Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Жем ауылдық округі бойынша сайланған әкімнің тіркелгені туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес және 2024 жылғы 15 қыркүйекте болған Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі №5 шешімімен:
Жем ауылдық округінің әкімі болып Куатбаев Нуртас Аминович, 1965 жылы туған, өзін - өзі ұсынған, Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы, Құлсары қаласының тұрғыны тіркелді.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы