Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабы, 9 тармағына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жем ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
1.Жандос Әділет Жандосұлы 1992 жылы туған, Жылыой ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, Құлсары қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
2.Куатбаев Нуртас Аминович 1965 жылы туған, Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы,Құлсары қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
3.Мирамбаев Алдияр Мирамбайұлы 1996 жылы туған, Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы