Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 7 тамызындағы
№3 қаулысына қосымша
2024 жылғы 15 қыркүйегіне тағайындалған
Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен
өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары
|
1. Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкімді) сайлауын тағайындау |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімді сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттігі мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындайды (113-1-б. 1-т. 1) тт., 2-т.)
|
|
2. Сайлау округтің тізімін, олардың шекаралары және орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2024 жылғы 17 тамыздан кешіктірмей (22-б. 2-т.)
|
|
3. Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2024 жылғы 17 тамыздан кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен 2024 жылғы 22 тамыз кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
5. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жылыой ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік 2024 жылғы 22 тамыз дейінгі мерзімде (23-б. 5-т.)
|
|
6. Әкім болуға кандидат ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен 2024 жылғы 8 тамыздан басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда 2024 жылғы 20 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады. (113-3-б. 5-т) |
|
7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.)
|
|
8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттардың «Сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
|
9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттарды қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттардың осы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде (113-4-б. 7-т.)
|
|
10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.)
|
|
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкім болуға кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.)
|
|
14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын 2024 жылғы 25 тамызында жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады (113-5-б.)
|
|
15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жылыой ауданының әкімдігі және Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.)
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Әкім болуға кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2024 жылғы 25 тамыз жергілікті уақыт бойынша 18:00-де басталып, 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен Жылыой ауданының әкімдігімен бірлесіп Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Жылыой ауданының әкімі 2024 жылғы 26 тамыз дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын (24-б. 5-т.)
|
|
20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 тамыз дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда (26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен 2024 жылғы 5 қыркүйектен кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2024 жылғы 12 қыркүйектен ерте емес 14 қыркүйектен кеш емес (37-б. 3-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2024 жылғы 15 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.)
|
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы 2024 жылғы 15 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (41,42-б.)
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы 2024 жылғы 15 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б. 1-т.)
|
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)
|
|
27. Сайлау учаскелесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жеткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.)
|
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2024 жылғы 18 қыркүйектен кешіктірмей (113-10-б.)
|
|
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 21 қыркүйек сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей (44-б., 45-б.)
|
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап 2024 жылғы 21 қыркүйегіне дейін жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден 2024 жылғы 21 қыркүйегіне дейін жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін (45-б. 3-т., 46-б. 1-т., 113-11-б.)
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.