Жылыой аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету
2024 жылғы 8 желтоқсанда Жылыой ауданында №1 сайлау округінде аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді. Сайлау кезеңінде барлығы екі сайлау учаскелері (№93,№94) қызмет көрсетеді.
Сайлау кезеңінде және дауыс беру күні сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға дауыс беруге арналған үй-жайларға кедергісіз кіру үшін жағдайлар қамтамасыз етілген. Оның ішінде есту, көру қабілеті, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, сондай-ақ басқа да қауқары аз азаматтар үшін бөгде адамдардың көмегінсіз жасырын дауыс берулеріне жағдайлар жасалған.
Барлық сайлау учаскелері ғимараттардың бірінші қабатында орналасқан, ыңғайлы пандустармен, тактильді және қозғалыс бағытының көрсеткіштерімен қамтамасыз етілген.
Сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы бұрыштар жасақталады. Сайлау учаскелері сайлау бюллетеніне енгізілген кандидаттар туралы ақпарат, сайлау бюллетенін толтыру үлгісі және өзге де ақпарат (аудио, бейне файлдарда) орналастырылатын компьютерлермен жабдықталатын болады.
Көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдардың сайлау бюллетеньдерін өз бетінше толтыру үшін шаршы ойықтары бар трафареттер дайындалады.
Дауыс беру күні Құлсары қаласында инватакси қызметі ұйымдастырылады.