Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары

Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің сайлауының

қорытынды хабары

 

        2024 жылы 15 қыркүйекте  Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9) тармақшасы, 44 бабы, 113 – 10 баптарына сәйкес, Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің сайлауының қортындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:

Жем ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 2066 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 969. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 22, «Бәріне қарсымын» белгісін белгіленгендер саны - 101.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ә.Ж.Жандосқа – 211

Н.Ә.Қуатбаевқа – 344

А.М.Мирамбаевқа -291

Жем ауылдық округінің әкімі болып Қуатбаев Нұртас Әминұлы, 1965 жылы туған, Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы, Атырау облысы  Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған кандидат сайланды.

 

 

 

Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары
Дата публикации
16 сентября 2024