2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған
№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған Жылыой ауданы мәслихаты депутатының орнына сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-1-бабының 6) тармақшасына және 104-бабының 6-1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жылыой ауданы мәслихатының депутаттығына кандидаттар №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша тіркелді:
Даруишова Алмагул Шынбергеновна, 1975 жылы туған, «Жылыой аудандық кітапхана» мемлекеттік мекемесі №4 Жаңа Қаратон кентінің кітапхана бөлімшесі, кітапханашы, Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны.
Наурызбеков Ербол Джалгасович, 1982 жылы туған, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, басқарма басшысы, Құлсары қаласының тұрғыны.
Сатыбалдиев Амангельди Тенгегалиевич, 1969 жылы туған, Қара Арна ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің «Шоқпартоғай мәдениет үйі» КМҚК, директор, Құлсары қаласының тұрғыны.
Тиісті округтік сайлау комиссиясы