Атырау облысы, Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Мекеменің мекен-жайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Х.Хабдешова 1, құрылыс 47.
Лауазымдық міндеттері: Қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкің сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды; қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; заңнамаға сәйкес орталық қызметінің қаржылық - шаруашылық нәтижелерінің орындалуын, қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын және толық пайдалануын қамтамасыз етеді, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы- экономикалық қызметіне басшылық жасайды; орталықтың жарғысын бекітеді,оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе өкілеттіктерді тиісті саланың уәкілетті органына береді; орталыққа мүлікті бекітіп береді; орталықты қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды; орталық сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін, қызметкерлерді жауапқа тарту жөніндегі іс-әрекеттер алгоритмі бойынша жұмыс жүргізеді; қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкің сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:
Білімі: жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), «Медициналық», «Құқық», «Экономика», «Педагогика» мамандықтарының біреуі болуы тиіс.
Басшылық лауызымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, Салық кодексін, «Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, басқада лауазымына байланысты заңнамаларды білуге тиіс.
Конкурсқа тапсыруға қажетті құжаттар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
7) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттер төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін ( Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің «Жалпыға бірдей декларациялау» 71-тарауы қолданысқа енгізілуіне байланысты, жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларациясы тапсырылғандығы туралы анықтама.
8) Кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасу үшін адам: адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Қажетті құжаттар жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс:
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Х.Хабдешов 1, құрылыс 47, Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ, байланыс телефоны:8 (71237) 4 84 07.