде Жем өзенінің суын шығыс беттен, батыс бетке өткізу мақсатында теміржол астына түтік салу жөнінде Астана қаласындағы Жол шаруашылық бөлімінің бастығы А.Бубикановқа қызметтік хат жолданатын болады делінген. Құлсары жол дистанциясы бастығы Н.А.Байбосыновтың 09.07.2024 ж № 739 хаты. Бұл күрделі жұмыс, түтік салу мүмкін емес, ұзақ уақытқа кетеді. Уықбай көпірі астын тереңдету, аршу, қазу жұмыстарымен іске асады батыс бетке су шығару.                                                                                  *** Ауыл тұрғындарына түсінік жұмыстары жүргізілді.

59

«Дүйсеке ата» көпірі тұсында орналасқан шаруа қожалықтың шабындық жеріне су шығару мақсатында Жем өзенінің жарылған сағасын азайту

Д.Балжігітовке шабындық жеріне су шығару үшін жырылған Жем өзенінің сағасын тарылту туралы ескертілді, негізі жайылымға шығатын өзен суының Шоқпартоғай  тас жолынан өтетін тұсындағы бұрыннан су өткізуге салынған екі бетон трубаға қосымша тағы екі труба салынса су кедергісіз өтетін болады. Қосымша Жем арнасын аршу, тереңдету жұмыстары жүргізілген кезде бұл сағалар биікте қалады, судың алқапқа  шығу деңгейі  күрт төмендейді, қазір зерделенуде бұл сағалар құмығып, көміліп қалған.

Қосшағыл ауылдық округі

60

Интернет мәселесін шешіп беру

Қарағай елді-мекеніне интернет желісін жүргізу бойынша «Қазақтелеком» АҚ-ның 15.10.2024 ж. шығыс №12 хатына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ 2025 жылғы жоспары бойынша БКВ-2025 –ке техникалық сараптамалық экспертизаға ұсынылды.

61

Құрсай өзегінің арғы бетіне өту үшін көпір салу мәселесін қарастыру

Құрсай өзегінің арғы бетіне өту үшін көпір салу мәселесі демеушілік арқылы жасауға  келіссөздер жүргізілуде.

62

Ескі ағаш тоқ бағаналарын жаңарту

Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай елді мекеніне 2022 жылы демеушілік көмекпен  40 бағана орнатылып, жаңадан сип кабель жүргізілді. Аталған электр желісі толыққанды елді-мекенді қамтымайды. Осыған орай, «ЭнергоСервис ЭТЛ» ЖШС-гі  Қарағай елді мекенінің электр желісін қайта жаңғырту жобалау сметалық құжаттама жасақталды. Алайда «Атырау Жарық» АҚ-ы тарапынан берілген техникалық шартқа сәйкес жобалаушыға бөлінген соммаға жетпейтіндігін ескертіп, сотқа талап арыз жолданды.

Аталған жобаны іске асыру арқылы ағаш бағаналары жаңартылатын болады.

63

Елді мекеннің газ мәселесін шешіп беру

Елді-мекеннің газ мәселесі: Тұрғынмен кездесіп газ желісін жүргізу үшін «Жылыойгаз» ЖШС-не өтініш беру арқылы жоба жасау қажеттігі түсіндірілді.

Қыстайтын 4 үйге газ жүйесі жүргізілді.

64

Футбол алаңына жарық (прожектор) қондыру

Футбол алаңына жарық қондыру үшін 3 дана бағана және прожектор қондыру қажет. Жарық шамдары (прожекторлар) сатып алынып, қондырылды.

65

Орталыққа қатынайтын қоғамдық көлікті бөлуді қарастыру

Құлсары – Қарағай – Құлсары  бағытында 1 ай қоғамдық көлік жүргізілген болатын. Алайда, қоғамдық көлікпен қатынайтын тұрғындар саны аз және бос барып қайтуына байланысты қоғамдық көлік жүргізуі тоқтатылды.

Майкөмген ауылдық округі

66

Ауылішілік ток желісін мерзімінде аяқтау

Ауылды электр желілерін толықтай қамту мақсатында жоба аясында ауытқулар болуына байланысты жобаға түзетулер енгізуге шешім қабылданды. Бүгінгі таңда жоба сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы күтілуде.

*** Мердігер мекеме "Монолит - Дизайн 2030" ЖШС-гі.

Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың наурыз айында басталды.

67

Теміржолдың айналасына қоршау жұмыстарын жүргізу

"Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-ның Құлсары жол дистанциясының 2025 жылдың шілде айында 465 бекеттен Майкөмген бекеті-467 бекет аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

68

Сенбі-жексенбі күндері ауылға келетін автобустың орнына сыйымдылығы үлкен көлікпен жаңартуды қарастыру

"Батыс Тех Инвест" ЖШС ауылдың екі жақ бетіне екі автобус шығарды. Жолаушылардан автобус сыйымдылығы жөнінде, уақытқа қатысты шағым түскен жоқ.

69

Ауылды құм көшкінінен тазалау үшін көлік бөлу

"Теңізшевройл" мекемесінің демеушілігімен ауылды құмнан тазарту жұмыстары жүргізілді. Ауылдан 5500 тонна құм шығарылды.

Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың 2024 жылдың I жартыжылдығында қала, кент және ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесуі барысында түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы
Дата публикации
27 января 2025