№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жылыой аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Наурызбеков Ербол Джалгасовичты кандидат ретінде тіркеудің күшін жою туралы округтік сайлау комиссиясының хабары
Жылыой аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №1 бірмандаттық аумақтық округтік сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 105-бабы 1, 3-тармақтарына сәйкес, кандидат Наурызбеков Ербол Джалгасовичтың өз кандидатурасын кері қайтарып алу туралы өтініші негізінде, кандидат ретінде тіркеу туралы 2024 жылғы 1 қарашадағы №6 хаттаманың күші жойылды.
№1 бірмандаттық округтік сайлау комиссиясы